Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды - сақина, сырға және білезікті қолды қылған.
Қылмыс жасағаннан кейін ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты.
"Күдіктінің жеке басы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталды. Ол еліміздің басқа өңірінде ұсталып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды",- деп мәлімдеді полицейлер.
Бұған дейін 12 тоннадан астам алтын құрамды материал заңсыз айналымнан тәркіленгенін жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Астанада полиция брендтік тауарларды заңсыз сатумен айналысқан күдіктіні ұстады
01 Сәуір 2026 16:14
Шымкентте полиция интернет алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады
27 Сәуір 2026 11:55
Зайсандағы кісі өлтіруге оқталу полиция екі күдіктіні ұстады
09 Сәуір 2026 17:01
38 жастағы әйел Лувр ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді
02 Қараша 2025 05:09
Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды
24 Желтоқсан 2025 05:16
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 18:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















