Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Бір мақсат, бір мүдде

Бір мақсат, бір мүдде

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кітапхана сөрелерінде ғасырлар бойы жиналған кітаптар тұр, қорларында көненің көзіндей қолжазбалар сақталған. Бірақ шын мәнінде кітапхана өткеннің емес, болашақтың ­институты. Өйткені кітапхана сақтайтын басты құндылық – қағаз емес, адамзат тәжірибесі. Тәжірибені сақтай алған қоғам ғана болашағын сенімді құра алады.

Бүгінгі әлемде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстармен емес, білім қорымен өлшенеді. Мұнайдың да, металдың да қоры сарқылады. Ал білім қоры көбейген сайын елдің мүмкіндігі арта береді. Сол білім қорын жинақтайтын, жүйелейтін және қоғам игілігіне айналдыратын негізгі институттардың бірі – кітапхана.

XXI ғасырда кітапхана – жадты сақ­тайтын институт, азаматтық қоғамды қалып­тастыратын алаң, білім теңдігін қам­тама­сыз ететін әлеуметтік механизм және мем­лекеттің интеллектуалдық әлеуетін қалып­тастыратын стратегиялық нысанға айналды.

Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, дамыған мемлекеттердің кітапханаға деген көзқарасы түбегейлі өзгерген. Финляндия кітапхананы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Сингапур кітапханаларды өмір бойы білім алу тұжы­рымдамасының маңызды буынына айналдырды. Оңтүстік Кореяда кітапхана мәдени саясаттың ғана емес, инновациялық дамудың да құрамдас элементі ретінде бағаланады. Бұл елдердің барлығына ортақ ұстаным біреу: кітапхана – шығын әкелетін мекеме емес, адам капиталына салынған инвестиция.

Америкалық зерттеушілер кітапхананы «демократияның үнсіз инфрақұрылымы» деп атайды. Бұл анықтаманың астарында үлкен мән жатыр. Өйткені кітапхана әр азаматқа әлеуметтік мәртебесіне, табысына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан білім мен ақпаратқа тең қолжетімділік береді. Академик пен студент, кәсіпкер мен мұғалім, оқушы мен зейнеткер кітапхананың табалдырығын тең аттайды. Демек, кітапхана – қоғамдағы мүмкіндіктер теңдігінің де маңызды кепілі.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Елімізде де кітапхана ісіне деген көзқарас жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Соның айқын дәлелі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қоюы.

Аталған Жарлық еліміздің интел­лектуалдық дамуындағы жаңа кезеңнің мазмұнын айқындап берді. Онда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау, кітапханалардың материалдық-техникалық әлеуетін нығайту, бірыңғай цифрлық кітапхана платформасын дамыту, кітапхана ісін құқықтық тұрғыдан жетілдіру міндеттері белгіленді.

Президент Жарлығында 2027 жылға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі тапсырманың берілуі де кездейсоқ емес. Бұл кітапхана мәселесінің мәдениет саласы­ның аясынан шығып, мемлекеттік маңызы бар стратегиялық бағыттардың қатарына көтерілгенін көрсетеді.

Шын мәнінде кітап – мәдениет саласының ғана мәселесі емес. Бұл – ұлттың сапасына қатысты мәселе. Өйткені кітап оқитын қоғам ғана ойлайтын қоғамға айналады. Ал ойлайтын қоғам ғана жауапты шешім қабылдай алады, жаңашылдыққа ұмтылады, бәсекеге қабілетті болады.

Осы тұрғыдан алғанда кітапхана қызметін жетілдіру мәселесі білім беру, ғылым, мәде­ниет және ақпараттық саясаттың түйіс­кен тұсында тұрған маңызды мемлекеттік міндеттердің біріне айналып отыр.

Бүгінде кітапхана саласында жүйелі шешімді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Қазіргі қолданыстағы заңнамаларда кітапхана қызметіне қатысты нормалар әртүр­лі құқықтық актілерде шашыраңқы орналасқан. Нәтижесінде, кітапхана ісі бір­тұтас жүйе ретінде емес, жекелеген бағыттар бойынша реттеліп келеді. Сондық­тан кітапхана мен кітап басып шығару ісіне қатысты жаңа заң жобасын әзірлеу жұмыстарының басталуы уақыт талабынан туындаған қадам.

Бұл бағыттағы жұмыс барысында халық­аралық тәжірибе де мұқият зерделеніп жатыр. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі кітапхана қызметін ұйымдастыру тетіктері, мемлекеттік кітап қорларын басқару жүйелері, құжат­тық мұраны сақтау тәсілдері, цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру үлгілері жан-жақты қарастырылуда. Мұндай тәжірибе кітапхана ісін ­заманауи талаптарға сәйкес дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңа заңнамалық бастамалардың маңызы тек құқықтық нормаларды жетіл­дірумен шектелмейді. Оның астарында кітапханаға деген қоғамдық көзқарасты өзгерту мәселесі жатыр. Біз кітапхананы әлі күнге дейін көбіне кітап сақтайтын меке­ме ретінде қабылдаймыз. Алайда қазіргі жағдайда кітапхана ұлттық дамудың ма­ңызды элементтерінің біріне айналып отыр.

Ұлттық кітап қорын сақтау мәселесі ерекше мәнге ие. Кітапханалардағы миллион­даған басылымдар тек әдеби немесе ғылыми еңбектер жиынтығы ғана емес. Олар – мемлекеттің интеллектуалдық қоры, ұлттық жадтың бір бөлігі. Әсіресе сирек кітаптар мен қолжазбалар халқымыздың тарихи тәжірибесін, мәдени эволюциясын және рухани дүниесін танытатын бірегей мұра саналады.

Қазіргі таңда мұндай құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру, цифрландыру,  ғылыми айналымға енгізу мәселелері күн тәртібінде тұр. Әлемдік тәжірибеде құжаттық мұраны сақтау ұлттық қауіпсіздік пен мәдени саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл бағытта еліміздің де жауапкершілігі зор. Өйткені сирек қорларды сақтау – өткенді құрметтеу ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Ұлттық академиялық кітапхана осы міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып келеді. Кітап қорларын сақтау мен толықтырудан бастап, сирек қорларды цифрландыруға, ғылыми-ақпараттық ресурс­тарды дамытуға, ұлттық библио­графиялық деректерді жүйелеуге дейінгі жұмыстардың барлығы еліміздің рухани және ғылыми әлеуетін нығайтуға бағыт­талған.

Қазіргі таңда кітапхана қызметінің тағы бір маңызды бағыты – цифрландыру. Ақпараттық технологиялар дамыған сайын оқырманның да сұранысы өзгеруде. Бүгінгі оқырман кітапханаға тек кітап алу үшін емес, сапалы дереккөз табу, ғылыми ақпаратқа қол жеткізу, электрондық ресурс-тарды пайдалану үшін келеді. Сондықтан бірыңғай кітапханалық ақпараттық кеңістік қалыптастыру, ұлттық электрондық ресурстарды дамыту, кітап қорларын цифрлық форматқа көшіру, қашықтан қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру уақыт талабы болып отыр.

Президенттің аталған Жарлығында кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесінің жасанды интеллект дәуіріндегі білім сапасымен, азаматтың ойлау мәдениетімен, зияткерлік әлеуетімен қатар қарастырылуы да кездейсоқ емес. Ақпарат көлемі бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатқан заманда адамның оқу мәдениеті, талдау қабілеті мен сыни ойлауы бұрынғыдан да маңызды бола түседі.

Жасанды интеллект дәуірінде кітап­хананың маңызы кемімейді, қайта арта түседі. Өйткені цифрлық технологиялар қаншалықты дамығанымен, қоғамның мәдени жадысы мен білім сабақтастығын сақтайтын институттарға деген қажеттілік жойылмайды.

Қоғамның болашағына әсері ең үлкен институттардың бірі де дәл осы кітапхана. Бүгінде еліміз кітапхана ісін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы, әзірленіп жатқан «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» заң жобасы, ұлттық цифрлық кітапхана кеңістігін қалыптастыру бастамалары – мұның бәрі бір мақсатқа қызмет етеді. Ол – оқитын қоғам қалыптастыру.

Тарих көрсеткендей, ұлттың болашағы, ең алдымен, оның оқыған кітаптарынан ­басталады. Ал сол кітаптарды ұлт игілігіне айнал­дыратын орын – кітапхана. Сол себепті  кітапхананы дамыту туралы сөз – мәдениет туралы ғана емес, ел ертеңі туралы әңгіме. Өйткені кез келген өркениеттің іргесі, ең алдымен кітаптан басталады. Ал кітаптың өмірі кітапханамен жалғасады. Еліміздің ертеңі де дәл осы оқырман мәдениетінің деңгейімен өлшенбек.

Күміс СЕЙІТОВА,

Ұлттық академиялық кітапхана басшысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see146

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see119

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары