Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

“Асқақ тұлға, қайсар мінез“. Алматыда қаралы жұрт Мұхтар Шахановпен қоштасуға жиналды: 21 сәуір 11:07 жаңалықтар

“Асқақ тұлға, қайсар мінез“. Алматыда қаралы жұрт Мұхтар Шахановпен қоштасуға жиналды: 21 сәуір 11:07 жаңалықтар

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыда жұртшылық көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салуға жиналды. Қоштасу рәсімі 21 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұхтар Шаханов 19 сәуірде 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның қайтыс болғаны туралы хабарлап, ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында көңіл айтты.

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасуға мыңдаған адам келді. Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратына кезек таңертең ерте басталды.

Рәсім басталғанда зал лық толды: адамдар дәліздерде, фойеде, тіпті кіреберіс баспалдақтарда тұрды.

Ақынның денесі ҚазҰОБТ-ның үлкен залына қойылды. Сондай-ақ оның мемлекеттік наградалары мен ескерткіш белгілері орналастырылды.

Ақынмен қоштасуға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және басқа да мемлекет қайраткерлері келді.

"Бұл қаза бәріміздің қабырғамызды қайыстырған ауыр қаза болды. Отбасына, жақындарына және бүкіл қазақ халқына қайғырып көңіл айтамыз. Жалпы, Мұхтар Шаханов дегенде, ең алдымен оның асқақ тұлғасы, ұлттық рухы мен қайсар мінезі еске түседі. Өйткені ол сөзімен де, ісімен де ұлттың намысын қорғаған бірегей тұлға еді", - деді саясаткер Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ақынмен қырғызстандық жазушы Шолпонбек Абыкеев қоштасып, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың көңіл айту сөзін жеткізді:

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қымбатты қазақ бауырлар! Қазақтың ұлы ақыны, Қырғызстанға танымал мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш елшісі, Шыңғыс Айтматовтың және бүкіл қырғыз халқының досы Мұхтар Шахановтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Ол тек ұлы қазақ халқының ғана емес, қырғыз халқының да арқасүйері, біртуар тұлғасы еді. Сондықтан қырғыз жұртшылығы бұл қазаны тірегінен айрылғандай ауыр қабылдап, қайғырып отыр", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

"Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Мұхтар Шаханов – белгілі кеңестік және қазақстандық ақын әрі жазушы, саяси қайраткер, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты. Қазақстанның Еңбек Ері, республиканың халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны.

Әр жылдары облыстық және республикалық газеттердің тілшісі, Қазақ радиосында, "Жалын" журналында редактор болды. Көптеген поэзиялық кітаптардың авторы, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып жұмыс істеді. Түрлі марапаттармен марапатталған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары