Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Біздің тәсілдеріміз Қытайдың ұстанымымен үндес Қазақстан Президенті ЖИ дамыту туралы

Біздің тәсілдеріміз Қытайдың ұстанымымен үндес Қазақстан Президенті ЖИ дамыту туралы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жасанды интеллект Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа кезеңіндегі негізгі бағыттардың біріне айналуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Синьхуа" агенттігіне берген эксклюзивті жазбаша сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Президент технологияларға ерекше назар аударды. Бүгінде Қытай жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, робототехника, жаңа энергия көздері және жоғары технологиялық өндіріс саласында көш бастап тұр. Қазақстан өз кезегінде жеделдетілген цифрлық трансформация жолын таңдады.

Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

"Жақында Шанхайға Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысу үшін барған сапарымда Қытайдың жетекші технологиялық компанияларының басшыларымен мазмұнды кездесулер өткіздім. Цифрлық экономика, зияткерлік өндіріс, электронды коммерция, ғылыми зерттеулер мен кадрлар даярлау салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға деген өзара қызығушылық байқалды. Дәл осы технологиялық ынтымақтастық қазақ-қытай ықпалдастығының жаңа кезеңіндегі ең маңызды бағыттардың біріне айналуы мүмкін", - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, жасанды интеллект бүкіл адамзат игілігі үшін пайдаланылуы тиіс, ал заманауи технологияларға, білім мен есептеу ресурстарына қолжетімділік әділ болуы керек.

"Бұл мәселеде біздің ұстанымдарымыз Қытайдың көзқарасымен үндеседі. Биыл шілде айында Шанхайда Қазақстан Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) негізін қалаушы 29 мемлекеттің қатарына енді. Бұл жасанды интеллект саласындағы елдердің күш-жігерін үйлестірудің ашық әрі тиімді халықаралық жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам", - деп атап өтті Тоқаев.

Қазақстан мен Қытайдың халықаралық күн тәртібіндегі ұстанымдары жақын

Екі елдің ынтымақтастығы халықаралық аренада да дамып келеді. Тоқаев Астана мен Бейжіңнің бірқатар түйінді мәселе бойынша ұстанымдары сәйкес келетінін атап өтті.

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайту, халықаралық құқық принциптерін қорғау, медиация мен шынайы көпжақтылықты ілгерілету, сондай-ақ қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу мәселелерінде ұқсас ұстанымдарды ұстанамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның "бір Қытай" саясатын қолдайтынын және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы принципінің бұзылуына қарсы екенін баса айтты.

Астана БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК шеңберінде Бейжіңмен үйлестіру жұмыстарын жалғастырады, сондай-ақ "Орталық Азия - Қытай" форматындағы ынтымақтастықты қолдайды.

Тоқаев сонымен қатар 2026 жылы ШЫҰ-ның 25 жылдығы атап өтілетінін еске салды. Оның пікірінше, ұйым "Шанхай рухының" негізгі принциптерін - өзара сенім, теңдік, диалог, мәдени әртүрлілікті құрметтеу және бірлескен дамуға ұмтылуды сақтап қала алды.

Студенттер мен туристер саны артып келеді

Келесі жылы Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 35 жыл толуын атап өтеді. Бұл ретте елдер арасындағы өзара іс-қимыл тек мемлекеттік және бизнес деңгейінде ғана емес, барлық салада дамып келеді.

Екі ел азаматтары арасындағы тікелей байланыстар маңызды рөл атқарады. 2026 жылы Қазақстан мен Қытайдың "Мәдениеттердің алмасу жылы" өтеді.

Бүгінде ондаған мың қазақстандық студент Қытайда білім алып жатыр. Сонымен қатар қазақстандық университеттерді таңдайтын қытайлық студенттердің де саны артып келеді. Қазақстанда Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары мен "Лу Бань шеберханалары" жұмыс істейді, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен университеттер арасындағы ынтымақтастық кеңейіп жатыр.

Туризмді дамыту жеке бағытқа айналды. Өзара визасыз режим енгізілгеннен кейін Қытайдан Қазақстанға келетін туристер ағыны айтарлықтай өсті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 962 мың қытайлық турист келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға көп.

"Біз қытайлық достарымызға Қазақстанды барлық қырынан - заманауи Астана мен көне Түркістанды, Алматы таулары мен Маңғыстаудың бірегей ландшафттарын, Ұлы дала мен Ұлы Жібек жолының мұрасын, музыкамызды, ұлттық аспаптарымызды, асханамыз бен қонақжайлылық дәстүрлерімізді көрсеткіміз келеді. Сонымен қатар Қазақстан да бүгінде дамудың таңқаларлық үлгісін көрсетіп отырған көне өркениет елі - Қытайды үлкен қызығушылықпен танып келеді", - деп түйіндеді Президент.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте Тоқаев Бішкектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты. Өз сөзінде Тоқаев ұйымның ортақ стратегиялық міндеті ретінде - күш пен текетірес мәдениетінің орнын өзара жауапкершілік, бірлескен даму және ұзақ мерзімді ынтымақтастық басатын әлемдік тәртіпті қалыптастыруды атап өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see147

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see132

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see130

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see129

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see122

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see122

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see121

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see121

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see119

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see111

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see111

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see110

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see110

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see110

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see109

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see109

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see109

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары