Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

Басқа көлікке ауыстырып тиейді: полиция логистика саласындағы алаяқтық туралы ескертті

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

Сенімге негізделген серіктестік

Сенімге негізделген серіктестік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Суреттерді түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ

Еуропамен әріптестіктің әлеуеті зор

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін айтты. Оның сөзінше, ЕО үлесіне елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы тиесілі. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асқан.

– Бұл жетістік халықаралық деңгейде мойындалды. БҰҰ Сауда және даму ұйымының дүниежүзілік инвестициялар туралы соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан шетелдік инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда бірінші орында тұр. Сондай-ақ посткеңестік кеңістік пен теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер арасында көшбасшылықты сақтап келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 4 мыңға жуық еуропалық компания табысты жұмыс істейді. Олардың қатарында «Airbus», «Polpharma Group», «Air Liquide Group», «Škoda Group» және «Alstom» секілді компаниялар бар. Сонымен қатар Қазақстан еуропалық инвесторлардың жаңа буынын да қолдауға дайын.

– Біз «Roca Group», «Inditex», «Maersk», «Dewulf» және «Damen Shipyards Group» сияқты танымал компанияларды қуана қарсы аламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы сапар барысында жалпы сомасы 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің тұжырымдамалық тәсілдерді пысықтаудан нақты әрекетке ұласқанын аңғартады.

Президент Қазақстанның кейінгі жылдардағы экономикалық табысы және аталған нәтижеге жеткізген жүйелі өзгерістер жайында мәлімет берді.

– Қазақстан экономикасы орнықтылық көрсетіп, жедел дамып келеді. Былтыр ел эконо­микасының өсімі 6,5 пайыз­ға жетті. Бұл – Халықаралық валюта қоры болжаған жаһандық өсім қарқынынан екі есе жоғары. Ішкі жалпы өнім көлемі 305 миллиард доллардан асты, ал жан басына шаққандағы ІЖӨ 15 мың долларды құрады. Халықара­лық валюта қорының болжамы бойынша, биыл ұлттық экономика көлемі 360 миллиард долларға жетеді. Қазіргі уақытта экономикамыздың 40 пайызға жуығын шағын және орта бизнес құрайды. Олар негізгі капиталға салынатын инвестицияның шамамен 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бұл жетістіктерге, сайып келгенде, кешенді әрі жүйелі реформалар түрткі болды. Қазақстанда барынша ашық, бәсекеге қабілетті әрі инвесторларға қолайлы экономика құру мақсатында ауқымды саяси және экономикалық жаңғырулар жүргізіліп жатыр. Біз демократиялық институттарды күшейтіп, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін жетілдірдік, заң үстемдігін орнаттық және адам құқықтарын қорғау аясын кеңейттік. «Заң мен тәртіп» қағидатын мүлтіксіз сақтау ішкі саясатымыздың өзегіне айналды. Таяуда өткен тарихи жал­пыұлттық референдум да инвес­торлардың құқықтары мен мүд­делерін қорғауға арналған заманауи институционалдық база қалыптастыруға септігін тигізді. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа енді инвесторларға «бір терезе» қағидатына сәйкес толыққанды қызмет көрсетеді, ал Инвестициялық кеңес инвес­тицияға қатысты түйткілді мә­се­лелердің тиімді шешілуін қамта­масыз етеді. Сонымен қатар біз жаңа ынталандыру тетіктерін енгізе бастадық. Мысалы, Altyn Visa бағдарламасы халықара­лық инвесторларға салық және көші-қон мәселесінде едәуір жеңілдіктер береді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан – саяси тұрақты, макроэкономикалық көрсеткішткері орнықты, экономикасы ашық әрі нарық реформаларына бейіл ел. Ал мұның бәрін инвесторлар ерекше бағалайды, – деді Мемлекет басшысы. 

Логистикадан энергетикаға дейінгі өзара тиімді ықпалдастық

Дөңгелек үстелде Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына кеңінен тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге Қазақ­станның Еуропаны Орталық Азиямен, Қытаймен, Кавказбен және Таяу Шығыспен байланыс­тыратын өңірлік логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын айтты.

– Біз инфрақұрылымға, атап айтқанда, мыңдаған шақы­рым темір жол салуға және Транс­каспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Бұл күш-жігеріміз Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясымен үйлесіп, Орта дәлізді еуразиялық қауіпсіз байланысқа арналған негізгі әрі орнықты магистралға айналдырады. Көлік инфрақұрылымын жаң­ғырту қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетті. Кейінгі алты жылда аталған бағыт бойынша жүк тасымалы бес есе – жыл сайын 0,8 миллион тоннадан 4,1 мил­лион тоннаға дейін өсті. Дәліздің жүк өткізу қабілетін 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды көздейміз. Бұл меже еліміздің әлемдік логистикада маңызды күрежол ретіндегі позициясын нығайтады. Осы қарқынды сақтау үшін Қазақстан кейінгі 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды. Бүгінде Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау және Құрық порттары халықаралық транзиттің маңызды қақпасы ретінде қызмет етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін Қазақстан даму банкі мен Еуро­палық инвестициялық банк арасында, сондай-ақ құрамына Commerzbank, JPMorgan Chase Bank және Standard Chartered Bank кірген Банктер синдикаты MIGA (Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттіктің) кепілдігімен қол қойылған, құны шамамен 1 миллиард доллар болатын логистикалық инфрақұрылым саласындағы келісімді құптады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міздің аса маңызды минералдарды игеру бағытында Еуропаға сенімді серіктес болуға дайын екенін мәлімдеді.

– Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тіз­бесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз «офтейк» негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсына­мыз. Бұл шикізатты өз елімізде өңдеп, қосылған құны жоғары өндіріс тізбегін құруға ықпал етеді. Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығының құрылуы – аталған бағыттағы серіктестік­тің нәтижесі. Сонымен қатар Қазақстан жаһандық жаңа энер­ге­тикалық жүйеге көшу бастамасын ілгерілетуге қашанда ынталы. Өздеріңізге мәлім, еліміз ірі уран өндіруші ретінде әлемдегі сұраныстың 40 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Мұнай мен газдың, көмірдің айтарлықтай қоры бола тұра, біз «жасыл» сутегін өндіру жобасын белсенді түрде қолға алдық. Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында литий, никель, ванадий және кобальттың әлі игерілмеген мол қоры бар. Түптеп келгенде, біз серіктестерге өте прагматикалық формула ұсынамыз: яғни стратегиялық ресурстарға қолжетімділікті инвестицияға және технологияға айырбастауға ниеттіміз. Бұл тәсіл Еуропа стандарттарына толық сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Қазақстан Еуропалық Одақты қуат көздерімен қамтамасыз ететін сенімді серіктес әрі кепіл ел ретінде стратегиялық позициясын дәйекті түрде нығайтып келеді.

– Былтыр Еуропа нарығына тасымалданған шикі мұнайдың 13 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Біз еуропалық серіктес­термен жеткізу көлемін ұлғайту және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайту бағы­тындағы ынтымақтастықты кеңейтуге әрдайым әзірміз. Осы­ған байланысты Каспий құбыр консорциумының тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды стратегиялық басымдық болып қала беретінін айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның өнеркәсіп секторы экономиканың орнықты өсімі мен әртарап­тандырылуына ықпал ететін берік тірек саналатынына назар аударды.

– Кейінгі жылы еліміздің ІЖӨ-дегі өнеркәсіп секторының үлесі шамамен 27 пайызды құрады. Біз 190-нан аса жаңа өндіріс тізбегін іске қостық. Еуропалық компаниялар өнеркәсіп салаларын дамытуға белсенді атсалысып жатыр. Бұл жоғары бағаға лайық. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық ықпал­дастығы түбегейлі өзгеріске ұшырап, локализацияға және қосылған құны жоғары өнді­ріс тізбегінің интеграциясына баса мән берілуде. Бұл мысалдар Қазақстан-Еуропа өнеркәсіп кооперациясының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Осы ретте еуропалық қаржы институттарының, ең алдымен, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банктің қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаһандық азық-түлік қауіп­сіздігі проблемасын шешу ұлттық күн тәртібіндегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде аталды.  Мемлекет басшысының  айтуынша, Қазақ­станның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық секторға айналдыру стратегиялық міндет ретінде белгіленді. Осы орайда, Президент еуропалық се­ріктестерді мал шаруашылығы, астық дақылдарының селекция­сы, жер игерудің дәлме-дәл тех­но­логиясы және топырақ құна­рын арттыру секілді салаларда ынты­мақтастық орнатуға шақырды. 

Жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер

Жиында Мемлекет басшысы жаңа замандағы жасанды интеллект рөлі жөніндегі пікірін де жеткізді.

– Goldman Sachs болжамына сәйкес, ЖИ әлем экономикасына 7 триллион доллардан астам табыс әкеледі. Осы жа­һан­дық үдерістерге сай, біз алдымызға Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойдық. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұл құ­ры­лымға қосымша Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жасақталды. Аталған консультативтік орган құрамына жетекші отандық және әлемдік сарапшылар кіреді. Қазақстан – инновация жағынан дүние жүзінде көшбасшы саналатын NVIDIA технологиялары негізінде екі суперкомпьютерді іске қосқан өңірдегі алғашқы ел. Бұдан бөлек, біз «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құрдық. Бұл – жаһандық капитал мен ірі технологиялық алпауыттар үшін тартымды жоба. Alem.ai халықаралық орта­лығының жанынан Tumo және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылды. Мақсатымыз – ұстаздардың біліктілігін арттырып, инфрақұрылымды жетіл­діру және өскелең ұрпақ игілігі үшін дербес білім беру стандарттарын енгізу. Сондай-ақ Алатау «ақылды қаласын» стратегиялық тұрғыдан дамытуға ерекше мән береміз. Жаңа Конс­титуциямызға сәйкес, аталған қала айрықша құқықтық мәр­тебеге ие болды. Бұл маңызды жоба криптоиндустрия­ның, инновацияның және жоға­ры технологиялық бизнестің өркен­деуіне жол ашады, – деді Президент.

Сонымен қатар еуропалық бизнес өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.

Президент атап өткендей, Global Financial Centers Index рейтингінде АХҚО Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша бірінші орын алады. Орталықта әлемнің 90-нан астам елінен 5800-ден аса компания тіркелген, оның ішінде 250-ге жуығы – Еуропа елдерінен. АХҚО арқылы еуропалық компаниялар үлестік қаржыландыру ретінде 307 миллион доллар көлемінде тікелей инвестиция салды.

Мемлекет басшысы Еуропа­ның қаржы және инновация инсти­туттарын Астана халықара­лық қаржы орталығымен бірге ор­нықты қаржыландыру және финтех-технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды.

Президент адам капиталын дамыту тақырыбына тоқталып, Еуропалық Одақ әлдеқашан еліміздің ғылым және білім саласындағы жетекші серіктесіне айналғанын атап өтті.

– Еліміздің түкпір-түкпірінде қазірдің өзінде 40 шақты халық­аралық академиялық және зерттеу орталықтары жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Анхальт қолданбалы ғылым уни­верситетінің, Лотарингия университетінің және Марке политехникалық университетінің өкілдіктері бар. Қазақстан Erasmus+, Horizon Europe және басқа да бағдарламалар аясын­да Еуропалық Одақпен ықпалдастықты жолға қойды. Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді. Сондық­тан Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік. Қазақстан экономикамен шектелмей, Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге біліктілігі жоғары мамандар даярлайтын өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ынты­мақтастық әлеуеті зор екенін алға тартып, Қазақстан бұл ретте шынайы стратегиялық серіктестікті жақтайтынын жеткізді.

– Ең бастысы, біз ортақ табысқа жеткізетін сенім мен ұзақмерзімді міндеттемені ұсынамыз. Еуропалық серіктестер табысы жоғары инвестициялық жобаларға белсенді түрде атсалысады деп сенеміз. Еуропалық қаржы институттарының Қазақ­станның орнықты экономикалық дамуына және өңірлердің өза­ра байланысын нығайтатын баста­маларға қолдау көрсеткенін құп­­таймыз. Осы орайда Еуро­па­лық инвестициялық банк­тің қос­қан үлесін жоғары баға­лай­­мын. Банк вице-президенті Мора бүгін арамызда отыр. Сон­­дай-ақ экономикалық диалог өрбітіп, Қазақстан мен Еуро­па­лық Одақтың сауда күн тәрті­бін ілгерілету ісінде жетек­ші рөл атқарғаны үшін комиссар Шевчовичке алғыс айта­мын. Еуропалық Одақ пен Орта­лық Азия арасындағы ынты­мақ­тас­­тықты дамыту жолындағы күш-жігері үшін Арнайы өкіл Стип­райсқа риза­шылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөз соңында бүгінгі пікірталастар Қазақстан мен ЕО-ның страте­гиялық серіктестікке қатысты ұстанымы ортақ екенін тағы да растағанын айтты.

– Орта дәлізді Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясымен ұштастыру бойынша келісім үдерісі жүргізілуде. Біз Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіз әрі орнықты көлік жолының негізін қалап жатырмыз. Еуропаның инвестициясына және озық технологиясына айырбас ретінде маңызды қазба байлықтары мен қуат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін прагматикалық формуланы ұсыну арқылы сенімді серіктес болуға әзірміз. Жоғары технологиялық агробизнестен бастап жасанды интеллект саласындағы жаңа­шыл өнертабыстарға, АХҚО аясын­дағы қаржыландыру тетікте­ріне дейінгі көптеген салада ұзақ­мерзімді интеграцияға ашық­пыз. Үкіметіміз маңызды бастамаларды тез әрі табысты іске асы­ру үшін коммерция­лық ұсыныс­тарыңызды мұқият зерделейтін болады, – деді Президент.

Жиында Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс, Сауда және экономикалық қауіпсіздік жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчович, Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Мора, «Sarens Group» президенті Лудо Саренс, «Roca Group» бас директоры Альберто Магранс, «Dewulf Group» бас директоры Хендрик Декрамер, «Polpharma Group» байқаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старaк, «Airbus SE» компаниясының Еуропа өңірі бойынша президенті Жоан Пелисье, «Damen Shipyards Group» тең құрылтайшысы, директорлар кеңесінің мүшесі Роуз Дамен, «LOT Polish Airlines» әуе компаниясының бас директоры Михал Фийол, «Bureau Veritas» компаниясының Еуропа өңірі бо­йынша аға вице-президенті Венсан Бурдиль, «Maersk Group» басқарушы директоры Айхан Сидеф, «Cargolux» компаниясының коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Пьерандреа Галли, «MAIRE Tecnimont» бас директоры Алессандро Бернини сөз сөйледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 08:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

22 Маусым 2026 15:57see118

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

22 Маусым 2026 11:05see116

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

22 Маусым 2026 13:35see116

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

22 Маусым 2026 10:33see115

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

22 Маусым 2026 16:05see115

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

22 Маусым 2026 14:37see113

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

23 Маусым 2026 12:23see112

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

23 Маусым 2026 11:27see112

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

23 Маусым 2026 11:37see111

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

22 Маусым 2026 16:37see110

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

22 Маусым 2026 11:58see110

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

22 Маусым 2026 15:06see110

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

22 Маусым 2026 18:49see110

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

23 Маусым 2026 12:04see109

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

22 Маусым 2026 13:35see109

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

23 Маусым 2026 20:05see109

Басқа көлікке ауыстырып тиейді: полиция логистика саласындағы алаяқтық туралы ескертті

23 Маусым 2026 12:03see109

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

23 Маусым 2026 12:03see109

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

23 Маусым 2026 18:05see108

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

22 Маусым 2026 15:06see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары