Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ақтөбеде шекара маңына жайылған мал көрші ел аумағына өтіп кетіп жатыр

Ақтөбеде шекара маңына жайылған мал көрші ел аумағына өтіп кетіп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбе облысының бірнеше ауданы Ресеймен шекаралас орналасқан. Олар: Мәртөк, Қобда, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би аудандары.

Бес аудан аумағындағы шекара ұзындығы шамамен мың шақырымға созылған. Бұл аумақ шаруалар үшін қиындық туғызып тұр. 

— Атырау облысының тұрғынымын. Ақтөбенің Қобда ауданы Жарық ауылына келіп, мал шаруашылығын дамытып отырмын. Үш жыл болды. Осы аралықта малымыз шекарадан өтіп кетіп, қиындық туғызып тұр. Біз арғы беттегі, яғни, Ресейде тұратын адамдарға айтып, өтініш жасаймыз. Олар кері қарай айдап жібереді. Егер оны шекарашылар байқап қалса, қамап тастайды. Ол кезде кері қайтару қиын болады, — дейді Бауыржан Ермекқалиев.

Шаруашылық иесі шешімі шекараны қоршау деп отыр. 

Жарық ауылының әкімі Танат Кенбаевтің айтуынша, мал ұстап, оның санын көбейтіп отырған шаруалар бағып, қарауы тиіс. 

— Ауылға әкім болғаныма бір жыл болды. Ауыл тұрғындары бұл мәселені айтып, келмеді. Бірақ бұл мәселені білемін. Кейде шаруалардың малы арғы бетке өтіп кетіп, шекарадан өтіп, кері айдап келу үшін арнайы рұқсат құжатын алады. Шекара анықтамасын олар egov арқылы да онлайн рәсімдейді. Екінші жолы қағаз жүзінде. Шекара қоршауы туралы құжат дайындап, енді ұсыныс бермек ойда бар. Шекара біздің ауылдан 35-40 шақырым жерде, — деді Танат Кенбаев. 

Тағы бір тұрғын өзінің Қарағанды елдімекенінде тұратынын айтты. Бұл екі ел арасындағы шекарадан 25 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл.

Биыл жазда Жақсылық Бабиловтың жылқысы ұрланып, шекара асып кеткен. 12 бас жылқыны іздеу үшін алдымен рұқсат қағазын алып, Мәртөк ауданындағы Жайсаң шекара бекеті арқылы өтті. 

— Қазақстан мен Ресей шекарасының Қобда ауданы аумағы ішінара қоршалған. Көбісі ашық тұр. Жылқы жоғалып кеткен соң шекарадан өтіп, барып қарадым. Онда мал шаруашылымен айналысып жатқан ешкім жоқ, көбі егін егеді. Сай-салада қоралар бар, мал қамап қоятын. Малдың ішек-қарны да жатыр. Оны өз көзіммен көрдім. Әрине, заставада қызмет ететін шекарашылар көрсе, кері қайтарады. Бірақ көрмей қалатын да күндері болады. Мал ықтап, өтіп кетеді. Егер қоршау болса, кірмейді, — деді Жақсылық Бабилов.

Шекара заңдылығы бойынша шаруа өз малының ықтап өтіп бара жатқанын көрсе, соңынан қуа алмайды. Шекараны кесіп өтсе, жауапқа тартылады. 

— Рұқсат құжатын алып, Ресейге барған кезде шекарашылар жанымызда жүреді. Себебі шекара маңына адам өзі барып, қарай алмайды. Сондықтан шекарадан өткен малды іздемей-ақ қойса да болады. Тапсаң жартысын ғана әкелуге болады, кейде ол да жоқ. Заңдылығы бойныша шекарадан мал өтсе оны қамайды, иесін іздейді. Егер шаруа малдың өзіне тиесілі екенін құжат бойынша дәлелдесе, арнайы көлікке тиеп, шекара бекеті арқылы өткізуі тиіс. Оны айдап әкелуге болмайды. Ал қазір Ресейдегі таныстарымызға қоңырау шалып, кері қарай айдап жіберуін сұраймыз. Оған ақысын төлейміз. Біз оны мына беттен күтіп аламыз. Біз де дәл солай айдап жібереміз. Ресейде мал аз, егін басым, бізде шаруашылықпен айналысатындар көп, — деді ол Жақсылық Бабилов. 

Қобда ауданы әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, қарапайым тұрғындардың малы шекара аспады. Ал шаруалар міндетті түрде бақташы ұстауы тиіс. 

— Қобдада бір шаруа қожалығы 12 шақырым жерді қоршап қойды. Шаруа ісіне жауапкершілікпен қарап бақташы, малшыға сеніп тапсырады. Дұрысы осы. Малды үнемі қарап, айдап отыратын малшысы болуы тиіс. Ауданның шекара аумағы 200 шақырымнан асады, — деді Ізгілік Тынымгереев. 

Kazinform тілшісі ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановқа сұраныс жіберді. Сұранысқа аппарат басшысы О.Бектеновтен жауап келді.

Ақтөбе облысы мен Ресей арасындағы шекара ұзындығы — 988 шақырым. Ал Өзекстанмен арадағы шекара аумағы 243 шақырым болып тұр.

Мемлекеттік шекараның қанша шақырымында қоршау бар екені туралы ақпарат шектеулі мәліметтер қатарына жатады. 

— Шекараны күзету Мемлекеттік шекара туралы заңға сәйкес іске асады. 2024-2025 жылдары аралығында Ақтөбе облысы Қобда ауданының шекаралас елдімекені тұрғындарына тиесілі үй жануарларының шекарадан өту деректері тіркелмеді. «ҚР Мемлекетік шекара туралы» Заңда нақты мал жаюды ұйымдастыру мәселесі қарастырылмаған. Осы Заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде мемлекеттік шекара режимі қолданылады. Үкімет қаулысына сәйкес шекаралық белдеудің ені 100 метрді құрайды. Заңның 24-бабына сәйкес шекаралық белгеуге азаматтардың кіруі, шаруашылық, басқа да іс-шаралар жүргізуі Шекара қызметі берген рұқсатнама негізінде іске асырылады. Егер заң талаптары орындалмаса Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы бойынша жауапқа тартылады, — деп жазылған жауапта. 

Кодекстің «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара режимiн бұзу» бабы бойынша жеке тұлғаларға 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінде көліктер жиналып қалды.

2025 жылғы 17 қыркүйекте Қаржы министрі автомобиль көлігімен Мемлекеттік шекарасын кесіп өту, сондай-ақ жүк пен тауарларды тасымалдау ережесіне өзгеріс енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 20:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары