Бағлан Кенжебек әлем кубогында армениялық боксшыға есе жіберді
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Отандасымыз бірінші айналымда Армения спортшысы Жирайр Саргсиянмен жұдырықтасып, 2:3 есебімен есе жіберді.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Қазақстан уақытымен 3:00–де Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) тунистік Хассен Атиамен шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) Түркия өкілі Айсен Таскиннен 4:1 есебімен басым түсті.
Ел құрамасынан Жансері Көшербаев (60 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі) жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Сондай-ақ әлем кубогында олардан басқа ерлер құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00–де басталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 22:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















