Атырауда сырттан келген полиция экипаждары туралы қауесет жоққа шығарылды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматыдағы соңғы оқиғалар аясында әлеуметтік желіде Атырауға өзге өңірлерден полиция экипаждары жеткізілді-міс деген қауесет тарай бастады.
Сөз болып отырған аудиохабарламаларда жолдардағы бақылауды күшейту үшін қалаға басқа өңірлерден, соның ішінде Шымкенттен полиция қызметкерлері жіберілгені айтылады. Желі қолданушылары бұл болжамдарды Алматыдағы жағдаймен байланыстырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда адам өліміне әкеп соқтырған ірі жол апатынан кейін еліміздің әртүрлі аймақтарынан полицейлерді тарта отырып, ауқымды «Заң бұзушылыққа тосқауыл» операциясы жүргізілген болатын.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.
— Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды. Өзге өңірлерден Атырауға ешқандай экипаж жіберілген жоқ, — деп хабарлады полиция өкілдері.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде «Ақжайық» қонақүйінің маңында түсірілген бейнежазбалар тарады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, онда полиция экипаждары күн сайын дерлік кезекшілікте тұрады.
Полиция бұл жағдайға қатысты анықтама беріп, қаладағы қызмет атқару штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын, ал жекелеген учаскелердегі бақылаудың күшеюі жоспарлы профилактикалық іс-шаралармен байланысты екенін түсіндірд
Айгүл МАНСҰРОВА
Бүгін, 11:30
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:15
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 13:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















