Арбитраждық сот елдің Қашағанға қатысты 12 млрд долларлық талабын қабылдамады Bloomberg
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Халықаралық төрелік сот Қазақстанның Қашаған кен орнын игеру шығындарына қатысты дау бойынша мұнай компанияларынан шамамен 12 миллиард доллар өндіріп алу әрекетін қабылдамады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Талап арыз тым кеш берілген, сондықтан ол қаралмады. Дау 2011–2015 жылдар аралығындағы шығындарға қатысты болған. Осыған байланысты төрелік сот бұл талаптарды қараудан бас тартты, деді Bloomberg.
Sputnik Қазақстан түсініктеме алу үшін Энергетика министрлігіне хабарласты. Алайда, ведомство істің құпия сипатқа ие екендігін айтты.
"Жоғарыда аталған төрелікке (арбитражға) қатысты барлық материалдар, соның ішінде істің нақты мән-жайларына қатысты деректер, өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісімде, сондай-ақ дауласушы тараптар арасындағы төрелік келісімде көзделген құпиялылық талаптарына бағынады. Бұл талаптар процеске қатысушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады. Осыған байланысты, құзыретті орган шектеулерді алып тастағанға дейін, Энергетика министрлігіне ақпаратты жария етуге, түсініктемелер немесе пікірлер беруге, я болмаса қарастырылып отырған істің мән-жайын өзге де жолдармен талқылауға рұқсат етілмейді. Құпиялылық режимі өзгертілмегенше, қосымша ақпарат беру мүмкін емес", — деді министрлік.
Қашаған — Каспий теңізінің қазақстандық секторында, Атыраудан 80 шақырым қашықтықта орналасқан аса ірі теңіз мұнай-газ кен орны.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















