Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі

Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – еліміздегі жетекші жоғары оқу орнының бірі. Бүгінде университетте академиялық ғылыми мектеп дәстүрі мен заманауи білім  технологиясын үйлестіру басым бағытқа айналған.

Қазір  жоғары оқу орындарының әлеуеті ұлттық рейтингтегі көрсеткішпен бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда, бірегей оқу орны ғылыми бағытты дамытуға айрықша көңіл бөлген.

Әсіресе университеттің маңызды жетістігі – Еуропалық Одақтың ірі ғылыми-инновациялық «Horizon Europe» бағдарламасының конкурсында жеңіске жетуі. Соның нәтижесінде жоғары оқу орны «HUMAN-AI» халықаралық ғылыми жобасының консорциумына ресми түрде қосылды. Жобада жасанды интеллектінің ғылым  мен қоғамға ықпалын ескеріп, жоғары білім  жүйесін жаңа талаптарға бейімдеу көзделген.

«HUMAN-AI» жобасының негізгі мақсаты – жоғары білім жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық, адамға бағдарланған және жауапты түрде қолданудың кешенді моделін әзірлеу. Жоба аясында инновациялық оқыту стратегияларын дамыту, «soft skills» жүйесін жетілдіру, оқу бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарымен үйлестіру, цифрлық сауаттылықты адамгершілік құндылықтармен ұштастыру секілді мәселелер де қарастырылады. Консорциум құрамына Польша, Эстония, Португалия, Нидерланд, Словакия, Украина, Түркия, Қазақстан, Таиланд және Бразилия елдерінің жетекші ғылыми-білім ұйымдары енген. Қазақстан тарапынан жобаны университет профессоры Гүлназ Салғараева басқарады. Бұл жетістік еліміздің халықаралық ғылыми қауымдастықтағы беделінің артқанын көрсетеді.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады

Сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми қызметі халықаралық ғылыми дәйексөз базасындағы көрсеткіштер арқылы бағаланады. «Web of Science» және «Scopus» деректер қорларындағы жарияланымдар, Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізетін «Жылдың үздік оқытушысы» конкурсының нәтижелері, сондай-ақ Кітап палатасы тіркеген ISBN-і бар оқулықтар мен монографиялар университеттің ғылыми әлеуетін айқындайды.

Мысалы, филология институтында бір жыл ішінде ККСОН (Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті) тізіміндегі 59 мақала және «Scopus» базасында 27 ғылыми еңбек жарияланған.

Университет жетістігінің тағы бір маңызды факторы – оқу бағдарламасының сапасы. Әлемдік және ұлттық тәжірибелерді тиімді үйлестіру нәтижесінде жасалған білім  бағдарламалары студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға жол ашады. Кейінгі жылдары университеттің бакалавриат және магистратура бағдарламалары ұлттық және халықаралық рейтингтерде үздік білім бағдарламалары қатарынан көрініп келеді. Бірегей оқу орны «таланттарды тәрбиелеу» және «ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру» қағидаларын басты назарда ұстайды.

HUMAN-AI: Қазақстанның тағы бір жоғары оқу орны халықаралық жобаға қосылды

Бүгінде университет инновациялық үдерістерді енгізуге және ғылыми әзірлемелерді білім беру тәжірибесіне қолдануға айрықша маңыз беріп отыр. Ғалымдар іргелі зерттеулермен қатар қолданбалы ғылыми жобаларды жүзеге асырып, олардың нәтижелерін білім сапасын арттыру мен адами капиталды дамытуға бағыттамақ.

Сондай-ақ педагогикалық кадрларды даярлау ісінде университеттің ғылыми-зерттеу қызметі мен оқу үдерісі өзара тығыз байланыста жүргізіледі. Бұл түлектердің пәндік құзыретін арттыруға және кәсіби даярлық деңгейін көтереді.  Заманауи оқу-зертханалық базаны дамыту мен жетекші ғалымдарды тарту жұмысы да жүйелі жолға қойылған.

Жоғары оқу орында педагогикалық білім берудің барлық деңгейі Болон үдерісі талабына сәйкес жүзеге асады. Сонымен бірге бакалавриат, магистратура, докторантура, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бар. Барлық пәндік бағыт бойынша жалпы білім беретін мектепке мұғалімдер даярланады.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда білім мазмұнын жаңарту ерекше маңызға ие. Университет өмір бойы білім алуға бағытталған, өзіндік оқу дағдыларын қалыптастыратын білім  моделін дамытады. Осыған сәйкес, тек пән мұғалімін емес, білім әлеміне бағыт беретін мұғалім-тьюторды даярлау – басты міндеттің  бірі. Осы мақсатта университетте білім  стандарттары мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, педагогикалық практиканы жаңарту, кәсіби стандарттарды әзірлеу, педагогикалық білімнің практикалық бағытын күшейту, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жаңғырту, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, жас педагогтарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби мансабын қолдау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде халықаралық ынтымақтастық университет дамуының негізгі стратегиялық бағытының бірі. Университет Лондон Менеджмент және Ғылым Академиясымен (LAMS), Түркияның Нигде және Чукурова университеттерімен, Қытайдағы Орталық ұлттар университетімен және Шыңжаң педагогикалық университетімен, Кореяның Хангук университетімен, АҚШ-тағы Mississippi Valley State University-мен, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Серіктестіктер академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Студенттер Алматының жетекші мектептерінде педагогикалық практикадан өтіп, ғылыми зертханалардың жұмысына қатысады, білім  жобаларын әзірлейді. Сонымен қатар университет цифрлық құралдарды, қашықтан оқыту платформаларын және халықаралық білім беру бағдарламаларын белсенді енгізіп жатыр.

Университет қызметінде ұлттық тәрбие мәселесіне де ерекше мән беріледі. Студенттерге ұлттық салт-дәстүрлерді, мәдени құндылықтарды, тіл мен діл ерекшеліктерін, адамгершілік және эстетикалық қағидаларды меңгертуге бағытталған тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Бұл болашақ педагогтардың кәсіби біліктілігімен қатар рухани-адамгершілік тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Наргиза БАЛТАБАЕВА, PhD

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген

Аймақтар • Бүгін, 17:01

Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?

Алматы • Бүгін, 16:55

Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 16:46

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды

Парламент • Бүгін, 16:33

Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл

Аймақтар • Бүгін, 16:25

Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді

Үкімет • Бүгін, 16:05

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі

Елорда • Бүгін, 14:48

Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты

Ғылым • Бүгін, 14:42

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 14:34

Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр

Экономика • Бүгін, 14:25

Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты

Үкімет • Бүгін, 14:08

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді

Хоккей • Бүгін, 13:45

Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ

Үкімет • Бүгін, 13:39

Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген

Оқиға • Бүгін, 13:26

Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?

Қоғам • Бүгін, 13:13

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:279
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 17:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары