Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

Ауылдан шыққан желаяқ: Ерінсең ештеңеге жетпейсің

Ауылдан шыққан желаяқ: Ерінсең ештеңеге жетпейсің

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бірақ соның бәріне қарамай, өз еңбегімен нәтижеге жетіп жүрген жандар да бар. Солардың бірі – Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылының тумасы, жеңіл атлетика бойынша бірнеше мәрте жүлдегер атанған Жұлдыз Заманғалиева. Біз онымен спортқа келу тарихы, ауылдағы жағдай, жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы әңгімелестік.

– Жұлдыз ханым, өзіңізді таныстыра кетсеңіз.

– Мен 1988 жылы Исатай ауданының Жанбай ауылында дүниеге келдім. Қарапа­йым отбасында өстім. Бала күнім далада жалаң­аяқ жүгіріп, ауыл өмірінің қызу тіршілігін көріп өтті. Теңіздің самалы, жусан иісі, кең жазира – бәрі менің мінезіме төзімділік пен қарапайым­дық дарытты.

– Жүгіруге деген қызығушылық қашан басталды?

– Мектепте жақсы жүгіретінмін. Жарыстарға қатысатын едім. Бірақ мектепті бітірген соң спорттан алыстадым. Жас кезде денсаулыққа онша мән бермейсің ғой. Кейін тұрмыс құрдым, бала-шаға, үй тірлігі… Уақыт өте келе денем қозғалыссыз қалуға болмайтынын түсіндім.

2016 жылы қайтадан жүгіре бастадым, бірақ тұрақты емес. Ал соңғы екі жыл – тұрақты еңбектің нағыз кезеңі. Осы уақыт ішінде өзімді қайта таныдым.

Алғашқы марафон сабағы

– Есте қалған алғашқы марафон туралы айтып өтсеңіз?

– 2017 жылы қыс мезгілінде 10 шақырымға жүгірдім. Ауылдан жалғыз өзім бардым. Не дұрыс киім, не дайындық жоқ. «Қатысып көрейін» деген ой ғана болды. Соның өзінде нәтиже күтіп, жүлде ала алмағаныма ренжіп қайттым. Қазір күлемін, бірақ сол сәт маған мықты сабақ берді, яғни дайындықсыз нәтиже болмайды.

– Жаттығатын орындар жеткілікті ме?

– Ауылда жүгіруге арналған арнайы орын жоқ. Мектеп стадионы бар, бірақ қараусыз. Жол тегіс емес, шұңқыр, тастақ. Жаңбырдан кейін балшық батпақ. Қыста – қар, боран. Кейде тіпті трактор өткен ізбен жүгіремін. Бірақ ауылдағы адам қиындықтан қашпайды. Соның бәрі маған күш берді.

– Қазір қалай жаттығасыз?

– Бір жылдан бері кәсіби тренермен жұмыс істеймін. Ол қалада, мен ауылда болғандықтан, тапсырманы онлайн түрде береді. Аптасына 6 күн, 2-3 сағаттан жаттығамын. Ауа райына қарамаймын – бұл жерде жеңілдік жоқ.

Спорт адамын қалыптастыратын үш нәрсе бар: тәртіп, еңбек, тұрақтылық.

– Бастапқыда ауыл тұрғындары қалай қабылдады?

– Басында түсінбеді. «Қайда бара жатырсың жүгіріп?», «Ерігіп жүрсің бе?» дейтіндер болды. Көлікпен өтіп бара жатқан адамдар таңырқап, ұзақ қарап қалатын. Қазір оған ешкім мән бермейді. Кейбірі тіпті үлгі тұтып, кеңес сұрап келеді.

– Ауылдастарыңызды спортқа тарту бойынша қандай бастамалар бар?

– Қазір әйелдерге арналған шағын клуб аштым. Онда буын жаттығулары – стретчинг өткіземін. Бұл – спортқа алғашқы қадам. Аналар қозғалысқа үйренсе, балалар да соған бейімделеді. Алдағы уақытта топты кеңейтіп, жеңіл атлетиканы да жүйелі түрде оқытқым келеді.

– Жастардың қызығушылығы қандай?

– Бар. Тек тұрақтылық же­тіспейді. Бір күні жүгірсе, ертеңіне «уақытым жоқ» дейді. Ауылда жарыстар аз, мотивация да аз. Дегенмен үлкен ұлымды кәсіби  түрде дайындап, жарыстарға қатыстырып жүрмін. Балаларға арналған топ ашу – алдағы мақсатымның бірі.

– Жаттығу тәртібіңіз қандай?

– Аптасына 6 рет, 2-3 са­ғат­тық жаттығулар. Қосымша күштік жаттығуларым да бар. Тамақ­тануға мән беремін. Кешкі 6-дан кейін тамақ ішпеуге тыры­самын. Ұйқы – басты фактор. Ұйқы дұрыс болмаса, жаттығудың да сапасы түседі.

– Спорттағы ең қиын кезеңдер туралы не айтасыз?

– Бір кезде қатты диета ұстап, әлсіреп қалғаным бар. Сол қиын болды. Таңертең оянып, «кім мені қинап жатыр?» деген ой келеді. Бірақ дәл сондай сәтте өзіме былай сөз беремін: «Егер бүгін тастасам – бәрі бекер»

Менің ең үлкен қарсыласым – өзім

– Спорт – ең үлкен тәуекел, жарақат алған сәттер болды ма?

– Жоқ, Аллаға шүкір. Дұрыс техника, дұрыс жылыну  жарақаттың алдын алады. Барлық мәселе – спортшының техникасында. 

– Ең мақтан тұтатын жетістігіңіз?

– Жазда Қазақстан чемпионатында 3-орын алуым. Қыста барып, соңғы орынмен қайтқанмын. Бар болғаны жарты жылда сонша нәтиже көрсету  өзіме деген құрметімді арттырды. Бұл – еңбектің жеңісі.

– Ең үлкен қолдаушыңыз кім?

– Әрине, өзім. Жақындарым қолдайды, бірақ күнде маған мотивация беретін – өзім. «Сенің қолыңнан бәрі келеді. Берілме. Үнсіз еңбек ет» деп өзімді жігерлендіремін. Адам сыртқы мақтаудан бұрын өзін-өзі мақтай білуі керек.

– Алда қандай мақсаттар тұр?

– Ақпан айындағы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмын. 100, 200, 400 метрге шығамын. Екінші бағытым – ауыл балаларына арналған жеңіл атлетика мектебін құру. Ауылдан да чемпиондар шығуы керек.

– Жастарға қандай кеңес бересіз?

– Уақытты босқа өткізбеу керек. «Ертең» деп жүре берсең, нәтиже болмайды. Спорт болсын, өмір болсын – еңбектенген адам ғана алға шығады. Дұрыс орта таңдаңдар. Ерте бастасаң, ерте жетесің.

– Есте қалған бір қызық жағдаймен бөліссеңіз.

– Ақтау марафонында 3 шақырымға жүгірмек едім. Бірақ жарыс күні қатты ауырып қалдым. «Жүгірмеймін» деп шештім. Тренерім: «Жай жүрсең де болады, тек финишке жет», – деді. Старт берілді, тоқтай алмадым. Қуып жетіп, абсолют бойынша 1-орын алып қойдым (күліп).

Сол кезде түсінгенім, егер өзімді аяп, үйде отырсам, бұл жеңіс болмас еді.

Сұхбаттасқан 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

12 Тамыз 2026 09:36see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары