Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Англияға жұмысқа орналастырамын : Көкшетау тұрғыны 92 адамнан 70 миллион теңге алған

Англияға жұмысқа орналастырамын : Көкшетау тұрғыны 92 адамнан 70 миллион теңге алған

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аңқау елге арамза молдалық еткен ол жәбірленушілерден 250 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алып, жалпы сомасы шамамен 70 миллион теңгені иемденген. Бұл туралы Көкшетау қалалық соты мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Сот мәліметінше, әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша, яғни ақпараттық жүйе мен интернет желісін пайдаланушыларды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдан бастап Көкшетау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Б. азаматтарға шетелге жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарды рәсімдеу қызметтерін ұсынған. Әйел әлеуметтік желіде өзін блогер ретінде таныстырып, көрсететін қызметтері туралы ақпарат жариялаған. Осылайша шетелде жұмыс істеуді көздеген азаматтардың назарын аударған. Ол клиенттерге шетелге жұмысқа орналастыруға келісімшарт жасап, виза мен медициналық сақтандыруды рәсімдейтінін, тіпті Англияға ұшатын уақытты да  талқылайтынын айтқан.

Алайда сот анықтағандай, бұл уәделердің артында нақты жұмысқа орналастыру жоспары болмаған. Жәбірленушілерден қызмет ақысы ретінде 250 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алғаннан кейін, әйел өз міндеттемелерін орындамаған. Ақша алған соң кездесуден жалтарып, телефон қоңырауларына жауап бермей, азаматтармен байланысын біржола үзген.

Қала тұрғынының осы әрекетінің салдарынан 92 адам зардап шеккен. Олардың арасында Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларының тұрғындары, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының азаматтары бар.

Сот мәліметінше, жәбірленушілердің ақшалай шығынының жалпы көлемі шамамен 70 миллион теңгеге жетіп жығылған.

Іс барысында сот әйелдің әрекетін алаяқтық ретінде бағалап, оған заңда көзделген жаза тағайындады.

- Сот үкімімен Көкшетау тұрғыны 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған азаматтардың қаражатын коммерциялық және өзге де қызметке тартуға байланысты қызметпен айналысуға 5 жыл мерзімге тыйым салынды. Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді, - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын орындау бір жылға кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар сотқа 28 жәбірленуші азаматтық талап арыз берген. Олардың талаптары қанағаттандырылды. Сот шешімімен жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық шығынды өндіру белгіленді. Әр азаматқа 200 мың теңгеден 1 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде өтемақы өндірілмек. Көкшетау қалалық соты хабарлағандай, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see133

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see128

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see113

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары