Батыс Қазақстанда бір отбасын өрттен құтқарып қалған полицей марапатталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстанда бір отбасын тілсіз жаудан құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Өңірдегі полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай Нұрмұхановты адам өмірін құтқарудағы батыл әрекеті үшін марапаттады.
Еске сала кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні ауылды аралау барысында полиция қызметкері тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қою түтінді байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен ол мал қораның өртеніп жатқанын және жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көрді.
Нұрлыбай Нұрмұханов ұйқыдағы отбасыны оятып, барлығын, оның ішінде балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Содан өрт сөндірушілер келгенше үй иелерімен бірге малдарды құтқарып, жалынның тұрғын үйге таралуына жол бермеді.
Департамент бастығы полиция қызметкерінің дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында бір отбасының аман қалғанын атап өтті.
Нұрлыбай Нұрмұхановқа көрсеткен ерлігі мен кәсіби қызметі үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 15:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















