Ақмола облысында су тасқынынан қорғау үшін Жабай өзенінің арнасы кеңейтіліп жатыр
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру туралы аудан әкімі Кенеш Әлімжанов баяндады. Оның айтуынша, «Целингидротех» ЖШС мердігерлік ұйымы ұзындығы 7,2 шақырым учаскеде жұмыс жүргізіп жатыр.
Жоба аясында өзен 5 м-ге дейін тереңдетіліп, ені 120 м-ге дейін кеңейтіледі. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 80%-дан асады, жұмыстарды осы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
– Қазіргі таңда 90-нан астам техника жұмылдырылған: 44 экскаватор, 40-тан астам самосвал және 4 бульдозер. Қолда бар ресурстар жұмысты кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізуге, аталған іс-шаралардың барлығы бізге суды тиімді өткізуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, - деп қорытындылады аудан әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы су тасқынына қаншалықты дайын екенін жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:126
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 18:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















