Астанада екінші әуежайдың орны анықталғаны рас па?
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Бұқаралық ақпарат құралдарында Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны анықталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты мәлімет шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Мәліметте көрсетілген "Елордадан солтүстік-батыс бағытында - Шортанды кенті бағытына қарай, Астана - Көкшетау тасжолының бойындағы аумақ" Астана қаласының әкімшілік шекарасына кірмейді. Осыған байланысты аталған аумақ екінші әуежайдың орны ретінде Астананың Бас жоспарында қарастырылуы мүмкін емес", - делінген әкімдік хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Астана қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу аясында тек ықтимал перспективалық бағыттар ғана қарастырылуда.
"2035 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жобасы елордалық мәслихат депутаттарының мақұлдауынан кейін Үкіметтің келісуіне жолданатын болады", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Әкімдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенулерін сұрайды.
Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынажүгінуге болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Маусым 2026 17:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















