Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Бізді болашақта президент бот басқаруы мүмкін

Бізді болашақта президент бот басқаруы мүмкін

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Aikyn.kz болашақ сайлауларда кімдер жеңетінін gizmodo.com материалына сүйеніп талдайды.

Nature журналында жарияланған жаңа зерттеу ЖИ негізіндегі чат-боттар сайлаушылардың көңіл-күйі мен таңдауларына ықпал ете алатынын көрсеткен. Осы боттарды басқаратын адамдардың сайлау нәтижелеріне әсері туралы алаңдаушылық туындады.

Зерттеуді Корнелл университетінің информатика, маркетинг және психология профессоры Дэвид Г. Рэнд жетекшілік еткен топ жүргізді. Олар АҚШ-тың 2024 жылғы президенттік сайлауы, сондай-ақ 2025 жылғы Канада мен Польшадағы жалпыұлттық сайлауларға қатысты бірнеше эксперимент жасаған. Әрбір жағдайда қатысушылар белгілі бір кандидатқа қолдау көрсетуге арналған арнайы чат-ботпен сөйлескен. Зерттеу барысында бот бастапқыда өзі қолдайтын кандидатқа қарсы көзқараста болған адамдарға ықпал етуде керемет тиімді болғаны анықталды.

Эксперимент қалай жүргізілді?

АҚШ-та Дональд Трамп немесе Камала Харриске дауыс бергісі келетін 2306 адам таңдалады. Содан кейін оларға осы екі кандидаттың бірін қолдайтын чат-ботпен сөйлесу ұсынылады. Осындай тәжірибелер Канадада (Марк Карни немесе Пьер Пуальевр) және Польшада (Рафал Тшасковский немесе Кароль Навроцки) өткізілді.

Барлық чат-боттарға екі негізгі міндет қойылды: бірінші, өз кандидаттарына қолдауды арттыру; екінші, егер сайлаушы бот қолдайтын кандидатқа қарсы болса – оның көзқарасын өзгерту.

Чат-боттарға міндеттелген талаптар мынадай болған: сыпайы болу, фактілерге сүйену, сенімді мысалдар келтіру, қарсы пікірлерге байыппен жауап беру және қатысушының көзқарасын құрметтеп, мойындау.

Зерттеушілер чат-боттар адамдардың сайлауға жалпы қатысу ықтималдығына айтарлықтай әсер етпегенін анықтаған. Бірақ олар пікірді өзгертуге, нақты бір үміткерге дауыс беруді арттыруға немесе төмендетуге айтарлықтай ықпал ете алған.

Чат-боттар саясат туралы фактіге негізделген дәлелдер келтірген кезде анағұрлым сенімді болған. Бұл адамдардың ЖИ-ді белгілі бір деңгейде беделді ақпарат көзі деп қабылдайтынын көрсетеді.

Зерттеу барысында боттардың келтірген кейбір фактілері дәл болмағаны да анықталған. Сондай-ақ, оңшыл кандидаттарды қолдаған чат-боттар қателіктерді азырақ жібергені тіркелген. Зерттеушілер бұл әсерді дәстүрлі саяси жарнамалардың ықпалынан да күштірек деп бағалайды.

Негізгі қауіп неде?

Барлық үш экспериментте қатысушылар чат-ботпен сөйлесіп отырғанын білген. Бірақ шынайы өмірде чат-боттар «жасырын нұсқаулармен» жұмыс істеуі әбден мүмкін. Мысалы, Илон Масктың xAI компаниясының Grok чат-боты иесінің жеке саяси көзқарастарына бейімделген.

ЖИ модельдері біз үшін «қара жәшік» болғандықтан, олардың қандай деректермен оқытылатыны белгісіз. Сондықтан нақты саяси мақсат көздеген компания немесе ұйым чат-боттарға өздерін қолдауға бағытталған үгіт жүргізуді оңай жүктей алады.

2024 жылы жарияланған тағы бір зерттеу ChatGPT сияқты модельдердің саяси бейімділігі уақыт өте келе өзгеретінін көрсеткен.

Технологияның адам өмірін жылдам өзгертетіні мына әзіл видеода:

Президент адам емес, чат-бот болса ше?

Біздің ойымызша, чат-боттардың саяси процестерге ықпалы барған сайын артатын заманда, олардың жұмысының ашықтығы мен этикалық реттелуі бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналмақ.

Болашақ сайлауларда жеңіс адамның Жаратушы берген қасиетіне емес, ЖИ негізіндегі чат-боттардың ықпалына тәуелді болуы мүмкін. Коммуникациялық арналар мен ЖИ құралдарын бақылау арқылы демократиялық процестердің тағдыры шешілмекші.

ЖИ-дің технологиялық әлеуеті күшейген сайын қоғамда «адам емес кандидаттың» жеңуі теориялық тұрғыдан әбден мүмкін сияқты. Өйткені шешуші рөлді кандидат емес, оның атынан сөйлейтін алгоритмдер атқарады. Бұндай перспектива саяси жүйелерді ЖИ-дің манипуляциялық әсерінен қорғау қажеттігін өзекті жасайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 13:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары