Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астанада ұстаздар қауымдастығы мен депутаттар жаңа Конституция жобасын талқылады

Астанада ұстаздар қауымдастығы мен депутаттар жаңа Конституция жобасын талқылады

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шара аясында білім беру саласының мамандары мен ҚР Парламентінің депутаттары Ата Заңға енгізілген реформаларды талқылап, оның қоғам өміріне тигізер әсерін саралады.

Жиынға Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ, Серік Ерубаев, Айдос Сарым және Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай қатысты. Келелі кеңесті «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Ермаханұлы модератор ретінде жүргізіп, мемлекеттік маңызы бар бастамаларды білім беру құндылықтарымен ұштастырды.

Талқылау барысында депутаттар мен қатысушылар Конституцияның 23-бабындағы «сөз еркіндігіне, ғылыми және көркем шығармашылық еркіндігіне берілетін кепілдіктер» туралы нормаларға ерекше тоқталды. Саясаткерлердің пікірінше, бұл — зияткер ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Ендігі кезде шикізат емес, адам капиталы мен жаңа идеялар ел дамуының негізгі қозғалтқышына айналмақ.

Жиынның ең әсерлі сәттерінің бірі — сұрақ-жауап бөлімі болды. «Спектрум» мектебінде еңбек ететін шетелдік маманның: «Жаңа Конституция қарапайым халықтың өмірінде заң үстемдігін қалай қамтамасыз етеді?» — деген сауалы қызу пікірталас тудырды.

Бұл сауалға жауап берген депутаттар мен заңгер-ғалымдар Конституциялық соттың рөлі, азаматтардың құқығын қорғаудың жаңа тетіктері мен «Әділетті Қазақстан» концепциясының іс жүзіндегі көріністерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Фото: Мәжіліс

Жиын барысында Парламент өкілдері Жаңа Конституцияның әр салаға тигізер оң әсерін жан-жақты талдап, ұстаздар қауымына маңызды бағыт-бағдар берді.

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтар мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне басымдық берді.

— Жаңа Конституция — бұл тек заңдар жиынтығы емес, бұл біздің рухани кодымызды сақтай отырып, заманауи ашық қоғам құрудың жол картасы. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Біз балаларымызды цифрлық кеңістіктегі жат ағымдардан қорғап, олардың бойында сыни ойлау қабілеті мен медиасауаттылықты дамытуымыз керек. Бұл істе ұстаздардың рөлі ерекше, — деп атап өтті Бибігүл Нұрғалиқызы.

Мәжіліс депутаты, заңгер-ғалым Үнзила Шапақ адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі туралы баяндады.

— Конституциялық соттың құрылуы және азаматтардың тікелей шағым түсіру мүмкіндігі — заң үстемдігінің басты кепілі. Бұл өзгерістер қарапайым мұғалімнің құқығын қорғауға, оның еңбек жағдайы мен әлеуметтік мәртебесінің заңмен шегеленуіне тікелей әсер етеді. Әділеттілік — соттан емес, әр азаматтың құқықтық сауаттылығынан басталады, — деді Үнзила Шапаққызы.

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Ата Заңдағы өзгерістердің экономикалық тұрақтылыққа ықпалын түсіндірді.

— Экономикалық еркіндік пен меншік құқығының қорғалуы білім саласына инвестиция тартуға жол ашады. Жаңа Конституцияда мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері, соның ішінде білім беруді қаржыландыру басымдығы айқын көрсетілген. Тұрақты заң — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер береді, — деп түйіндеді Серік Сәрсенұлы.

«Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Ермаханұлы Жаңа Конституция — бұл әділетті қоғамның іргетасы екенін атап өтті.

— Біз тек пән үйретіп қана қоймай, саналы, құқықтық мәдениеті жоғары азамат тәрбиелеуіміз керек. Жаңа Конституция — бұл әділетті қоғамның іргетасы, ал ұстаздар — сол іргетастың берік болуын қамтамасыз ететін негізгі күш, — деді ол.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумның тарихи маңызын атап өтіп, бұл науқанның әрбір азамат үшін жеке жауапкершілік екенін айтты. Мұғалімдер қауымы құқықтық сауаттылықты арттыру мен демократиялық өзгерістерге белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Бұдан бұрын Ерлан Саиров жаңа Конституцияда азаматтар құқығына 30 бап арналғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:250
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 18:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары