Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кедергісіз орта: Нәтиже мен нақты қадам

Кедергісіз орта: Нәтиже мен нақты қадам

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде 751,8 мың мүгедектігі бар адам тұрады, бұл халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды. Кейінгі жылдары мүгедектікті рәсімдеуге қатысты біраз сын-пікір айтылды. Өңірлерде мүгедектігі бар екенін қағаз жүзінде растауға ақша талап ететіндер бар деседі. Мұндай пікірді бірер адам емес, қиындыққа тап болған ел-жұрттың барлығы айтады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында министрлік медициналық-әлеуметтік сараптаманы цифрландыруды белсенді жалғастырып жатыр. Мысалы, сырттай проактивті форматты енгізген соң, былтыр 113,1 мың азаматқа мүгедектік автоматты түрде белгіленген. Бұл сан былтыр шығарылған шешімдердің жалпы санының шамамен жартысын құрайды.

«Сараптама жүргізу кезінде дерек­терді талдаудың цифрлық құралы ретінде жасанды интеллект моделін сынақтан өткізу басталды. Бұл өтініш­терді өңдеуді жеделдетуге, адами фак­тордың әсерін айтарлықтай төмен­детуге, сарапшылық шешімдердің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді», деп мәлімдеді А.Ертаев.

Министрлік мүгедектікті белгілеу үдерістерінің толық ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді мақсат етіп отырғаны түсінікті. Сол бағытта денсаулық саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ақпараттық деректер базаларын интеграциялау жұмысын жүргізуге белсене кіріскен сыңайлы. Есесіне, бастапқы емханалық буын деңгейінде бақылауды күшейіп, негізсіз шешімдер қабылдау фактілерін мүлде болдырмауға мүмкіндік туады. Яғни бұрын ұзаққа созылатын мүгедектікті рәсімдеу секілді қызметтер ашық әрі оңтайлы бола түседі.

Инклюзивті саясаттың тағы бір маңызды индикаторы – кедергісіз орта қалыптастыру. Сандарды сөйлетсек, былтыр елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 27 307 нысан (64%) бейімделген. Биыл инфрақұрылымды бейімдеу деңгейін 80%-ға (34 320 нысан) дейін жеткізу жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нысандарды формалды қабылдау тәжірибесін жою үшін жергілікті атқарушы органдар жұмысының сапасына бақылауды күшейтті. Әйтпесе, осы уақытқа дейін осы санаттағы адамдардың қозғалысын қиындататын бейімдеу элементтері жиі кездесіп келді. Әсіресе өңірлерде арбадағы адамға мүлде жайсыз пандус­тар, көру қабілеті бұзылған жандарға қолайсыз белгілер әлі көп. Елордада бұл бағыттағы жұмыстарға Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті де қатаң мониторинг жүргізеді. Негізі департамент ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығын қорғау, қолжетімді кедергі­сіз орта қалыптастыру, жергілікті ат­қарушы органдардың арнаулы әлеу­меттік қызметтер көрсету мәселелері­не қатысты мемлекеттік бақылауды іске асырады. Астана қаласы бойын­ша Халықты әлеуметтік қорғау сала­сындағы реттеу және бақылау коми­теті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері төрт айда департамент Әлеуметтік кодекс талаптарының сақта­луына қатысты 17 тексеру жүргізген.

«Таратып айтсақ, жоспардан тыс 8 тексеру, бір мәрте профилактика­лық тексеру жүргіздік. Прокуратура органдарымен бірлесіп өткізген 8 тексеру тағы бар. Осы жұмыс барысында мүгедек­тігі бар адамдарды әлеуметтік қор­ғау саласындағы заңнама талаптары­ның 47 бұзушылығы анықталды. Заң бұзушылықтардың 43-і әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеуге қатысты болса, тағы төртеуі заң бұзушылық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне байланысты болды. Анықталған барлық фактіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Бұзушылық­тар үшін айыппұл салынды», дейді А.Аймағамбетов.

Жүргізілген тексерулердің нәти­же­сінде департамент оларды әлеуметтік қорғау саласында анықталған бұзушы­лықтарды жою туралы 6 нұсқама шығар­ған. Жалпы сомасы шамамен 2 млн тең­гені құрайтын 6 әкімшілік айып­пұл салынған. Сол секілді есепті кезеңде Астана қаласының мамандандырылған аудан­аралық экономикалық сотына анық­талған бұзушылықтарды жою ­туралы нұс­қаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты 6 талап арыз жіберілген. Шын мәнін­де осындай нақты қадамдар ғана мүге­дектігі бар адамдардың құқығын қор­ғауды қамтамасыз етіп, әлеуметтік инфра­құ­рылым нысандары иелерінің жауап­кер­шілігін күшейтуге іс жүзінде ықпал етеді.

Қолжетімді орта қалыптастыруға қатысты үйлескен жұмыстарға қара­мастан, әлеуметтік және көлік инфра­құрылымының көптеген нысандары әлі де мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жекелеген санаттарына қолжетімсіз. Астана қаласының өзінде шамадан тыс биік пандустарды айтпаған­да, көру қабілеті бұзылған адамдарға кейбір нысандарда мнемосхемалар, ақпараттық көрсеткіштер, тактильді ақпарат құралдары қарастырылмаған. Сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда шұғыл түйменің болмауы, лифтілерде дыбыстық немесе жарық сигналдарының жоқтығы тіркеліпті.

Кедергісіз орта қалыптастыру жұмыс­тары «Amanat» партиясының сай­лауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында алға басқаны рас. Сол жоспарға сәйкес, биыл жыл соңына дейін «INVA.gov.kz» порталының қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген әлеуметтік маңызы бар нысандардың бейімделу деңгейі жалпы нысандар санының 80%-ын құрауға тиіс. Бүгінде жүйеге Астана қаласының әлеуметтік инфрақұрылымының 2143 нысаны енгізілген. Оның ішінде 1435 нысан бейімделген. Бұл шамамен
67%-ды құрайды. Жоспарды орындау үшін жыл соңына дейін қаладағы 1714 нысанды бейімдеу қажет.

Биыл 1 шілдеден бастап Құрылыс кодексінің 135-бабының нормасы күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәй­кес әлеумет­тік және көлік инфра­құрылымының халықтың жүріп-тұ­руы шектеулі топтары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділік талаптарына сәйкестігін растау функциясы жергілікті атқарушы органдардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі. Жалпы, министрлік мүгедектігі бар адам­дарды сапалы оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге де ба­рынша көңіл бөледі.

Былтыр жыл қорытындысында Әлеу­меттік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен, қызметтермен қамтамасыз етуге қа­тысты 570,8 мың іс-шара іске асты. Осы­ның ішінде көру, есту қабілеті тө­мен пайдаланушыларға бейімделген Aleumet мобильді қосымшасы енгі­зілгенін де айта кеткеніміз жөн. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар балаларды үйде оңал­ту мақсатындағы «Қазақстан хал­қына» қоғамдық қорымен бірлескен жоба оң нәтиже көрсеткен. 508 бала ин­но­вациялық құралдармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 361 балада оң дина­мика тіркеліп, 23 бала өзі жүре бас­таған.

Мүгедектігі бар адамдарды экономи­каға тарту аясында биыл жұмыс беру­ші­лерге жұмыс орындарының квоталарын белгілеу, бақылау үдерісі толығымен автоматтандырылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін трансфор­мациялау жұмысы да жалғасады. Күтім­нің сапасын қамтамасыз ететін міндетті лицен­зиялау енгізілген. Елімізде қазір 603 осындай лицензияланған ұйым жұ­мыс істейді. Бұл бағытта жан басына шақ­қандағы қаржыландыру тетігіне көшу қа­дамы мемлекеттік қызметтерді нақты алу­шыға нақты қызмет көрсету фактісімен қатаң түрде төлейтініне кепілдік береді.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсе­тілетін қолдаулар бір бағытта емес, жан-жақты болғаны дұрыс. Сонда ерекше қабілетті азаматтарға ашық, әділ әрі тиімді жүйе қа­лыптасады. Жалпы алғанда, қыруар жұ­мыстың барлығы тек заңнама талабы­ның, қандай да бір жоспардың орындал­ға­нын емес, қоғамның әлеуметтік жауап­кер­ші­лігінің қай деңгейде екенін көрсетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары