Астанада Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанада 10-11 қазан күндері Түркістан мен Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жәрмеңкеде екі өңірдің шаруалары мен тауар өндірушілері елорда тұрғындарына 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін ұсынады. Сауда сөрелерінде ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, балық, жұмыртқа, бал, кептірілген жемістер және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері болады.
Өнімдерді тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік қарастырылған.
Түркістан облысынан жәрмеңкеге 60 тонна ет және ет өнімдері, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 60 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері, бал, кептірілген жемістер және басқа да өнімдер жеткізіледі.
Батыс Қазақстан облысы 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.
Жәрмеңке 10-11 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















