Бетперделі жігіт 20 жастағы науқас қызға үміт сыйлады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
«Бетперделі жігіт» лақап атымен танылған қазақстандық блогер ауыр дертпен күресіп жүрген 20 жастағы Бибіжанға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бибіжан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан. Екі бүйрегі жұмыс істемегендіктен, ол тұрақты түрде гемодиализ аппаратына тәуелді. Ата-анасынан айырылған жас қыз осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген, өз баспанасы болмаған.
«Менің ештеңем жоқ екенін түсіндім. Ата-анам да, денсаулығым да, баспанам да жоқ. Өзімді бұл әлемде жалғыз қалғандай сезіндім», – дейді ол.
Қазіргі таңда Бибіжанға Беларусьте бүйрек трансплантациясын жасау үшін шамамен 40 млн теңге қажет. Блогер қызбен жеке кездесіп, қажетті қаражаттың жиналғанын жеткізді. Сонымен қатар оған пәтер кілтін табыстады.
Желі қолданушылары «Бетперделі жігіттің» бұл әрекетіне жоғары баға беріп, алғыстарын білдіруде.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 21:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















