Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Ақтөбеде ішімдіктен бас тартқан ауыл ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп отыр

Ақтөбеде ішімдіктен бас тартқан ауыл ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп отыр

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бесқоспада 400-ден астам адам бар

Алға ауданы Бестамақ ауылдық округіне қарасты Бесқоспа ауылында 92 үй бар. Ауыл халқының саны – 438 адам. Оның үштен біріне жуығы кәмелетке толмаған бала. Мұнда 5 жылдан бері ішімдік сатылмайды. Азық-түлік сататын екі дүкеннің иесі де осындай шешім қабылдаған.

Фото: Алтынай Сағындықова

– Ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы орташа деп айтсақ болады. Тұрғындардың көбі мал шаруашылығымен айналысады. Кейбірі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алып, кәсібін бастады. 2023 жылы 2, 2024 жылы 5 жоба болды. Бәрі де мал шаруашылығы саласын таңдап, бордақылаумен айналысып жатыр, - деді Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталин.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Қазіргі кезде Бесқоспада орта мектеп, медпунк және мешіт бар.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Балаларға футбол, ойын алаңдары салынған. Биыл ауылдың ішкі жолдарына асфальт төселеді. Ауылдағы Сарин, Жиделі, Мусин және Ізтай Мәмбетов көшелері түгел қамтылады.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағынықова

– Бас жоспар бойынша ауылда тағы 375 үйге арналған жер телімі беріледі. Қазіргі кезде газ, су, жарық тартылып, инфрақұрылымы түгел жеткізілді. Жер кезекте тұрған адамдарға беріледі. Мұнда 500-ден астам адам кезекке тұрған. Ауылдың болашағы зор деп ойлаймыз. Жастар ат спортын дамытып отыр. Көкпар, ат жарысқа қатысады. Сонымен бірге мектепте еркін күрес үйірмесі ашылды. Жаттықтырушы табу қиындық туғызып тұр. Қазір бапкер аптасына үш күн Бестамақ ауылынан барып, жаттығу өткізіп жүр, - деді Қанат Дәулеталин.

Фото: Алтынай Сағындықова

Бесқоспа – ақын Ізтай Мәмбетовтің ауылы

Ақын Ізтай Мәмбетов Табантал өзенінің бойында, яғни, Бесқоспа ауылында өмірге келген. Ол «Бес өзен келіп тоғысқан, Бесқоспа деген жер осы» деп жырға қосқан.

– Бесқоспа ауылының тарихы туралы пікір көп. Бірі бес таманың батыры, яғни, Есет батыр Тамаұлына байланысты қойылған деп айтады. Ал Ізтай Мәмбетов бес өзенді айтып тұр. Географиялық тұрғыдан түсіндіреді. Бес су қосылып, бір тамақтан өтетінін айтып тұр. Олар: Есет батыр сағасы, Табантал, Елек, Тамды және Шаған. Су тасыған уақытта ауыл аралда қалады, бірер күн жол қатынасы үзіледі. Көпір салудың екі жолы ұсынылды. Ең тиімдісі деп Оңтүстік айналма жолдың жобасы таңдалды. Сол кезде Бесқоспа ауылы да қамтылады, - деді Қанат Дәулеталин.

Фото: Алтынай Сағындықова

Әзірге бұл ауылдың шетінде тұрғындардың күшімен салынған шағын көпір ғана қызмет етіп тұр.

Бесқоспа орта мектебінде қазір 103 оқушы білім алып жүр. Мектепалды даярлық тобында 8 бала бар. Ауылда жыл сайын оннан астам бала өмірге келеді.

Фото: Алтынай Сағындықова

– Мектеп 2015 жылы 60 орындық етіп салынған. 2024 жылы жаңғырту жұмысы жүргізілді. Мұнда 30 мұғалім, 11 кіші қызметкер жұмыс істейді. Мәжіліс залы болмағанымен, спорт залы қарастырылған. Асханасы бар. Инклюзивті білім алатын 8 оқушының үшеуіне арнап иппотерапия ашылды. Психолог пен дене тәрбиесі пәні мұғалімі аптасына екі рет екі сағат уақытын сол балалармен бірге өткізеді. Атты ауыл адамдары береді. Енді ауылға жас мамандарды шақырғымыз келеді. Мектепке матерматика, тарих пәндерінің мұғалімі керек. Негізі мұнда 45 оқушы күреске, 18-і би үйірмесіне қатысады. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі көкпаршы болса, бір түлегіміз аударыспақтан ел чемпионы. Мектепте шабандоздар да бар. Енді домбыра үйірмесін ашуды жоспарлап отырмыз, - деді мектеп директоры Нұрлан Қалжанов.

Фото: Алтынай Сағындықова

Мектепте химия, физика пәндерінің зертханасы бар. Мұндағы кітапханада ақын Ізтай Мәмбетовтің құжаттары, фотоальбомының түпнұсқасы сақтаулы.

– Бастауыш сынып оқушылары, орта буын балалары кітапты жақсы оқиды. Жоғары сынып оқушылары арасында бірер бала ғана бар. Алғашында Ізтай Мәмбетовтің музейі болды мектепте. Оқу бөлмесі аз болып, музей кітапханаға көшірілді. Отбасы төлқұжаттары мен фотоларын берді. Газетте жарияланған мақалалары да сақтаулы. Тек өлеңдер жинағы жоқ. Жыл сайын оқушылар арасында байқау өтеді. Сондықтан болар балалардың көбі ақынның өлеңдерін жатқа біледі. Соның ішінде Табантал, Бесқоспа өлеңдері бар. Балалар Ізтай Мәмбетов тақырыбында жоба да қорғады, - деді кітапханашы Лиза Дәулеталина.

Мектеп оқушысы Кәусар Хабидулла ақын Ізтай Мәмбетов тұрған үйдің бүгінгі тұрғыны. Үй сүрілгенімен, орны бос қалмады. Оқушы да ақынның өлеңін үнемі жатқа оқиды.

Фото: Алтынай Сағындықова

Шақырса үйді аралаймыз – медбике

Бесқоспа ауылындағы мектеп жанында медициналық пункт орналасқан. Мұнда медбике ғана бар. Ал дәрігер Бестамақ ауылда отырады. Ара-тұра келіп, тұрғындарды қарайды. Ауыл орталыққа жақын болған соң көбі барып қаралады.

– Дәрігер қарап, ем-шара жолын айтқан соң өзім ауылда бар жұмысты атқара беремін. Кейде адамдар ауырып, үйіне шақырады. Ол кезде күн-түн демей барып, қараймын. Қажет болса жедел жәрдем шақырады, кейде бірден орталыққа жеткізеді. Өзім ауылда 9 жылдан бері тұрамын. Өсім бар, халықтың көзі ашық, - медбике Ақмарал Оразалина.

Фото: Алтынай Сағындықова

Ауылбіршілігі жақсы ауыл – тұрғындар

Ауылдағы екі азық-түлік дүкені де ішімдік сатпайды. Сондықтан болар ұрлық, бұзақылық тіркелмеді. Бестамақ пен Босқоспаға қатар жауапты учаскелік инспектордың айтуынша, бұл елдімекен мал шаруашылығына бейім болған соң бақташы қарастырылған. Екі бақташы алмасып, төрт түліктің егінге түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді.

– Бесқоспа ауылындағы оң өзгеріс кейінгі 10 жылда анық көріне бастады. Қазір ауылдың ақсақалдары кейінгі толқынға ақылын айтып, қолдау көрсетіп отырады. Тіпті дәл қазір есепте тұрған ешкім жоқ. Тұрғындармен кездесуде «жайылымдағы мал егінге түсіп кетпесін», «біреудің жеріне кіріп кетпесен, зияны тимесін» деп айтады. Мұндай жағдай болса да арыз жазып, шағым түсіріп жатқан ешкім болмады. Мал ұрлығы дерегі тіркелмеді. Керісінше адамдар бір-біріне көмектесіп, қолдау білдіріп отырады. Бұл көпке үлгі болар қасиет. Жастар да ұйымшыл әрі спортқа жақын, - деді Алға ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Қуаныш.

Фото: Алтынай Сағындықова

Kazinform ауыл тұрғындарымен де кездесіп, олардың ой-пікірін білді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 2014 жылы газ, 2015 жылы орталықтандырылған су берілді. Қазір кейбір үйлер қаладағы баспанадан еш кем емес.

– Ауылда әлеуметтік нысанның бәрі бар. Таяуда көшеге тасжол төселетіні туралы айтылды. Тек Бестамақ пен Бесқоспа ауылының арасын жалғайтын жолды асфальттап берсе деген тілегіміз бар. Қазір жер жолмен жүреміз. Көктемгі тасқын кезінде ауылда қатынас қиындайды. Көпірді жөндеп бергенін қалаймыз. Мектеп бар. Бұл ең маңыздысы, - деді ауыл тұрғыны Нұржан Аекешов.

Фото: Алтынай Сағындықова

Әсем Әйтімованың айтуынша, ауылда кез келген өтініш ескеруміз қалмайды. Ұсыныс та жиі қолдау табады. 

– Біздің ауызбіршілігіміз мықты. Балаларымызға да «көмектесіңдер» деп жиі айтып отырамыз. Тіпті ұйықтап жатқан жерінен оятып жібереміз. Ауызбіршілікке халық болып, ел болып жеттік. Үлкендеріміз тура жолын айтады. Олардың ізін біз жалғап, жастарға өсиет етіп ескертіп отырамыз. Той-томалақта ішімдік қойылмайды. Адамдар осыған үйренді, - деді ауыл тұрғыны Әсем Әйтімова.

Фото: Алтынай Сағындықова

Арақ сатылмайтын ауылдың тұрғындары учаскелік полиция қызметкерін жақсы таниды. Полиция қызметкері де өзіне белгіленген аумақтың тұрғындарымен жіті таныс. Әрқайсысының үй-жайы, отбасы туралы мәліметке қанық.

– Ауызбіршілігі бар ауылда шаруа да ортақ. Бірігіп, жиналып шығамыз, қажет болса көшені тазартамыз. Көктемде көпір бұзылса ауылдағы техникаларды жинап, құм мен тасын тасимыз, бекітеміз. Қаладан көшіп келгендер де бар. Жергілікті тұрғындардың бәрі мал бағып, күнкөріп отыр. Шөп шабады, егін егеді. Кейбірі қалада жұмыс істейді. Қарап отырған ешкім жоқ, - деді ауыл тұрғыны Қайрат Исенов.

Фото: Алтынай Сағындықова

Ауыл тұрғындары енді балалар үшін балабақшаның да салынып, ашылғанын қалайды. Кейбірі балаларын Бестамақ ауылындағы балабақшаға беруді жөн көрген.

Фото: Алтынай Сағындықова

Қаладан ауылға

«Ауыл аманаты» жобасы арқылы несие рәсімдеген бесқоспалықтардың көбі бордақылау кәсібін бастады. Сонымен бірге бұл ауылда сұранысы бар кәсіптің жолы әлі де ашық.

– Күйеуім 2024 жылы бағдарлама арқылы 8,8 млн теңге несие рәсімдеді. Күзде мал, жемі мен шөбін алып, бордақылап, сатты. Ол кезде үйді кепілге қойған едік. Малды семіртіп сатқан соң қайтадан баспақ сатып алып, бордақылаймыз. Несиені бес жылға рәсімдедік. Бұл табысты кәсіпке айналды. Алдағы уақытта наубайхана, кілем жуу орнын да салғымыз келді, - дейді ауыл тұрғыны Гүлмира Оразалина.

Фото: Алтынай Сағындықова

Ал Асқар Мусин бес жыл бұрын қаладан ауылға қоныс аударған. Мұнда барлық инфрақұрылым бар, малға жайлы.

Фото: Алтынай Сағындықова

– Бұрын қалада жүк тасымалымен айналыстым. Қазір бордақылау кәсібін қолға алдым. Кәсіп бастау үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9,2 млн теңге рәсімделді. Оған 10 жас жылқы, 15 бас жылқы алдым. Биыл екінші жыл. Жылына екі рет қарыз қайтарамыз. Ауылдың жастары осыны кәсіп етті. Оған 3-6 ай уақыт керек. Қазір ет бағасы жоғары. Бұл біз үшін тиімді, - деді шаруа.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 40 ауыл ішімдіктен бас тартты. Өңірде ішімдіктен бас тартқан ауыл саны былтыр 35 болған. Биыл тағы 5 ауыл тізімге енді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 13:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары