Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Қырғызстан президенті Әблязовтың одан қалай көмек сұрағанын айтып берді

Қырғызстан президенті Әблязовтың одан қалай көмек сұрағанын айтып берді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қашқындағы банкир Мұхтар Әблязовтың 2020 жылғы қазан оқиғалары кезінде одан ақша сұрады деген мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы Жапаров SUPER.KG парақшасында хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Басылым журналисі президентті сынайтын қатысушылары бар "Шумкар" қозғалысына (Қырғызстанда қызметіне тыйым салынған экстремистік ұйым) Мұхтар Әблязовтың қосылғанын атап өтті. Ол Жапаровпен бұрыннан таныс екенін және 2020 жылы онымен телефон арқылы 40 минуттай сөйлескенін алға тартады. Әблязовтың айтуынша, сол әңгіме кезінде Жапаров одан ақша сұраған-мыс.

Жапаров сыншылардың үндеулері мен мәлімдемелерін бақылап отырмайтынын мәлімдеді. Ол басында "Шумкар" мүшелерінің бір-екі видеосын көргенін, бірақ олардан тек ойдан шығарылған жала мен негізсіз айыптауларды ғана көргенін айтты.

"Олардың деңгейі тым төмен түсіп кетті. Содан бері көрмеймін, уақытым да жоқ. Ал егер оларға Әблязов қосылып алып: "Мен Садыр Жапаровты бұрыннан танимын, ол менен ақша сұраған" десе, демек ол - нағыз алаяқ", - деді Қырғызстан президенті.

"Келмей-ақ қойғаныңыз абзал": Жапаров Әблязовпен болған әңгіме туралы не айтты?

Жапаров 2020 жылғы қазандағы телефон арқылы сөйлескенге дейін Әблязовпен таныс болмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020 жылғы қазан оқиғалары кезінде қасында қазір түрмеде отырған Мелис Аспеков жүрген. Бірде ол Жапаровқа телефонды ұсынып, Әблязовпен сөйлесуді өтінген.

Қырғызстан президентінің айтуынша, Әблязов қырғызстандықтарды революция үшін мақтай бастап, Қазақстанда да соған ұқсас оқиғаларды ұйымдастыруға көмектесуін сұраған.

"Ол тағы көп нәрсе айтты, бәрі есімде жоқ. Атамбаевтың кезінде алған қырғыз паспорты бар екенін де тілге тиек етті. Оны тыңдап болып, мен кесіп қана екі сөйлеммен жауап бердім: "Біріншіден, мен көрші елдердің саясатына араласпаймын. Екіншіден, сіз үшін Қазақстанмен қарым-қатынасымды бүлдірмеймін. Келмей-ақ қойыңыз, өз шаруаңызбен айналысыңыз", - деді Жапаров.

Ол әңгіменің Әблязов айтқандай 40 минут емес, шамамен екі минутқа созылғанын баса айтты.

"Тіленшіден шыққан мәлімдемеге кім сенеді?"

Жапаров оның Әблязовтан ақша сұрағаны туралы айыптауға жеке тоқталып өтті.

"Ол алаяқ болса, аузына келгенін айта береді. Ол кезде менде 40 минут түгілі, төрт минуттық әңгімеге де уақыт болған жоқ. Ал одан ақша сұрады дегені - қып-қызыл өтірік. Франциядағы жеке өмірін қамтамасыз ету үшін қазақ халқынан ақша тілеп жүрген тіленшіден шыққан "ақша сұрады" деген сөзге кім сенеді? Бұл ешқандай логикаға сыйымсыз. Революция болды. Ол кезде мен билікке нық орныққан едім, ақшаның мүлдем қажеті де болмады. Мені түрмеден босатып алған халық мені ақшасыз-ақ сайлап алар еді. Сондықтан өтірікшілер мен алаяқтардың айтқандарына сенбеңіздер", - деп атап өтті Қырғызстан президенті.

"Халық өзі бәрін түсініп алады"

Сөзінің соңында Жапаров Әблязов пен басқа да сыншылардың мәлімдемелеріне көп көңіл бөлуге ниетті емес екенін айтты.

Ол бұл жағдайға неге жауап беруді ұйғарғанын түсіндірді: оның айтуынша, азаматтардың бұл мәлімдемелерге сеніп қалғанын қаламайды.

"Ертең олар тағы бір өтірікті ойлап табады. Оларға жауап берудің қажеті жоқ. Халық өзі бәрін түсініп алады. Қазір халықтың деңгейі басқа - олар саясатты шемішке шаққандай оңай түсінеді. Бұл 30 жыл бұрынғы халық емес", - деп түйіндеді Жапаров.

Мұхтар Әблязов — Қазақстанның бұрынғы энергетика, индустрия және сауда министрі, "БТА Банкі" директорлар кеңесінің экс-төрағасы. Қазақстанда экстремистік деп танылған "ҚДТ" ұйымының жетекшісі. "ҚДТ" қызметіне Қазақстанның бүкіл аумағында тыйым салынған.

Мұхтар Әблязов Қазақстанда "БТА Банкінен" шамамен 7 миллиард доллар жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға сотталса, 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Әблязовқа Ресей мен Украинада ақшалай қаражатты жымқырды деген күдікпен іздеу жарияланған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see147

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see132

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see130

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see129

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see122

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see122

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see121

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see121

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see119

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see111

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see111

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see110

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see110

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see110

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see109

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see109

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see109

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары