Талғардағы жанжал: араша түспек болған куәгердің жағы сынған
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Талғардағы автосалон алдында отбасылық жанжал шықты: араша түспек болған куәгердің жағы сынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Автор видеода Талғар қаласында ерлі-зайыпты арасында болған жанжал бейнеленгенін айтады. Төбелеске әйелдің жұмыстас әріптестері араласқаны, олардың бірі бетінен қатты соққы алғаны айтылған. Кейінірек төбелестің Бесағаш ауылындағы автосалондардың бірінің тұрағында болғаны белгілі болды.
"Ашуға булыққан күйеуі әйелінің жұмысына келіп, жанжал шығарған. Оқиға соңында әйелді көшеде соққыға жықпақ болған кезде, оған әріптестері араша түскен. Соның салдарынан олардың бірі бетінен соққы алып, жақ сүйегі сынған", – делінген Telegram-да жарияланған жазбада.
Өңірлік полиция бұл деректің тіркелгенін және соған байланысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады. Күдіктінің жасы 30 шамасында екені, оның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Жәбірленуші ер адам медицина мамандарының бақылауында.
"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға ерлі-зайыпты арасындағы тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Тергеу аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процесуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция тергеу мүддесіне байланысты аталған дерек бойынша қосымша ақпарат бере алмайтындарын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:46
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 19:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















