Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астана аспанында аэротакси

Астана аспанында аэротакси

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Аэротакси сырттай қарағанда тікұшаққа ұқсайды. Бірақ ұшу тәсілі де, мүмкіндігі де мүлде бөлек. Қытайлық «AutoFlight» компаниясы әзірлеген Prosperity әуе кемесі тік көтеріліп, тік қона алады. Бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған шағын ұшақ сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшады. Қуаты да 200 шақырым қашықтыққа жетеді.

Әуе кемесі толықтай электр қуатымен жұмыс істейді. Сондықтан ауаға зиянды қал­дық шығармайды әрі дәстүрлі тікұшақтарға қарағанда әлдеқай­да тыныш ұшады.

Бұл – еліміз үшін мүлде жаңа дүние. Бұған дейін мұндай көлік түрін пайдалану үшін қажетті заңнамалық база болмаған еді. Енді оның құқықтық негіздері толыққанды жасалды. Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемелерінің, вертипорттардың және төмен биіктіктегі әуе қозғалысын басқару жүйесінің құқықтық мәртебесін айқындайды.

Астана аспанындағы алғаш­қы ұшу – еліміздің жаңа технологияларды енгізуге дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.  Аэротакси болашақта жолаушы тасымалымен ғана шектелмейді. Ол жедел медициналық көмек көрсетуге, құтқару жұмыстарын жүргізуге, шұғыл жүк жеткізуге, табиғи апаттар кезінде әрекет етуге, туристік бағыттарды дамытуға да кеңінен қолданылуы мүмкін. Әсіресе көлік қаты­насы қиын немесе халық тығыз ор­наласқан аймақтар үшін мұн­дай технологияның тиімділігі жоғары.

Әлемдік тәжірибе мұндай технологияның келешегі зор екенін көрсетіп отыр. АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның бірқатар мемле­кеті қалалық әуе мобильдігін дамытуға қомақты инвестиция салып келеді. Ірі қалалардағы көлік кептелісі, экологиялық мәселелер мен уақыт үнемдеу қажеттілігі жаңа көлік түріне деген сұранысты арттырды. Сарапшылардың болжамынша, алдағы онжылдықта электр қуатымен жүретін аэротаксилер халық саны көп қалаларда басты көлік түріне айналады.

Елордада өткен де­мон­­­­­­­стра­­ция­лық ұшуға мем­лекет­тік органдар мен ­авиа­ция са­ласы­ның мамандары, инвестор­лар мен халықаралық серіктес компаниялардың өкілдері қатысты. Жобаны қазақстандық «Alatau Advance Air Group Ltd.(AAAG)» компания­сымен бірге Оңтүстік Кореяның «Korea Airports Corporation», Италияның «UrbanV» және Қытайдың «AutoFlight» компаниялары іске қосып жатыр.

Жалпы, қалалық әуе мобильдігін дамытудың ­пило­т­тық алаңы ретінде Алатау қаласы таңдалған. Жаңа шаһар­да вертипорттар салу, төмен биіктіктегі әуе қозғалысын цифрлық басқару жүйесін енгізу, техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашу және өңірдегі алғашқы UAM Center Eurasia орталығын құру жоспарланып отыр. Мұнда әуе көлігін пайдалану ғана емес, жаңа технологияларды сынақтан өткізу, мамандар даярлау мен өндірістік жобаларды дамыту көзделген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 10:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары