Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Арман Жүдебаев амандасу мәдениетінің қоғамдағы рөліне тоқталды

Арман Жүдебаев амандасу мәдениетінің қоғамдағы рөліне тоқталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы қоғамдағы әдеп пен мінез-құлық мәдениетін сақтаудың маңызын үнемі айтып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл бағыттағы ойларға мәдениет қайраткерлері де үн қосып жатыр. Солардың бірі – дирижер Арман Жүдебаев. Ол ақ пейіл, ізет және амандасу әдебінің ұлт мәдениетіндегі орны туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, ақ пейіл мен ізет – қазақ мәдениетінің өзегі. Өнер иесі ұлттық тәрбиенің күнделікті қарым-қатынастан басталатынын айтып, халқымызға тән амандасу мәдениетін сақтаудың маңызын атап өтті.

– Қазақ халқының дүниетанымында ақ пейіл ұғымының орны ерекше. Ақ пейіл – тек адамның таза ниеті ғана емес, өзгеге деген құрметі мен ізетінің күнделікті өмірдегі көрінісі. Ол адамның амандасуынан, сөйлесу мәнерінен, үлкенге көрсеткен құрметі мен кішіге танытқан ізетінен, айналасындағы адамдардың қадір-қасиеті мен жеке кеңістігін сыйлай білуінен аңғарылады. Сондықтан мәдениет музейден де, кітапханадан да бұрын әр адамның мінез-құлқынан басталады деп ойлаймын.

Жылы сөз айту, алғыс білдіру, орын беру, жөн-жоралғыны сақтау – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарының ажырамас бөлігі. Солардың ішінде сәлем беру әдебіне қазақ халқы айрықша мән берген. «Сәлем – сөздің анасы» деген нақыл – осының дәлелі.

Әр халықтың өзіндік сәлемдесу мәдениеті бар. Бұл – жай ғана күнделікті әрекет емес, тұтас ұлттың дүниетанымын, тәрбиесін және адамға деген көзқарасын танытатын мәдени белгі. Қазақ үшін амандасу – ең алдымен құрметтің көрінісі. Қолды жүрек тұсына қойып, «Ассалаумағалейкум!», «Сәлеметсіз бе!» деп ізет білдіру – сыртқы рәсім ғана емес, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары халқымыздың болмысына жат кейбір қарым-қатынас үлгілері белең алып келеді. Әсіресе, бір-бірін жақын танымайтын адамдардың құшақтасып немесе беттен сүйіп амандасуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Мұндай әрекет қазақы әдеппен де, ұлттық таныммен де толық үйлесе бермейді.

Әдеп – тек сыпайылық емес. Әдеп – адамның шекарасын сезіне білу, өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Амандасу да осы ұстанымнан бастау алуы тиіс. Өйткені әрбір адам – бір әулеттің перзенті, біреудің жары, анасы, әкесі, бауыры. Оған құрметпен қарау – өз мәдениетімізге деген құрмет.

Мұны өзгеге тыйым салу немесе өзге мәдениетті жоққа шығару деп түсінбеуіміз керек. Әр халықтың өзіне тән әдебі бар. Өзгені құрметтеу – өз болмысыңнан бас тарту деген сөз емес. Керісінше, әлемнің байлығы – әр ұлттың өз ерекшелігін сақтай білуінде.

Өнер жолында жүріп бір ақиқатты терең түсіндім. Оркестрдегі әрбір аспаптың өз үні бар. Домбыра қобыздың үнін қайталамайды, қобыз сыбызғының орнын баспайды. Әрқайсысы өз табиғаты мен бояуын сақтағанда ғана үйлесімді әуен дүниеге келеді. Егер барлық аспап бір-біріне ұқсауға тырысса, оркестрдің сәні де, сазы да жоғалар еді.

Өмірде де дәл солай. Халықтар арасындағы жарасым әркімнің өз мәдени үнін сақтай білуінен басталады. Амандасу әдебі, сөйлеу мәдениеті, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамның жеке кеңістігін сыйлау – мұның бәрі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қайталанбас рухани болмысы.

Ұлттың мәдениеті тек үлкен мерекелерде немесе салтанатты жиындарда емес, күнделікті қарапайым қарым-қатынастан көрінеді. Ақ пейілімізді, ізетімізді, амандасу мәдениетімізді және бір-бірімізге деген сыйластығымызды сақтай алсақ, ата-бабамыз аманаттаған рухани мұрамыздың да ғұмыры ұзақ болмақ.

Жүрегімізден ақ пейіл, сөзімізден ізгілік, ісімізден құрмет арылмасын. Баршаңызға амандық, береке және өзара сыйластық тілеймін!-деп жазды ол.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары