Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Аягөз Бақты теміржолы экономиканы дамытуға үлес қосады

Аягөз Бақты теміржолы экономиканы дамытуға үлес қосады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Облыс басшысы Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Қытайдан келіп жұмыс істеп жатқан азаматтарға қатысты пікір білдіріп, олардың ел экономикасына үлес қосып жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Шәуешектен Аягөзге қатынайтын темір жол – көкжиегімізді кеңейтетін мүмкіндік. Ішкі Қытайдың жүк көліктері Аягөз арқылы жүретін болады. Бұл өз кезегінде көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қытай компаниясы 300 шақырымға жуық жол салады. Олардың сапалы әрі жылдам салатынын білеміз. Сол жұмыстарға жергілікті тұрғындарды да тартатын боламыз. Жұмысқа келген Қытай азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын болса, оларды заң аясында жауапқа тартып, қажет болған жағдайда ел аумағынан шығарамыз. Олардың жұмыстарын көрсетілген мерзімде аяқтағаны бізге тиімді емес пе?! Жалпы, шет елден келіп жұмыс істеп жатқан азаматтарға жергілікті билік тарапынан сырттай бақылау жасалатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар облыс әкімі экономика жағдайы мен инвестиция және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты бағалайтынын атап өтті.

«Қытайдан қашпауымыз керек. Бүкіл әлем Қытай инвестициясына зәру, соған таласып жатыр. Олар біздің жолымызды салайын деп жатыр. Егер де олардың талабына сай жұмыс істей алатын болса, неге жергілікті мамандарды жұмысқа тартпасқа? Тартамыз. Өздеріңіз білесіздер, «Омбы-Майқапшағай» күре жолының «Қалбатау-Майқапшағай» жолын салған кезде 200-ге жуық жергілікті тұрғын сол жерде жұмыс істеді. Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды. Қытай халқы әлемнің барлық елінде жұмыс істеп жүр. Сондықтан Қытайдан қорықпауымыз керек. Олар "Аягөз-Бақты" темір жолын салуға қатысып жатыр. Керісінше сіздер қытайларға көмектесіңіздер. Олар жұмыс істеуге келді. Қонақ үйде тұрмағанда, қайда тұрады?! Олар қонақ үйдің иесіне ақшасын төлеп, заңды түрде тұрып жатыр. Алдағы 2 жыл ішінде теміржол салынады, темір жолдың бойына басқа да адамдар келеді. Оның бәрі ақша, оның бәрі біздің облысымыздың экономикасына құйылған қаржы. Үлкен инвестиция. Оларды біз қайта тарту керекпіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай елінің басшысы Си Цзиньпинге рахмет, екі елдің арасындағы барыс-келісті арттыру үшін визасыз режим жасады. Сіздер де Қытайға барып сауда жасаңыздар. Қытайдың туристері осында келіп жатыр. Үйіңіздің қасынан соларға қызмет көрсететін орын ашыңыз. Қой бағыңыз, өнімін өткізіңіз. Биыл Алакөлге қаншама қытайлық туристер келді. Олар осында қалып қойып жатқан жоқ қой. Келіп, жұмыс істеп жатыр. Өзіңіз де Қытайға, шетелге барасыз ғой. Оларға жағдай жасап, керегін өзімізге алуымыз керек. Жастарды Қытайдан келген жұмысшыларға қарсы қоймай, керісінше олардың бізге еңбек етуге келіп жатқанын, біздің жолымызды салып берейін деп жатқанын түсіндіруіміз керек. Теміржол салынатын болса, ел экономикасына қаншама қаржы құйылады. Теміржол Аягөзге дейін келетін болса, оның келесі кезеңі бар. Аягөзден Қарағандыға жол тартылады. Аягөздің екінші, үшінші тынысы сонда ашылады», - деді Берік Уәли.

Облыс әкімі Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде шет елдік инвестициялық жобалардың маңызына тоқталды.

«Шәуешектен Аягөзге қатынайтын темір жол – көкжиегімізді кеңейтетін мүмкіндік. Ішкі Қытайдың жүк көліктері Аягөз арқылы жүретін болады. Бұл өз кезегінде көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қытай компаниясы 300 шақырымға жуық жол салады. Олардың сапалы әрі жылдам салатынын білеміз. Сол жұмыстарға жергілікті тұрғындарды да тартатын боламыз. Жұмысқа келген Қытай азаматтары ҚР заңдарын бұзатын болса, оларды заң аясында жауапқа тартып, қажет болған жағдайда ел аумағынан шығарамыз. Олардың жұмыстарын көрсетілген мерзімде аяқтағаны бізге тиімді емес пе?! Жалпы, шет елден келіп жұмыс істеп жатқан азаматтарға жергілікті билік тарапынан сырттай бақылау жасалатын болады», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 12:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары