Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ақтөбедегі мемлекеттік архив қоймасы лық толы

Ақтөбедегі мемлекеттік архив қоймасы лық толы

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Архивтегі 709 мыңнан астам сақтау бірлігінің тек 35 мыңға жуығы цифрландырылды

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 1923 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе губерниялық архив бюросы болып құрылды. Содан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Сонымен бірге архивтің Қобда және Шалқар аудандық мемлекеттік филиалдары, 10 аудандық мемлекеттік архиві бар. Облыстық архивте бұрынғы партия, қала және облыс архивтерінің құжаттары сақтаулы. Сөйтіп үш мұрағаттың басы біріккен.

Фото: Алтынай Сағындықова

– Архивте 1860 жылдың метрикалық шіркеу кітаптары (туған, шоқынған, некеде тұрған, қайтыс болған адамдар туралы жазбалар тіркелген құжат-ред.) бар. Негізі құжаттар 1917 жылдан бастап сақталған. Партия ұйымының, қала архивінің құжаттары осында. Сонымен қатар облысымыздың жергілікті басқару органдарының, өнеркәсіп, құрылыс ісінің дамуы, электр станциясының салынуы, ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының дамуы, қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеу, қоныс аударылғандар жөнінде құнды дерек бар. Саяси қуғын-сүргін құрбандары, ашаршылық, шаруаларды ұжымдастыру құжаттары да сақтаулы. Барлығы 39 жеке тектік қор жинақталған. Бұл дегеніміз 32 жеке және 7 топтама құжат. Атап айтсақ «Кеңес Одағының батырлары», «Қазақстан Кеңес ұйымының билігін орнатушылар», «Ұлы Отан соғысына қатысушылар», «Еңбек ардагерлері», «Социалистік Еңбек ерлері», «Ақтөбе облысының спорт майталмандары», «Ақтөбе облысының интернационалист жауынгерлері» топтамалары бар, - деді деді Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Шарбану Мұхтарова.

Фото: Алтынай Сағындықова

Сонымен бірге 1880-1915 жылдары жарық көрген «Торғай облысының шолуы», 1913-1914 жылдардағы «Актюбинский городской вестник» журналдары, 1928 жылы жарыққа шыққан «Кедей» газеті, 1921-1923, 1929-1931 жылдары басылған «Степная правда» газетінің жинағы енген ғылыми анықтамалық кітапхананы осы мұрағаттан табуға болады.

Ғасырдан астам тарихы бар архивте бүгінде үш бөлім жұмыс істеп тұр. Олар: Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету, Ұлттық архив қорын толықтыру, Архив құжаттарын пайдалану және жариялау. Әрқайсысының өз жүгі бар. Ол жүк ауыр және жауапкершілігі жоғары. Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімі құжат қабылдаудан бөлек, оның толықтығын және физикалық жағдайын тексереді, сыртқы белгілерін, өше бастаған мәтіндерін қалпына келтіреді, қайта өңдеу жұмысын жүргізеді.

– Архив қызметі 1998 жылы бекітілген «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына және қолданыстағы ережелер мен нормативтерге сүйеніп отырып жүргізіледі. Басты міндет - Ұлттық архив қоры құжаттарының құндылықтарын сараптап, іріктеп, жинақтау, оларды есепке алып, сақтауға алу, сақталуын қамтамасыз ету және ғылыми айналымға енгізіп, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін пайдаланылуын жан-жақты қамтамасыз ету. Облыстық архивтің 640 мың сақтау бірлігіне арналған 2 ғимаратында 714 730 сақтау бірлігінен тұратын 1 634 қор жинақталған. Архив ғимараттары толы болған соң қазір жабылған мекемелердің құжаттарын ғана қабылдап жатырмыз, - деді ол.

Фото: Алтынай Сағындықова

Архивтер еліміздегі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасынан тыс қалмады. «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін енгізу мақсатында 2018 жылы цифрландыру жұмысы басталды. Архивте 714 мыңнан астам сақтау бірлігі болса, оның 35 мыңға жуығы ғана цифрландырылды. Жұмыс жалғасып жатыр. Алдымен мемлекет үшін бірінші дәрежелі аса құнды, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және тарихи маңызы бар және азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайтын, сұранысқа ие құжаттар сканерленді.

Фото: Алтынай Сағындықова

Құжат жоғалса әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің жинақтау дереккөздерін 554 ұйым мен мекеме құрайды. Бұл – өңірдегі мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, аумақтық органдар мен кәсіпорындар.

– Мекеме, ұйым, кәсіпорындардағы архив ісінің дұрыс жүргізілуін қадағалау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және архив ісі саласына қатысты заң талаптарының орындалуын бақылау. Бұл – біздің бөлімнің міндеті. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері мекемелерге кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетіп, семинарлар ұйымдастырады. Нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіріп, архив ісін дұрыс жүргізу жолдарын үйретеді. Бұл – құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жүйелі жұмыс. Өйткені біздің бөлім құжаттардың архив қоймасына түскенге дейінгі сатыдағы мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ әр үш жыл сайын паспорттау жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп, ұйымдарда сақталатын құжаттардың саны, жағдайы туралы мәліметтер жинақтаймыз. Яғни әр мекемеде қанша құжат бар екенін есепке аламыз. Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттардың есебін жүргіземіз. Паспорттаудың нәтижесінде болашақта қанша құжат мемлекеттік сақтауға түсетіні болжанады. Қазіргі таңда архив қоймалары шамадан тыс толық. Соған қарамастан жабылған ұйымдардың құжаттарын қабылдауға мәжбүрміз, - дейді Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Ағлен Бабасова.

Фото: Алтынай Сағындықова

Мұнда барлық құжат бірден жеткізілмейді. Құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен құжаттар мекеменің ведомстволық архивінде белгіленген мерзімде сақталады. Кейін сараптау және құндылығын анықтау рәсімінен өтеді. Ғылыми-тарихи құндылығы жоқ және сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды жою арнайы комиссия шешімі негізінде жүргізіледі. Аудандардың өз архиві, қоймасы бар. Аудандық деңгейдегі ұйымдардың құжаттары сонда түседі.

– Архив – тарихтың айнасы. Бір құжаттың жоғалуы – бір кезеңнің үзілуі. Сондықтан құжаттың бүлінуі немесе жоғалуы заң аясында жауапкершілікке әкеледі, - деді Ағлен Бабасова.

Қылмыстық іс «Ұрлық», «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру», «Қызметтік немқұрайлылық», «Салғырттық» баптарында қарастырылған. Сонымен бірге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте іс «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша сараланады. Жауапкершілік құжатты қалай жоғалтқанына қарай анықталады.

Архивте Орынбор, Уфа, Санкт-Петербургтен әкелінген құжаттар бар

Архивтегі үшінші бөлім – Архив құжаттарын пайдалану және жариялау. Мұнда алыс, жақын шетелден келген зерттеушілер, ел ізденімпаздарының талап-тілегі орындалады. Келуші алдымен өтініш жазып, өзінің қай тақырыпта құжат іздеп жүргенін айтады. Кейін бөлім мамандары алдын ала дайындалан картотеканы ұсынады. Әр құжаттың шифры, яғни, коды болады. Коды белгілі болса, құжатты іздеп табу жеңілдейді.

Фото: Алтынай Сағындықова

– Келушілерге сұранысына сай құжаттарды береміз. Мұнда магистранттар, зерттеушілер, тарихшылар келеді. Сонымен бірге қазір ата-бабасы туралы ақпарат іздейтіндер де жиі кездеседі. Оқу залына жылына 250 зерттеуші келеді. Оның ішінде Қазақстан өңірлерінің азаматтары бар. Одан бөлек алыс, жақын шетелден де келеді. Франциядан келген зерттеуші кеше ғана шешен халқының қоныстануы туралы мәлімет алды. Германия, Ресей, Австралия, Жапония, Италия, Украинадан да келген. Егер мәлімет табылса, көшірмесін алу үшін тағы да өтініш жазады, - деді Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Жанаргүл Әжіғалиева.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Архив қорында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы іс құжаты бар. Онда Әлияның өмірбаяны, балалық шағы туралы туыстарының естеліктері, сіңлісі Сапураға жазған хаттары, Сапураның Әлия туралы туралы естеліктері, ерлігі, марапаттары жинақталған. Ефрейтор Лия Молдағұлованы Кеңес Одағының батыры атағымен, «Алтын жұлдыз» медалі және «Ленин» орденімен марапаттау туралы құжаттары, фотосуреттері сақтаулы. Сонымен бірге жеке тектік қордан Шығанық Берсиев туралы құнды құжаттарды табуға болады. Бұл архивтің жеке тектік қорына қабылданған ең алғашқы құжат.

– Шығанақ Берсиевтің тарысы 1949 жылы қабылданған. Көбі осы тарыны көруге құштар. Көруге болады, бірақ ешкім де алып кете алмайды. Мұнда архив құжаттары бойынша жинақталған «Шығанақ шыққан шың» кітабы да сақталған, - деді Жанаргүл Әжіғалиева.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Архивтегі тағы бір құнды қор – шетел архивтерінен әкелінген құжаттар. «Архив- 2025» жобасы аясында 2019 жылы Орынбор, 2022 жылы Санкт-Петербург, 2023 жылы Башқұртстанның Уфа қаласындағы архивтерден 195 іс құжаттары әкелінді. Құжатты зерттеушілер, тарихшылар аса қызығушылықпен қарап, танысты. Мұнда «Ғалия» медресесінің құжаттары да бар. Фотодан Мұстафа Шоқай, жазушы, «Садақ» журналының редакторы Жиенғали Тілепбергенов секілді бірқатар қазақ зиялыларын көруге болады. Үш қаладағы мемлекеттік архивтен әкелінген құжаттарды әлі де зерттеу керек-ақ. Архив қызметкерлерінің өзі де мақалалар жазып, жариялап отырады. Мұнда кітап та құрастырылды.

– «Ақтөбе қаласы архивтік фотоқұжаттарда» атты жаңа альбомы 1900–1990 жылдар аралығындағы сирек фотосуреттерді өзіне жинақтаған. Онда қала іргетасының қалануы, қалыптасу кезеңдері, сәулеті мен келбеті, туған жеріміздің тарихы мен рухы айрықша айшықталады. «Ұлы Отан соғысының тарихынан 1941-1945 ж.ж» атты ғылыми-көпшілік жинағында сол кезеңдегі саяси, экономикалық жағдай, қоғамдық өмір, майдандағы ахуал, тылдағы тыныс-тіршілік, сондай-ақ ақтөбеліктердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері қамтылған. «Ақтөбе өңіріндегі Алаш қозғалысы» құжаттар жинағы ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ халқының қайғылы тарихына арналған. Қазір «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – Қазақстан қара металлургиясының бастауы» құжаттар жинағы баспадан шығаруға дайындалып жатыр, - деді бөлім басшысы.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Айта кетейік, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова архив қоймасының 112%-ға толып тұрғанын хабарлады. Лық толы архив орнына жаңасын салу жоспары кейінгі шегерілген. Себебі елімізде 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін қандай да бір құрылыс жүргізуге мораторий жарияланған. Әзірге мәдениет саласының жаңа нысандарына бюджет қаржысы жұмсалмайды. Алайда Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы архив жобасы жасалып жатқанын хабарлады.

Фото: Алтынай Сағындықова Фото: Алтынай Сағындықова

Еске салсақ, бүгінде елімізде 236 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Онда жалпы көлемі 27,8 миллион сақтау бірлігін құрайтын 74 725 архив қоры сақтаулы. 3 миллионнан астам іс электрондық форматқа көшіріліп, азаматтардың архив материалдарына қолжетімділігін едәуір арттырды.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева архив қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтағанын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 16:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары