Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Атқарушылық жазба: нотариусты енді жүйе автоматты түрде таңдайды

Атқарушылық жазба: нотариусты енді жүйе автоматты түрде таңдайды

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өзгерістерге сәйкес, атқарушылық жазба жасау туралы өтініштер БНЦЖ арқылы автоматтандырылған түрде нотариустар арасында бөлінеді. Нотариус кездейсоқ таңдау арқылы анықталып, өтініштердің нотариустар арасында біркелкі бөлінуі қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қағидалар "Атқарушылық жазба жасау туралы өтініштерді бөлу тәртібі" атты жаңа тараумен толықтырылды.

Енді өндіріп алушы атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті қажетті құжаттарды қоса тіркеп, БНЦЖ-дағы жеке кабинеті арқылы береді.

Нотариустар арасында келесі талаптарға сай берілген өтініштер автоматты түрде бөлінеді:

жеке тұлғалардың жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштері; заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштері.

Өндіріп алушының өтініші БНЦЖ-ға түскеннен кейін жүйе көрсетілген талап бойынша бұған дейін атқарушылық жазба жасалған-жасалмағанын автоматты түрде тексереді.

Егер жүйеде бұрын жасалған атқарушылық жазбаның қайталануы анықталса, өтінішті өңдеу тоқтатылады. Бұл туралы өндіріп алушыға БНЦЖ арқылы тиісті хабарлама жіберіледі.

Егер қайталанған атқарушылық жазба анықталмаса, өтініш БНЦЖ арқылы нотариустар арасында автоматты түрде бөлінеді.

Егер нотариус өтініш бөлінген сәттен бастап 30 минут ішінде оны қабылдамаса, БНЦЖ өтінішті басқа нотариусқа қайта бөледі.

Қандай жағдайда өтініш нотариусқа бөлінбейді?

Өтініш мынадай жағдайларда нотариусқа бөлінбейді:

нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатылғанда; уақытша еңбекке жарамсыз болғанда; еңбек демалысында болғанда; жүктілік және босану демалысында болғанда; бала үш жасқа толғанға дейін оны күту бойынша демалыста болғанда; нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда немесе шығарылғанда; нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы тоқтатылғанда, күшін жойғанда немесе одан айырылғанда.

Өтінішті қабылдағаннан кейін нотариус өндіріп алушы ұсынған құжаттарды нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

БНЦЖ өндіріп алушыға нотариаттық іс-әрекетті жасау үшін төлем енгізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарламада нотариустың банк реквизиттері көрсетіледі.

Атқарушылық жазба барлық қажетті құжаттар ұсынылып, нотариаттық іс-әрекет үшін төлем жасалған күні жасалады.

Нотариустар арасында атқарушылық жазба жасау туралы өтініштердің қалай бөлінгені жөніндегі есеп БНЦЖ-да қалыптастырылып, орналастырылады.

Нотариаттық қызмет үшін төлем мөлшеріне де өзгеріс енгізілді

Сонымен қатар жеке нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны және өзге де қызметтер көрсеткені, сондай-ақ нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері мен телнұсқаларын бергені және кеңес бергені үшін алынатын төлем мөлшеріне қатысты тармақ жаңа редакцияда жазылды.

Қалалық жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті (жер учаскелері, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, құрылыстар және басқа да жылжымайтын мүлік) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру үшін:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болса – 17 АЕК (2026 жылы 73 525 теңге);

құны 30 АЕК-ке дейінгі мүлік үшін:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері мен әпке-сіңлілеріне, немерелеріне – 3 АЕК (12 975 теңге); басқа тұлғаларға – 8 АЕК (34 600 теңге);

құны 30 АЕК-тен жоғары мүлік үшін:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері мен әпке-сіңлілеріне, немерелеріне – 7 АЕК (30 276 теңге); басқа тұлғаларға – 12 АЕК (51 900 теңге); егер мәміле ипотекалық тұрғын үй қарызы есебінен жылжымайтын мүлік сатып алу мақсатында жасалса – 4 АЕК (17 300 теңге).

Бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 14:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары