АҚШ Мемлекеттік департаменті бүкіл әлемдегі американдықтар үшін ескерту жариялады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ Мемлекеттік департаменті Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты бүкіл әлемдегі америкалықтарды барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство тиісті ескертуді жариялады өз сайтында жариялады.
"АҚШ Мемлекеттік департаменті бүкіл әлемдегі, әсіресе Таяу Шығыстағы америкалықтарға барынша сақ болуды ұсынады. Шетелде жүрген АҚШ азаматтары жақын маңдағы АҚШ елшілігі немесе консулдығы жариялайтын қауіпсіздік ескертулеріндегі ұсыныстарды орындауға тиіс", - делінген мәтінде.
Сондай-ақ әуе рейстерінің тоқтатылуы мен әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуы сапарлардың кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екені айтылған.
Мемлекеттік департамент бұған дейін АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктеріне, оның ішінде Таяу Шығыстан тыс жерлерде де шабуыл жасалғанын еске салды.
"Иранды қолдайтын топтар АҚШ-тың шетелдегі мүдделеріне қатысты өзге де нысандарға, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша Америка Құрама Штаттарымен және (немесе) АҚШ азаматтарымен байланысты орындарға шабуыл жасауы мүмкін", - деп көрсетілген ескертуде.
АҚШ азаматтарына сапарларын жоспарлау кезінде жаңалықтар мен әлеуметтік желілердегі ақпаратты мұқият қадағалап отыру ұсынылды.
Еске салайық, АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалықтарға арналған жаһандық ескертуді бұған дейін наурыз айында Ирандағы соғыс кезінде жариялаған болатын. Сол кезде ведомство мен мемлекеттік хатшы Марко Рубио қауіпсіздікке төнген елеулі қатерге байланысты АҚШ азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін Таяу Шығыс елдерінен мүмкіндігінше тезірек кетуге шақырған еді.
Тізімге Бахрейн, Мысыр, Иран, Ирак, Израиль, Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен енді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Шілде 2026 12:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















