БҚО да жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 19 қазан күні шамамен сағат 15.15-те Атырау-Орал жолының 455-шақырымында Бәйтерек ауданы Көшім ауылы тұсында екі автокөлік соқтығысты.
Жүргізуші Toyota Hilux автокөлігімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп Lada Priora автокөлігімен түйісуге жол берген.
- Жол апаты салдарынан Lada Priora автокөлігінде отырған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Осы автокөліктегі тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі күн ішінде бұрын іздеуде болған 13 күдікті ұсталғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:140
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 20:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















