АҚШ та дауыл салдарынан 2 мыңнан астам әуе рейсі тоқтап қалды
Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Фото: istockphoto.com
Әуе рейстерін бақылайтын FlightAware сервисінің мәліметінше, ел ішінде және халықаралық бағыттарда тағы 5 мыңнан астам рейс кешіктірілген. Нью-Йорктің өзінде шамамен 600 рейс тоқтатылып, 500-ден астамы кейінге шегерілген.
Қолайсыз ауа райына байланысты АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы бірқатар өңірде су тасқыны қаупі туралы ескерту жарияланып, торнадо болуы мүмкін екені хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша Пенсильвания мен Нью-Джерси штаттарында кемінде екі торнадо тіркелген.
Мамандардың айтуынша, дауыл аймақ бойынша қозғалысын жалғастырып жатқандықтан, кейінге шегерілген және тоқтатылған рейстер саны әлі де артуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Астанадан Дубайға ұшып шыққан ұшағын кері қайтарған болатын. Сондай-ақ әуе тасымалдаушысы 21 шілдеден 31 тамызға дейін Дубайға ұшу бағыттарын уақытша тоқтататынын хабарлаған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 16:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















