350 баланың жүрегін жылыту астаналықтардан балаларды қысқа киіндіруге көмек сұрайды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: далада -30 градус аяз, қатты жел адамды ұшырып әкете жаздайды, ал балада не жылы күрте, не су өткізбейтін бәтеңке жоқ. Елордадағы жүздеген отбасы үшін бұл – қатал шындық. Еріктілер астаналықтарды балаларды қысқы суықтан қорғау үшін жылы киіммен көмектесуге шақырады, деп хабарлайды Tengri Life.
Босатылған сабақтардан басталған оқиға
Елордада жыл сайынғы 14-ші Warm Winter - "Жылы қыс" акциясы өтіп жатыр. Бұл - аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға сапалы қысқы киімдер сатып алып беріп, оларға жылу сыйлауды мақсат еткен атаулы көмек жобасы.
Бәрі осыдан бірнеше жыл бұрын балаларға арналған білім беру бағдарламасынан басталған еді. Алайда алғашқы сарышұнақ аяз түсе салысымен, сыныптар қаңырап бос қалды.
Мұның себебі балалардың оқуға деген құлшынысының жоқтығында емес екен.
"Көптеген баланың автобуспен қатынайтын жылы киімі жоқ екені белгілі болды. Сол кезде біз: "Баланы оқытпас бұрын, оны жылыту керек" екенін түсіндік. Жыл сайынғы қайырымдылық бастамасы осылай туындады", - дейді акция үйлестірушісі Ақерке Сапарова.
Айта кетерлігі, еріктілер тікелей қаражат жинаумен айналыспайды, керісінше, адамдарға өздерінің қайырымдылық жасауына мүмкіндік береді. Әрбір қатысушы немесе топ нақты бір баланың деректерін алып, оның өлшемі бойынша киімді өздері таңдайды және отбасына жеке өздері табыстайды.
Бір бала үшін қалай "суперқаһарман" болуға болады?Биыл еріктілер көмекке мұқтаж 350-ге жуық баланы жылы киіммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы жұмыла көмектесудің арқасында 326 балаға киім әперілген.
"Біз тек зат сыйламаймыз. Біз балаларға сабаққа кедергісіз баруға, достарымен араласуға және қыстан қорықпай, оның әр сәтіне қуануға мүмкіндік береміз", - дейді ұйымдастырушылар.
Орташа есеппен бір балаға арналған толық киім жиынтығының құны 50 мыңнан 60 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл сомаға келесі заттарды жинауға болады:
қысқы күрте; жылы бәтеңке; баскиім; мойынорағыш; қолғап.Акцияға қалай қосылуға болады?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Warm Winter аясындағы көмек атаулы сипатқа ие: балалардың тізімі қайырымдылық қорлары арқылы жасақталады. Қатысушылар тиісті киімдерді таңдап алу үшін нақты бір бала туралы ақпаратты және оның өлшемдерін алады.
Киімдерді берілген өлшемдер бойынша өз бетінше сатып алуға немесе бұл істі ұйымдастырушыларға сеніп тапсыруға болады - қажет болған жағдайда еріктілер сатып алуға және жеткізуге әрқашан көмектеседі.
Акцияға студенттер, компания қызметкерлері және балалардың қыстан жылы шығуына көмектескісі келетін кез келген адам қатыса алады:
акцияға қатысу үшін сауалнаманы толтыру қажет; немесе WhatsApp арқылы +7 (771) 119-07-08 хабарласуға болады.Тағы оқыңыз: Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын ерекше мұз айдыны ашылады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 14:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















