Аңсаған сәби бағдарламасының игілігі
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл Қостанай облысына 261 квота бөлінді.
Бұл былтырға қарағанда біршама көп. Мамандардың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру кезегінде тұрғандардың бәрін қамтуға мүмкіндік бар. Осы бағдарламаның арқасында төрт жылдың ішінде өңірде 400-ге жуық нәресте дүниеге келді. Жасанды жолмен бала сүю бақытына ие болғысы келетіндер әлі аз емес. Мысалы, былтыр квотаға 400 адам өтініш берген. Соның жартысы ғана «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Әсел Файзуллина, Қостанай облыстық ауруханасының ЭКҰ бойынша штаттан тыс бас маманы:
- Биыл бөлінген квота саны артты. Ал кезекте тұрған аналардың саны азайып келеді. Былтыр 400-ден аса азамат бағдарламаға ілігуге үмітті болса, биыл олардың саны 300-ден төмен. Яғни көбі көптен күткен нәтижеге қол жеткізіп отыр. Ал биыл кезекке тұрған әйелдердің барлығы квотаға ілігіп, экстракорпоральды ұрықтандыру жасатады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 14:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















