Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

Дәстүрлі әншілер сайысы

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

Алматыда БАКАД бойымен жүру құны қымбаттайды

Ана араша сұрайды

Ана араша сұрайды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кейінгі төрт жылда тағдырдан теперіш көріп, бауыр еті баласынан, одан соң құдай қосқан қосағынан айырылған 50 жастағы ана өзінің ауыр дертке ұшырағанын айтады. Алайда жергілікті дәрігерлердің салғырттығынан, жүрдім-бардым қарауының кесірінен, сыртқатынан емделе алмай жүргенін айтқан оқырман енді басылым арқылы өз үнін тиісті мекеме басшыларына жеткізуді көздепті. Біз оқырманмен тілдесіп, арыз-шағымын тыңдадық.

Жамбыл облысы Мойын­құм ауданының тұрғыны Айгүл Кенжебекова 2021 жылы бауыр еті баласынан айырылады. Перзентін жер қойнына тапсырып, ете­гі жасқа толған ана үшін үшін тағ­дырдың сынағы мұнымен біт­пеп­ті. 2021 жылы қайғыдан қан жұ­тып жүрген шақта Айгүл Ба­тыр­ханқызының денсаулығы сыр бе­ріп, өзін жайсыз сезіне бастайды. Ау­ру маза бермегендіктен, ол Мойын­құм аудандық ауруха­на­сы­ның көмегіне жүгінуге тура келеді. Дәрігерлер Айгүл ханымға әртүрлі диагноз қойып, ем-дом жасайды. Бірақ ақ халаттылардың бұл әре­кетінен ешқандай нәтиже шық­па­ғандықтан, 2023 жылы Айгүл ха­ным Тараз қаласында МРТ-ға тү­суге шешім қабылдайды. Ойын­да артық күдігі жоқ ана сол уақытта миын­да ісік бар екенін біледі. Кейіп­керіміз бұл сәтте төбесінен жай түскендей, жағымсыз күйді бас­тан кешкенін айтады. Онсыз да ау­румен алысып, арбаға таңылған жол­дасы бұл хабарды көтере ал­май, 2023 жылы өмірден өтеді. Осы­лайша, екі жыл ішінде қос бір­дей ет жақынынан айырылған, оның үстіне дерт меңдеген Айгүл Кен­жебекова басынан өтіп жатқан жағдайды бізге айтып берді. 

– Сол жылы Тараз қаласында құр­былар арасында бір басқосу бо­латын. Кездесуде бір таныс ке­лін­шек маған «Сұңқар» клини­ка­сы­нан МРТ жасатып көруді ұсын­ды. Тіпті, өзі ақысына дейін төлеп, ба­сымды түсіртіп берді. Осы кісі­нің қолғабысының арқасында тек­серуден өттім. Мен тексеріске еш­қандай дайындықсыз бардым, тіп­ті Мойынқұм аудандық ауру­ха­насы да бұған дейін МРТ түсіруді ұсын­баған. Ертеңіне талдау қоры­тын­дысы шықты. Құжатта менің жағ­дайым «нейрохирургиялық тек­серуді қажет етеді» деп көр­се­тіліпті. Осыдан кейін Тараз қала­лық ауруханасының нейрохирур­гия бөліміне барып, кескінді (сни­мок) көрсеткен бойда ма­ман­дар: «Сізде ісік бар», – деп айтты. Бұл мен үшін ауыр соққы болды. Не деп жауап берерімді білмей, шок күйінде отырдым. Дәрігер нә­ти­желерді көрсетіп, миымның ішінде жаңғақтай көлемде ісік анық­талғанын түсіндірді. «Астана немесе Алматы қаласынан квота алып, сонда емделесіз», – деді. 2023 жылдың қыркүйек айында Ас­танаға келіп дәрігердің кеңесін ал­дым. Барлық құжатты жинап, нә­тижелерін Мойынқұм аудандық ауруханасына квота рәсімдеуге алып бардым, – деп бастады әңгі­месін ол. 

Алайда науқас ем алу бары­сында квотаға қатысты мәселе туындағанын да жасырмады. Ол өзіне бөлінген квотаның белгісіз себеппен күйіп кеткенін естіген соң, мән-жайды анықтау үшін ау­дандық аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасарына жүгінеді. Науқастың сөзінше, дәрігер оған: «ФГДС кезінде асқазаннан 0,2-0,3 мм жара анықталып, отаға жарам­сыз деген қорытынды жасалды. Сон­­дықтан Астана емханасы сізді қа­­былдамайды, емді біздің ауруха­н­ада жалғастырасыз», – деп жауап бер­ген. Дегенмен науқаста асқа­зан­ға қатысты ешқандай шағым бол­маған. Осыған байланысты Мойынқұм ауданының тұрғыны Та­раз қаласындағы облыстық ау­ру­ханаға барып, қайтадан ФГДС тапсырады. Нәтижесінде, зерттеу қорытындысы толықтай таза бо­лып шығады. Осыдан кейін гас­т­роэн­теролог пен реаниматолог де­реу Астанадағы нейрохирургпен байланысқа шығып, жағдайды түсіндіреді.

– Астана қаласындағы нейро­хирург Айдос Құрмашұлы Мойын­құм аудандық ауруханасының олар­ға: «Квота отбасы жағдайына байланысты тоқтатылды» деп есеп бергенін айтты. Мен мұның отба­сы­лық жағдаймен байланысы жоқ еке­нін және маған «ФГДС нә­ти­жесіне байланысты берілмегені» туралы ашып айттым. Айдос Құр­машұлы квотаны күтпей, Астанаға би­лет алып, шұғыл келуімді сұ­ра­ды. Кейін 20 қараша 2023 жылы Ас­танадағы нейрохирургтың кө­ме­гімен маған қайтадан квота бө­лін­ді. 2023 жылдың 1 желтоқса­нын­­да миға 8 сағаттық ота жа­­сал­ды. Операция алдында ма­ман­дар ісіктің толық алынуына ке­пілдік беріл­мейтінін, шамамен 90 пайы­зы алынып, 10 пайызы күй­дірілуі қажет екенін хабарлады. Ақыры, ота сәтті өтті. Дәрігер отадан кейін ісік­тің көлемі алдын ала көр­се­тілген көлемнен де үлкенірек бол­ғанын және сүйекке қарай өсе бас­тағанын айтты, – деді емделуші А.Батырханқызы.

Тараз қаласының онколог дәрігерлерінің нұсқауымен Айгүл ханым МРТ, КТ талдауынан өтуге тиіс еді. Мойынқұм ауда­ны­ның тұрғыны өзіне онкологиялық диагноз қойылғанына қарамастан, аудандық орталық ауруханада қа­жетті медициналық көмекке қол жет­кізе алмағанын айтып ашы­нады. Оның сөзінше, аурухананың онколог дәрігері науқасты есепке алудан бас тартып, «тұрғылықты ме­кенжайыңыз бойынша ВОП дәрі­геріне барыңыз» деп учаскелік дәрігерге қарай бағыттаған. Аудан­дық ауруханадан ешқандай қолдау болмаған соң ІІ топтағы мүгедектік статусы бар науқас өз қалтасынан қаражат шығарып, бірнеше мәрте МРТ, КТ зерттеулерінен өтуге мәж­­­­бүр болған. 

– Сол күндері жағдайым ушы­ғып жүргенде, жолдасым қайтыс бо­лып, отбасымыз ауыр күйге түс­ті. Бірақ емді тоқтатуға болмайды. 12 желтоқсан күні ауылға оралдым. Ұлттық нейрохирургия орталығы бер­ген нұсқаулыққа сәйкес, тір­кеуге тұру үшін аудандық ауру­ха­наның онкологы Ж.Байманасоваға бардым. Отадан кейін Астанадағы дәрігерлер қолыма гистология биоматериалдарын берген. Мұны жер­г­ілікті онкологқа өткізу қа­жет­тігін айтты. Алайда Байманасова ханым биоматериалды ауруха­на­дағы тиісті қоймада сақтаудан бас тар­тып: «Үйіңізге апарып, тоңа­зытқышқа салып қойыңыз», – деді. Біз түсінбей, айтқанын істе­дік. Осы­лайша, бұл анализ төрт ай бойы үйдегі мұздатқышта тұрды, – деді пациент.

Кейіннен Тараз қаласының он­кологы А.Бегметовтің нұсқауы­мен, төрт айдан кейін гистология био­материалы Алматыдағы Он­ко­логия институтының зертханасына жіберіледі. 

Тағы бір маңызды жайт, науқас биыл өзін ВТЭК ІІ топтан ІІІ топ­қа түсіргенін айтып шағымданып отыр. Айгүл жауапты маманнан не­ліктен жағдайдың бұлай өрбі­ге­нін сұраған уақытта, олар мәселені «жыл бойы тұрғылықты мекенжай бойынша дәрігерге қаралмауымен» бай­ланыстырған. Ал науқас ау­дан­дық ауруханаға бірнеше рет бар­ға­нын, бірақ онкологиялық есепке алын­бағандықтан учаскелік дәрі­гер көрсеткен көмектің ешқайсы­сы енгізілмегенін айтады. Сондай-ақ ол 2023 жылдан бастап 2025 жыл­ға дейін онколог Ж.Байма­на­сованың қабылдауына кіре алма­ға­нын, ВТЭК қағазын толтыру барысында заңға қайшы әрекет болғанын атап өтті. 

– Мойынқұм аудандық ау­ру­ха­на тарапынан көмек болмағаннан кейін мен 16 қаңтар 2025 жылы Жам­был облысы әкімдігінің ден­саулық сақтау басқармасына арыз­дандым. Шағымнан кейін бас­қар­ма тарапынан тексеріс жүргізілді. Сол кезде менің сыртымнан ау­дан­­дық аурухана DamuMED-ке жал­ған анализдер өткізген. Со­ны­мен бірге, бірнеше рет мені «кел­меген» деп жалған тіркеу (запись) жа­саған. Бірақ олардың бұл әре­кеті тексерілмеген қалпында қал­ды да, сол кездегі бас дәрігердің орын­басары, қазіргі бас дәрігер Б.Жүнісбековке дәрігерлік этика мен деонтология талаптарын сақ­та­мағаны үшін «ескерту» берілді, – деді ол.

Мұнымен мәселенің нүктесі қойыл­ған жоқ. Басынан өткен оқи­ғасын бүге-шүгесіне дейін баян­дап берген науқас биыл 20 қаң­тар күні Мойынқұм ауданы әкімінің қабылдауында болғанын жеткізді. Бұл маңызды кездесуде Айгүл ханым аудан басшысына дәрігерлердің әділетсіз әрекетін айтып, жағдайдың оң шешілуін талап еткен. Мән-жайды тыңдаған аудан басшысы аудандық ауру­хананың сол кездегі бас дәрігері Д.Ахмет­жанов пен оның орын­ба­сарларын шақырып, оларға бұл мә­селені шешуді тапсырады. Алай­да Айгүл ханымның сөзінше, осыдан кейін бас дәрігердің орын­басары тара­пынан науқасқа қарсы қысым бас­талған. 

– Адам жанына араша бола­тын, науқастың тағдырына нем­құрайлы қарамайтын, жаны мен тәнін қоса емдеуге дайын тұратын дәрігердің бірі деп жүрген адам он­кологиялық науқас екенімді бі­ле тұра, ескі жараларымды тыр­ма­лады. Бас дәрігердің сөзін тың­да­май, өзге дәрігерлердің көзінше ма­ған дауыс көтерді. Сонымен, еш­теңе шешілмей, Жүнісбековтің ма­ған көрсеткен дөрекілігімен жи­на­лыс аяқталды. Сол жерде менің қан қысымым көтеріліп, қол-ая­ғым дірілдегеніне қарамай, рұқ­са­тым­сыз видеоға түсірді. Маған же­дел жәрдем шақыруға тура кел­ді. Бас дәрігердің орынбасары б­а­ғынышты дәрігерлерді куәгер етіп, өзінің айтуымен «маған жала жап­ты» деп түсінік жаздырған, по­лицияға арыз берген, – деп жа­найқайын жеткізді.

Айгүл ханымның айтуынша, осы оқиғадан кейін Мойынқұм ау­дандық ішкі істер бөлімі нау­қас­тың тарапынан ешқандай заң­сыз­дық болмағаны жөнінде қаулы шы­ғарады. Бірақ 2025 жылдың 1 сәуірінде Мойынқұм ауданының судьясы Б.Дәлібаев дәрігерлердің жазған түсініктерін негізге ала оты­рып, Айгүл Батырханқызын кінә­лі деп тапқан. ҚР ӘҚБтК 73-3 бабының 3 бөлігінде көзделген әкім­шілік жаза ретінде науқастан 786 400 теңге көлемінде айыппұл талап етеді.

– Денсаулығымды күтудің ор­ны­на амалсыздан соттасуға мәж­бүр­мін. Осыған байланысты аппе­ля­циялық шағым жазып, адвокат жал­дап, Жамбыл облыстық соты­на жүгіндім. Қаулы бойынша ма­ған жабылған жаладан ақталып шық­тым. Алайда ол сол кезде де жа­ла жабуын тоқтатқан жоқ, – де­ді Айгүл ханым.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқатсақ, Мойын­құм ауданының тұрғыны, онко­ло­гиялық науқас Айгүл Кенжебекова жергілікті билік өкілдерінен мы­на­дай талап-өтінішін басты назар­ға алуды өтінеді: Ең алдымен, өз мін­детін дұрыс атқармаған, нау­қасты Д есебіне уақытылы алмаған Мойынқұм аудандық аурухана­сы­ның онкодәрігері Ж.Байма­на­сова­ға, екіншіден, кәсіптік мін­детін дұрыс атқармай, медициналық этика мен деонтология талаптарын қатаң бұзғаны үшін сол кездегі бас дәрігердің орынбасары, қазіргі бас дәрігер Б.Жүнісбековке тиіс­ті шара қолдануды, сондай-ақ өзінің аурудан толық айықпағанын ескеріп, қайтадан ІІ топқа қай­таруға ықпал етуін сұрайды. Оны­мен қоса Айгүл Батырханқызы 2024 жылғы 8-25 қаңтар аралы­ғын­да өзінің қатысуынсыз «анализ тап­сырды» және «вакцина алды» де­­ген жалған ақпараттың Damu­MED жүйесіне енгізілгенін жә­не бұл деректерді енгізген жауап­ты тұл­ғаларды анықтап, заң шең­бе­рін­де жауапқа тартуды талап етеді. 

Ауыр дертке шалдыққан ана қазір өмір үшін күресудің орнына жүйедегі қателіктермен арпа­лысу­ға мәжбүр. «Дауласуға денсаулы­ғым да көтермейді, оның орнына ем алуға мұрша берсе екен» деген  тілегін жеткізді...

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:36
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

29 Қараша 2025 20:57see111

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

29 Қараша 2025 23:22see111

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

29 Қараша 2025 21:18see110

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

29 Қараша 2025 12:09see107

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

29 Қараша 2025 15:14see107

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

29 Қараша 2025 14:55see105

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

29 Қараша 2025 23:22see105

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

30 Қараша 2025 18:05see104

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

30 Қараша 2025 03:20see103

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

30 Қараша 2025 18:48see103

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

29 Қараша 2025 19:14see103

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

29 Қараша 2025 13:09see102

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

29 Қараша 2025 14:39see102

Дәстүрлі әншілер сайысы

29 Қараша 2025 12:44see102

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

29 Қараша 2025 10:09see101

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

29 Қараша 2025 10:08see101

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

29 Қараша 2025 14:06see101

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

29 Қараша 2025 18:03see100

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

30 Қараша 2025 18:49see100

Алматыда БАКАД бойымен жүру құны қымбаттайды

29 Қараша 2025 13:54see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары