Бразилияның экс президенті қамауға алынды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару Федералдық полиция тарапынан қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Reuters мәліметінше, ол бұған дейін мемлекеттік төңкеріс дайындады деген айып бойынша бірнеше ай үйқамақта болған. Судья Александр де Мораес Болсонаруның жанкүйерлері оның үйінің жанында жиналып, бақылауға кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сонымен бірге, экс-президенттің аяғына тағылған электрондық бақылау құрылғысына заңсыз араласу белгілері анықталған. Судья Болсонару шетел елшілігіне барып, саяси баспана іздеу ықтималдығын да атап өтті. Оның жақтастарының кейбірі елден қашып кеткен.
Болсонару 2022 жылғы сайлауда Лула да Силвадан жеңілгеннен кейін билікті бермеу мақсатында мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға талпыныс жасады деп айыпталған. Ол 27 жыл 3 айға сотталғанымен, үкім әлі толық күшіне енбегендіктен апелляциялық шағым қарастырылып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 20:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















