Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Бақылау касса машиналарын қолдану тәртібі өзгереді

Бақылау касса машиналарын қолдану тәртібі өзгереді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын интеграцияланған салықтық әкімшілендіру (ИСНА) ақпараттық жүйесінің орталық серверіне электронды түрде тіркеу үшін қажетті мәліметтер фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы немесе "электронды үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі.

Осы тәсілмен бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасындағы мәліметтерді өзгертуге және оны есептен шығаруға қатысты ақпарат та жіберіледі.

Фискалдық есепті алу кезінде белгіленген нысан бойынша фискалдық есепті алу туралы акт жасалады. Оның деректері "ИСНА" ақпараттық жүйесінің орталық серверіне енгізіледі.

Интеграциялық өзара іс-қимыл нысандары ретінде "ИСНА" ақпараттық жүйесінің орталық сервері және фискалдық деректер операторының цифрлық жүйесі белгіленді.

"ИСНА" орталық сервері мен фискалдық деректер операторының цифрлық жүйесі "электронды үкіметтің" сыртқы шлюзі, "электронды үкімет" шлюзі және интеграциялық шина арқылы өзара байланысады.

Комитет фискалдық деректер операторының бақылау-касса машинасына қатысты мәліметтері негізінде оны есепке қояды, тіркеу карточкасындағы ақпаратты өзгертеді немесе бақылау-касса машинасын есептен шығарады.

"ИСНА" орталық сервері мен фискалдық деректер операторының цифрлық жүйесі арасындағы ақпарат алмасу арнайы хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары модельдерінің анықтамалығын фискалдық деректер операторына беру "ИСНА" жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны нақтыланды.

"ИСНА" жүйесі мен фискалдық деректер операторының ақпараттық жүйесі арасындағы техникалық ақпарат алмасу талаптары арнайы интеграция туралы келісіммен айқындалады.

Электронды байланыс арналары арқылы хабарламаларды жіберу және алу фактілері мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы деректер алмасу хаттамасында тіркеледі.

Хабарламаның жіберілгенін растайтын құжат – хабарламаны жіберушіге "электронды үкімет" шлюзі немесе интеграциялық шина арқылы жеткізілгені туралы келіп түскен хабарлама.

Ақпарат алмасу алушы тараптан жауап хабарламасы алынған кезде аяқталды деп есептеледі. Техникалық ақаулар болған жағдайда "ИСНА" жүйесі мен фискалдық деректер операторының жүйесі арасындағы өзара іс-қимыл Комитет пен фискалдық деректер операторы бекіткен регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Фискалдық чекке қойылатын талаптар нақтыланды

Өзгерістермен фискалдық чекке қойылатын талаптар да нақтыланды.

Бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:

салық төлеушінің атауы; бақылау-касса машинасы қолданылатын орынның мекенжайы; салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі; оның салық органындағы тіркеу нөмірі; чектің реттік нөмірі; тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес атауы; Ұлттық тауарлар каталогындағы тауардың сәйкестендіру коды, сондай-ақ міндетті таңбалауға және тауарлардың қадағалануына жататын өнімдерге енгізілген сәйкестендіру құралдары туралы мәлімет; сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе қызметтің саны және өлшем бірлігі; тауардың, жұмыстың немесе қызметтің бір бірлігінің бағасы; сатылған тауардың, жұмыстың немесе қызметтің жалпы сомасы; фискалдық деректер операторының атауы және чектің түпнұсқалығын тексеруге арналған оның интернет-ресурсының реквизиттері; тауар сатып алынған, жұмыс орындалған немесе қызмет көрсетілген күн мен уақыт; фискалдық белгі; егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болса, ҚҚС салынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өткізу айналымдары бойынша салық мөлшерлемесі көрсетілген ҚҚС сомасы; бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпарат кодталған түрде қамтылған штрих-код.

Валюта айырбастау пункттерінде, металл сынықтарын және шыны ыдыстарды қабылдау орындарында, сондай-ақ ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегінде бұған қоса сату сомасы және сатып алу сомасы көрсетіледі.

Медициналық қызмет көрсетілген кезде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегінде медициналық қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Кассалық ақпарат қанша уақыт сақталады?

Фискалдық деректер операторының серверінде салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімі ішінде мынадай ақпарат сақталады:

салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген тіркеу деректері;бақылау-касса машинасының тіркеу деректері; тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сату кезінде жасалған әрбір ақшалай есеп айырысу туралы ақпарат; әрбір бақылау-касса машинасының қолданыстағы токенінің мәні; әрбір ақшалай есеп айырысудың фискалдық белгісі.

Бақылау-касса машинасы мен фискалдық деректер операторының сервері, сондай-ақ фискалдық деректер операторының сервері мен "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінің сервері арасындағы байланыс арналары рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуы тиіс.

Бұл үшін клиент пен серверді сенімді сәйкестендіру, сондай-ақ ақпаратты қорғауға арналған бағдарламалық және (немесе) бағдарламалық-аппараттық құралдар қолданылуы қажет.

Сонымен қатар уәкілетті органның бақылау параметрлері модулі "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінің серверіне түскен ақпаратты белгіленген бақылау параметрлеріне сәйкес белгілі бір кезең бойынша талдайды және есептерді уәкілетті органның қызметкерлеріне жібереді.

Бұйрық 2026 жылғы 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 15:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see141

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see139

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see139

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see137

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see136

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see135

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see135

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see135

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see134

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see133

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see133

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see131

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see130

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see128

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see123

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see119

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see116

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see115

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары