Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ақ халатты қаржыгер медицинаға пана бола ма?

Ақ халатты қаржыгер медицинаға пана бола ма?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Салада жағдай жақсармады: сырқаттар, тіпті сақтандырылғандар бұрынғыдай қажетті дәрігерге уақытылы кіре алмай, ақылы емделуге мәжбүр. Емдеу сапасы да құлдыраған. Мысалы, вице-премьер Аида Балаеваның Қызылордаға сапарында аудандық ауруханаларда диагностикалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі кесірінен, инсульт қызметінің жұмысы шектеліп қалғаны әшкереленді. Үкімет ӘМСҚ-ты Қаржы министрлігіне бермек. Қаржыгерлер ахуалды түзете ме?

Әзірге оған күмән бар. Себебі, медицинаны қаржыландыру азайтылмақ. Ресми мәлімет бойынша 2026 жылы медициналық ұйымдарды қаржыландыруға бөлінген барлық шығыс 2,4 трлн теңгені ғана құрайды.  

Әйткенмен, бұл жолғы қадам амал жоқтан жасалған амалға ұқсайды. Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын (ӘМСҚ) Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан тартып алып, Қаржы министрлігінің қарамағына беруді тап­сырды. Мұның сыртында Үкімет басшысы анықталған заңбұзушылықтар бойынша жиналған барлық материалды тиісті шара қабылдауы және айыптысын жазалауы үшін құқық қорғау органдарына жолдауды жүктеді. 

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкіметке Қаржы министрлігінің, салық органдарының жүйелері негізінде денсаулық сақтау саласындағы бизнес-процестерді де толығымен цифрландыру туралы ұсыныспен шықты. Бұдан бөлек, ӘМСҚ-тың инвестициялық стратегиясын қайта қарауға ниетті. Қалай болғанда, саладағы үлкен деректерді (Big Data) ретке келтіру, қаржы ағынына қатаң қадағалау орнату талабының өзі Үкіметтің бұл салада шетсіз-шексіз ақаулар туғызған проблемаларды ақыры байқағанын білдірсе керек. Триллиондаған теңге ел қаржысының бақылауы әлсіз тетіктер мен жауапкершілігі төмен арналар арқылы ағуы жемқорды көбейтіп, медицина саласын жарға жыға жаздады. 

Ел басшылығы Қаржы министрлігінің ит тұмсығы батпас ну орманға айналған, кәсіпкерге, блогерге, асаба-тамада және көлеңкелі экономиканың басқа қатысушыларына салықтан жалтаруға мүмкіндік берген мобильді аударымдарды тәртіпке келтіргенін көріп отыр. М.Тәкиев денсаулық сақтау секторына неге араласып, «қол сұғып» жатқанын түсіндірді: жүргізілген талдау нәтижелері қаржыландыру көлемінің өсуі тиімділіктің артуына ұласпағанын айқын көрсетіпті. 

Аудит нені көрсетті?

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыланды­руда көптеген заңбұзушылық анықталғанын жариялады. Олжас Бектеновтың ӘМСҚ-ты Қаржы министрлігінің басқаруына беру туралы шешіміне осы да ықпал етіпті. Ең басты негіз – Мемлекет басшысының бюджет тәрті­бін күшейту жөніндегі тапсырмалары. Оны орындау мақ­сатында 2025 жылғы 18 желтоқсанда Премьер-ми­нистр Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсау­дың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметіне талдау жүргізуді тапсырған болатын. Оның қорытындысы енді мәлім болды. 

Бір қызығы, министрліктің ревизорлары бірде-бір медұйымға не қорға тексеріспен бармапты. Олар тіпті кабинеттен шықпаған. Оны айтасыз, талдау да жүр­гізбеген. Мұның бәрін жасанды интеллект жасап беріпті. Тексеруге тартылған мамандар ЖИ бергенін реттестіріп, министрге ұзатқан. Сондықтан мұнда IT-аудит деген жаңа ұғым қолданылды.

Сөйтіп, медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелеріне Қаржы министрлігі ЖИ арқылы жүргізген IT-аудит келесі жүйелі заңбұзушылықты тапты: біріншіден, емханалардың, жеке клиникалардың жалған пациенттерді тіркеуі жалғасты. Жасанды интеллект бір ұйымға медсақтандырылған 1 мың адамдық контингент тіркелгенін, іс жүзінде медициналық қызметке соның 500-ге жуығы ғана жүгінетінін бұзушылыққа жатқызды. Алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізілетін көрінеді. Біз түсіндіріп беруді сұрап, әңгімеге тартқан астаналық емхананың Медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі басшысы С. (аты-жөнін жазбауды өтінді) мұны бұзушылық деп атау қиын екеніне сенімді. Бұл бұрыннан қалыптасқан тәжірибе.

– Мысалы, біздің емханаға жақын көшелердің, шағын аудандардың 24 мың тұрғыны тіркелген. Әрине, оның бәрі ауырмайды, былтыр 19 мыңы дәрігерге жазылды. Бүгінде тіркелген барлық 24 мыңы үшін қаржы алмаймыз. Қаралған, фотоға түсірілген сырқаттар үшін ғана ақы сұратылады. Қаржыландыру азайтыл­ғандықтан көптеген пациентке талдау-анализге, МРТ, КТ-ға бағыттама бере алмай қалдық. Өз бетінше ақылы өтеді. Мысалы, маммолог МРТ-ға бір жылда 30 адамға ғана бағыттама бере алады, оған мыңдаған науқас жү­гінеді. Олар зар илеп, маған жүгінеді. Жағдайын көріп, жүрегім қан жылайды, бірақ қылар амал жоқ. Сүт безінің қатерлі ісігі көбейген, – деді емхана өкілі.

Екіншіден, ІТ-аудит әшкерелегендей, кейбір медұйым азаматтардың табиғатына тән емес медициналық қызметтерді көрсетті. Мысалы, кейбір ер адам әйелдерге арналған скринингтен өтіпті. Пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Ол үшін медициналық ұйымдарға 1,8 млрд теңге аударылған. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына) скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Алматы облысындағы тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды.

Шын мәнінде, алаяқтық жағдайлардың бары жасырын емес. Бірақ айти-аудит бұзушылыққа жатқызған «еркек­тердің маммологке жазылуына» қатысты медициналық қауымдастықтың айтар дәйектемесі бар. «Ақ халат­тылардың» түсіндіруінше, Қазақстандағы экологияның қатты нашарлауына, дұрыс тамақтанбауға, басқа себептерге байланысты гормоналды теңгерім бұзылып, еркектердің де кеудесінде гинекомастия пайда болады. Мұндай шағыммен жүгінсе, дәрігер гормоналды талдау, УДЗ және маммографияны қамтитын кешенді тексеру жүргізуге міндетті. Онсыз мұның соңы ер адамда сүт безі рагына соқтыруы мүмкін. Дәрігерлер ӘМСҚ қаржыгерлер қолына көшкен соң мұндай тексерулерге тыйым салына ма деп алаңдайды.

Осы орайда маммологқа кезекте тұрған Бағлан есімді кісіні әңгімеге тарттық. «Кеуденің сол жағы өсіп, ісініп кетті. Бастапқыда семіріп кеткен шығармын деп ойладым. Диетаға отырдым. Кішіреймеді. Автобус жүргізушісімін, қатты өскен «омырау» көлікті басқаруға кедергі келтіре бастады. Ұялып, қонаққа баруды қойдым. Бір жылдан соң келіп отырмын. Терапевт дереу маммологқа жолдады», – дейді Бағлан. 

Үшіншіден, айти-аудит барысында медұйымдардың бір қызметі үшін МӘМС-тен де, жұмыс берушілердің ерік­ті медсақтандыру жарнасынан да қаржы алуының де­ректері табылды. Төртіншіден, «қысқа мерзімде меди­циналық қызметтердің әдеттен тыс көп көлемі көрсетілген». Бесіншіден және ең бір өрескелі – қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсетіліпті. Қаржы минис­трі­нің хабарлауынша, 996 қайтыс болған пациентке меди­циналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды. 2023 жылы өмірден өткен адамды 2025 жылы қабылдауға жазған. 

Алтыншыдан, балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру оқиғасы тіркелді. «Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Айталық, Жетісу облысында Димексид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шы­ға­рылды», – деді Қаржы министрі. Бір пациентке бір тәу­лік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығарудың 2872 жағ­дайы белгілі болды. Балалар ауруханасында ұқсас 179 жағ­дай анықталды: 88 мың дәрі-дәрмек босатылды, бұл рет­те пациенттер Астана қаласындағы стационарда 1 күн­ге жетпейтін уақыт қана болған, тағы басқа деректер бар.

Бюджет игеруді бизнеске айналдырған

Қаржы министрі Мәди Такиев басқа сандарға тоқ­талды. Жекеменшік емхана бір күнде 1 442 пациентті қабылдаған. Тексерушілер мұның шындығына сенбейді. Себебі қарапайым арифметикаға салды: бір күнде бір дәрігер орташа есеппен 24 адамға дейін қабылдайды (қағида бойынша 6 сағаттық жұмыс режимінде 1 па­циент­ке 15 минуттан арналады). Сол елордалық кли­ни­када басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдап үлгеріпті. 

Бұған қоса, бір маманның бір айда 1 713 ем-шара жасаған жағдайы да бұзушылық ретінде қабылданды. Демек, қаржы ведомствосы дәрігерлердің қабылдайтын сырқат санын шектеуге ниетті болса керек. Қазақстан­дық­тар жиі куә болып жүр, емханадағы дәрігерлер жа­зылмай, өз бетінше келген сырқаттарды аяп, қарай береді. Жұмыс уақыты аяқталса да, тексерулерін жалғастыратын ақ халатты абзал жандар жетерлік. Олар­дан енді қатаң түрде тек жазылғандармен шектелу талап етілуі мүмкін. 

– Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған 2 жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі, – деді Мәди Тәкиев.

Сондай-ақ салық органдары медұйымдар басшыларына камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Нәтижесінде, 2024-2025 жылдар аралығында 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, 912 адамның 1 416 автокөлік иеленгені анықталды. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған.

Сонымен қатар қордың, Денсаулық сақтау министр­лігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базасының шашыраңқылығы атап өтілді. Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бі­рың­ғай дерекқордың болмауы қолданыстағы нормативтік ба­заның көп жағдайда халыққа медициналық көмек көр­сетудің түпкі нәтижесіне емес, жекелеген ұйымдардың – МӘМС, «СҚ-Фармация» қызметтеріне байланысты­рылуына алып келді.

Медұйымдардың материалдық-техникалық базасы, жарақтандырылуы және кадрлық талаптары бастапқы растаудан өтеді, содан соң бақылау жүргізілмейтін көрінеді. Бақылаудың алдын алу тетіктері құрылмаған, бұл медұйымдардың ТМККК және МӘМС құралдарын мақсатсыз пайдаланудың алдын алуына мүмкіндік бермейді. Жүйеде тиімділікке емес, қаражатты игеруге деген мотивация орныққан. Тариф белгілеуде белгілі бір проблемалар анықталды. Жүйеде 3 мыңнан астам тариф қолданылады, бұл медициналық қызметтерді әкімшілендіру мен бақылауды едәуір қиындатады.

Әрине, қаржыгерлер медицинадан хабары болмауы мүмкін, олар ақ халаттыларды ауыстырып, науқастарды өзі емдеуге кіріспейді. Бірақ бұдан былай қаржыгерлер мен салықшылар емханалардың ісіне тікелей араласады. Миллиондаған адамның денсаулығы тәуелді медициналық қорды Қаржы министрлігіне беру арқылы Үкімет қаржылық бақылауды күшейтіп, деректерді өңдеуді бір қолда шоғырландыруға ден қойды. 124-ке дейін пәтер, 24-ке дейін машина алған кейбір арам ниетті, алақол медұйым басшыларының көлеңкелі бизнесі тыйыла ма, әлде жаңа жағдайға бейімделіп жалғаса бере ме, оны келесі ІТ-аудит көрсетеді деген үміт бар.

Елдос СЕНБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 07:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары