Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

Индонезияда су тасқынынан 502 адам көз жұмды

Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталды

“Дәрмек” ЖПІШ: елімізде мыңға жуық ұйым тексерілді

Семейде дәретхана қағазы атауынан шу шықты

Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет дүкеннің курьері ұсталды

Атырау Алматы пойызы күнделікті қатынайтын болады

Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады

Трамп Мадуроға Венесуэладан кетуге бір апта уақыт берді

Қазақстаннан барған ерлі зайыптылар Сидней казиносында жасырын камера арқылы 1,18 млн доллар ұтып алған

Астана, Алматы және Шымкент: 1 желтоқсандағы валюта бағамы

Жамбыл облысы химия өндірісінде алда тұр

Арпалысқа толы ғұмыр

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

АИ 92 бағасының өсуі туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

Бұрқасын, тұман және көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді

Украинада саяси дағдарыс өршіді

Сарыарқа хоккей клубына жаңа директор тағайындалды

Апталдай азаматтың алты жасар баланы тепкінің астына алуы: бүлдіршіннің анасы жаға ұстатарлық жайттарды айтты

Апталдай азаматтың алты жасар баланы тепкінің астына алуы: бүлдіршіннің анасы жаға ұстатарлық жайттарды айтты

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жағдай Алматыдағы "Каспий" тұрғын үй кешенінің балалар алаңқайында болған. Жәбірленушінің анасы оны бейнебақылау камерасынан көріп, жағасын ұстапты. Айтуынша, көршісінің баласы бірінші боп оның ұлын самокатпен ұрған. Соққыға шыдамаған бүлдіршін қарсыласына түкіріп жіберіпті. Одан соң бір-біріне тас атқан көрінеді. Сол сәтте жанжалды тұтандырған жеткіншектің әкесі жүгіріп келіп, 5 жасар баланы бар екпінімен теуіп жіберген. Astana TV таратқан ақпарға сүйенсек, күдіктінің әйелі құлап жатқан ұлды құлағынан тартып, орнынан тұрғызған.

"Миы шайқалған деп жазып берді. Жеті күнге жалғыз баланың өзін ғана жатқызамыз, жанына сізді жатқыза алмаймыз деген соң баламды қалдыруға қорықтым. Жатқызудан бас тартып үйге алып келдім. Бірақ түнімен мазасыздану тағы болды, құсу, бас ауруы басылмай тұр. Арқам ауырып жатыр, аяқтарым деп жыламсырауда",- деді жәбірленуші ана.

Бұл ретте, "Күдіктінің әйелі 80 жастағы анама да сес көрсетіп, қорқытты", – дейді жәбірленуші тарап. Қан қысымы көтерілген кейуана да медициналық көмекке жүгінген. Ерлі-зайыпты жасаған өрескел қылығы үшін кешірім де сұрамапты. Айта кетейік, 36 жастағы айыпты қолға түсті.

"Аталмыш дерек бойынша қылмыстық кодекстің 108-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, азамат ұсталып, күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Оның іс-әрекетіне міндетті түрде принципиалды тұрғыда құқықтық баға берілетін болады". Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі

Аулаға доп тебем деп шығып, таяқ жеп қайтқан ұлының денсаулығын алаңдаған ана қылмыстық іс әділ тергеліп, айыптылардың жазалануын талап етіп отыр.

Бұған дейін қазақстандықтардың да ойын алаңында бүлдіршінді теуіп құлатқан еңгезердей ер адамды жазалауды талап етуде екенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:38
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

30 Қараша 2025 18:48see108

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

30 Қараша 2025 18:05see108

Индонезияда су тасқынынан 502 адам көз жұмды

01 Желтоқсан 2025 22:40see104

Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталды

01 Желтоқсан 2025 13:09see104

“Дәрмек” ЖПІШ: елімізде мыңға жуық ұйым тексерілді

01 Желтоқсан 2025 09:58see103

Семейде дәретхана қағазы атауынан шу шықты

01 Желтоқсан 2025 23:13see103

Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет дүкеннің курьері ұсталды

01 Желтоқсан 2025 18:59see103

Атырау Алматы пойызы күнделікті қатынайтын болады

01 Желтоқсан 2025 09:58see103

Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады

02 Желтоқсан 2025 10:11see103

Трамп Мадуроға Венесуэладан кетуге бір апта уақыт берді

02 Желтоқсан 2025 09:36see103

Қазақстаннан барған ерлі зайыптылар Сидней казиносында жасырын камера арқылы 1,18 млн доллар ұтып алған

01 Желтоқсан 2025 20:40see102

Астана, Алматы және Шымкент: 1 желтоқсандағы валюта бағамы

01 Желтоқсан 2025 13:09see102

Жамбыл облысы химия өндірісінде алда тұр

01 Желтоқсан 2025 18:58see102

Арпалысқа толы ғұмыр

02 Желтоқсан 2025 08:24see102

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

30 Қараша 2025 18:49see102

АИ 92 бағасының өсуі туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

02 Желтоқсан 2025 11:25see102

Бұрқасын, тұман және көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

02 Желтоқсан 2025 10:36see102

Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді

01 Желтоқсан 2025 18:43see101

Украинада саяси дағдарыс өршіді

30 Қараша 2025 19:40see101

Сарыарқа хоккей клубына жаңа директор тағайындалды

01 Желтоқсан 2025 14:09see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары