Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ауыл мұғалімі жолда тұрып қалған көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген

Ауыл мұғалімі жолда тұрып қалған көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Керекуде бірнеше күн қатарынан соғып тұрған ақ түтек боран талай жолаушының сапарын бөгеп, жол қозғалысын қиындатты. Осындай сын сағаттарда жол бойында тұрып қалған көліктерге көмекке келіп, ат құлағы көрінбейтін боранда жол көрсеткен Мария Бедринаның әрекетін көпшілік ерлікке балап отыр.

Ол Ақсу мен Павлодар қалалары арасындағы автожолда тұрып қалған көліктердің алдына шығып, төрт шақырым бойы жаяу жүріп отырған. Соның нәтижесінде барлық жолаушы Павлодар қаласының іргесіндегі Атамекен кентіне аман-есен жеткен.

Мария Николаевнаның жұртты сүйсінткен бұл ісі қазір әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ал қайсар жан өз әрекетін ерлік деп ойламайды.

- Бұл күні отбасымызбен Ақсу қаласынан үйімізге оралып келе жатқан едік. Тереңкөл ауданының орталығында тұрамыз. Көлік рулінде күйеуім болды. Сағат күндізгі үш-төрттердің шамасында Ақсудан ұзай бергенде ауа райы күрт бұзылып, ақ түтек боран басталып кетті. Жол мүлде көрінбей қалған соң, жиекке түсіп кетеміз бе деп қорыққан көліктер бірінен соң бірі тоқтай бастады. Сол сәтте ең бастысы Атамекен кентіне жетуіміз керек екенін, тұрып қалсақ көліктерімізді қар басып қалатынын түсіндім де, көліктен шығып алға қарай жүре бердім. Сөйтсем біздің алдымызда шамамен алты көлік тұр, оның үшеуі жолдың екі жолағын да жауып тұр. Арлы-берлі көліктердің өтуі мүмкін емес. Біреу жол бастауы керек болды. Ал жолдасым көлік рулінде маған қарағанда өзін сенімдірек сезінеді. Сондықтан алға шықтым да, алғашқы тұрған көліктің терезесін тықылдатып, соңымнан ер деп белгі бердім, - дейді ол.

Осылайша ол бірде тоқтап, бірде алға жылжиды. Күн сәл ашылған сәтте көліктердің басында келе жатқан өзге әйел адамның көлігіне мініп, жылынып отырған. Шамамен төрт шақырым жолды басып өткенде Атамекен кентіне кіреберістегі көпірге жетеді.

Фото: Мария Бедринаның жеке мұрағатынан

- Мен үшін ең бастысы бұл күні үйге аман-есен жету еді. Үйде балаларымыз күтіп отыр. Салонда бізбен бірге қызым болған, оның өмірі үшін де алаңдадым. Оның үстіне колоннаның алдындағы көлікті басқарып келе жатқан әйел адамның бойындағы үрейін басқым келді. Мені көріп, жүрегі орнына түсті. Ең қызығы, бойымда қорқыныш деген мүлде болған жоқ. Әлі аяз тұра қоймаған уақыт еді, жаураған да жоқпын. Тек сол сәтте былтыр теледидардан көрген бір оқиға ойыма оралды. Боранды күні жас полицей қаншама көліктерді жаяу бастап, қар құрсауынан алып шыққан. Ол уақытта аяз болған еді, ал менің жағдайым оған қарағанда тәуір екенін сезіндім, - деп қосты Мария Николаевна.

Мария Бедринаның жасы 49-да. Бүгінде Тереңкөл ауданына қарасты Песчан №1 мектебінде математика мен информатика пәндерінен сабақ беріп жүр. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады. Жолдасы екеуі отбасында үш бала тәрбиелеп отыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары бүгінде Мария Николаевнаның батылдығын ерлікке балап, оны марапатқа ұсынуға лайық деп жазып жатыр. Қайсар нәзік жанның көпті тәнті еткен ісі өзгелерге үлгі боларлықтай.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте Павлодар облысында қар құрсауынан 30-ға жуық адам құтқарылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТИПИЧНЫЙ ПАВЛОДАР (@ti.pavlo)

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 12:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары