Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астанада OpenAI серіктестігімен әлемдегі ең ірі AI хакатондардың бірі өтеді

Астанада OpenAI серіктестігімен әлемдегі ең ірі AI хакатондардың бірі өтеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі — HackAlem AI өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Хакатонның ресми серіктесі — OpenAI.

HackAlem AI қатысушылары жеке AI-шешімдерін әзірлеп, іске қосу үшін жалпы құны 1 миллион долларға дейінгі OpenAI технологиялық ресурстарын пайдалана алады. Жеңімпаздарға қосымша 100 мың доллар көлеміндегі OpenAI API-токендері табысталады, ал хакатонның жалпы ақшалай жүлде қоры 100 мың долларды құрайды. Осылайша, HackAlem AI жүлделері мен технологиялық ресурстарының жалпы құны 1,1 миллион долларға жетеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумының төрінде өтеді.

Тіркелу басталды. Қатысуға өтінімді hackalem.ai сайты арқылы беруге болады.

«Қазақстанда HackAlem AI хакатонын өткізу – еліміздің AI-экожүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам. Біз Қазақстан мен өзге елдердің әзірлеушілеріне озық технологияларды игеріп, жаңа шешімдер әзірлеуге және оларды әлемдік нарыққа шығаруға толық жағдай жасап отырмыз. Басты мақсатымыз – Қазақстанды дарынды мамандар, технологиялар мен AI-инновациялар тоғысатын орталыққа айналдыру», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

HackAlem AI – қатысушылар қысқа мерзім ішінде идеядан бастап, нақты жұмыс істейтін AI-шешімдерді әзірлеп шығара алатын алаңға айналмақ. Командалар бизнес, мемлекет және экономиканың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған технологиялық өнімдер жасайды.

Silkroad Innovation Hub үшін HackAlem AI аясында OpenAI-мен технологиялық серіктестік орнату – Қазақстан мен Орталық Еуразияның дарынды жастарына жаһандық AI-құралдарын қолжетімді ету жолындағы маңызды қадам. Мықты экожүйе әзірлеушілер, стартаптар мен технологиялық командалардың тек тамаша идеясы болғанда ғана емес, сондай-ақ оларға озық құралдар, сарапшылық қолдау және нақты міндеттер қолжетімді болғанда ғана қалыптасатынына сенеміз. HackAlem AI дәл осындай ортаны қалыптастырады: қатысушылар OpenAI технологияларымен жұмыс істеп, іс жүзінде қолдануға болатын AI-шешімдерді әзірлейді, сондай-ақ корпорацияларға болашақ пилоттық жобалардың негізіне айналатын командалар мен өнімдерді ұсына алады», – деп атап өтті Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы әрі CEO-сы Асет Абдуалиев..

Хакатонға кәмелет жасына толған әзірлеушілер, студенттер, жас мамандар мен IT-энтузиастар қатыса алады. Қатысушылардың IT және технология саласында білімі немесе жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Не болмаса, олар өз біліктілігін жеке жобалары, прототиптері, қосымшалары немесе зерттеу жұмыстары арқылы дәлелдей алуы тиіс. Сонымен қатар, IT, бағдарламалау, инженерия, технология, математика немесе цифрлық өнім дизайны бағыттары бойынша оқып жатқан немесе соңғы 12 ай ішінде күндізгі бөлімде білім алған студенттер мен жас мамандар да бақ сынай алады.

Хакатонға қатысудың міндетті шарты – 2026 жылғы 23 қыркүйекте Астанадағы іс-шара алаңында қатысушының өзінің болуы. Жол жүру, жатын орын және Астанада болумен байланысты барлық шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

OpenAI технологияларымен жұмыс істеу мүмкіндігінен бөлек, қатысушыларға HackAlem AI фирмалық мерчі мен атаулы сертификаттар табысталады. Оған қоса, хакатон кәсіби нетворкинг орнатуға таптырмас алаңға айналмақ: мұнда қатысушылар Қазақстан мен шет елдерден келген әзірлеушілермен, AI-энтузиастармен, стартапшылармен және технологиялық сала өкілдерімен танысып, байланыс орната алады.

Хакатон қорытындысы бойынша қазылар алқасы негізгі бағыттардағы үздік AI-шешімдерді іріктейді. Әлеуеті жоғары жобалар әрі қарай дамып, серіктестермен бірлесе отырып пилоттық жоба ретінде іске қосылу мүмкіндігіне ие болады.

HackAlem AI хакатонының ұйымдастырушылары мен серіктестері: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, AI & Digital Bridge, Blockchain & AI Technology Center және OpenAI.

HackAlem AI Қазақстандағы ең ірі AI-шаралардың біріне айналып, Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген әзірлеушілердің, технологиялық кәсіпкерлер мен жасанды интеллект энтузиастарының басын қосады. Хакатонды өткізу халықаралық технологиялық ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар, бұл өңірдегі дарынды жастарға әлемдік нарыққа бағытталған AI-шешімдерді әзірлеуге жол ашады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары