Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ алаңында Қазақстанның жаңа Конституциясын таныстырды

Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi дің 6 млн акциясын иеленді

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

Павлодарда медициналық қызметтерге қатысты заңсыздықтар анықталды

Жамбыл облысында ата анасыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген

Қазақстанда биылдан бастап тағы бір мереке аталып өтеді

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

Еуропада демографиялық дағдарыс: халық саны күрт төмендейді

Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

Астанада қай көшелер жабық тұр?

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

Жапонияда күшті жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланды

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

“Бұл ақшаға қаладан ештеңе сатып ала алмайсың“. Ескі Астана қалай сүріліп жатыр?

“Бұл ақшаға қаладан ештеңе сатып ала алмайсың“. Ескі Астана қалай сүріліп жатыр?

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астананың сол жағалауының орталығындағы Заречный тұрғын алабы жойылып барады. Қазір мұндағы үйлер сүріліп жатыр. Олардың орнына Жоғары аудиторлық палатаның ғимаратын салу жоспарланған. Алайда жер иелері өтемақы мөлшерімен келіспей отыр. Олардың айтуынша, ұсынылған сома екі есе төмендетілген.

Краткий пересказ текста от Tengri AI Этот текст сгенерирован ИИ

Астананың сол жағалауының орталығында Заречный тұрғын алабы сүріліп жатыр, оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның ғимаратын салу жоспарланған. Қала үшін бұл жаңарудың тағы бір кезеңі болса, жергілікті тұрғындар үшін — үйреншікті өмірдің соңы және туған жерінен айырылу. Заречный 1950-жылдары қаланы көкөніспен, етпен және сүтпен қамтамасыз ететін кеңшар ретінде пайда болған. Уақыт өте келе оның айналасында заманауи сол жағалау бой көтеріп, ескі үйлер зәулім ғимараттар мен жаңа кварталдардың арасында қалып қойды. Енді жер телімдерінің иелері ұсынылған соманы шамамен екі есе төмен деп есептеп, өтемақы мөлшері үшін билікпен дауласуда. Олардың айтуынша, төленген ақшаға сол ауданнан немесе тіпті қала аумағынан ұқсас жылжымайтын мүлік сатып алу мүмкін емес. Көшу әсіресе жеке үйді тек жылжымайтын мүлік қана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланы немесе қарт ата-ананы күтуге ыңғайлы өмір сүру ортасы деп санайтын отбасыларға өте ауыр тиіп отыр. Кейбір тұрғындар бірнеше сотта жеңілгендерін, ал үйлерді олар көшумен келіспей жатып-ақ бұза бастағандарын айтады. Сұхбат берушілердің бірі көшіп кеткеннен кейін үйді мародерлар тонап үлгергенін, қалған заттарды бір түнде алып кеткенін еске алады. Әкімдікте Заречныйда 26 үй сүрілуі тиіс екенін, бір бөлігі сатып алынғанын, ал қалғандары бойынша сотта дауласу жалғасып жатқанын хабарлады. Шенеуніктер мүліктің құнын тәуелсіз бағалау ұйымы анықтайтынын алға тартады, бірақ тұрғындар мұндай түсіндірмелерге сенбейді. Заречныйдың тарихы елорданың дамуы мен құрылысының артында тек жаңа ғимараттар ғана емес, сонымен қатар ескі аудандардың адамдардың өмірі туралы естеліктерімен бірге ауыр жойылуы тұрғанын көрсетеді.

Tengrinews.kz тілшілері тұрғындардың мұңын тыңдап, елорданың тағы бір көне бұрышының тарих қойнауына қалай еніп бара жатқанын көріп қайтты.

Заречный алабы Триумфалды арканың маңындағы заманауи тұрғын үй кешендерінің арасында орналасқан. Мұндағы үйлер онсыз да шағын, бірақ оларды жан-жағынан қоршап алған зәулім көпқабатты үйлердің қасында тіпті кіп-кішкентай болып көрінеді.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Бұл репортаждың видеонұсқасын Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Мұнда әлі де тұрып жатқан жергілікті тұрғынмен кездесуге бара жатқан жолда өзге аулаларға көз салдық. Ондағы үйлердің жартысы сүріліп үлгерген. Айнала үйілген кірпіш, қабырға сынықтары мен сымдардың орамаларынан тау болып үйілген қоқыс.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қоқыс үйінділерінің қасынан өтіп бара жатып, осындағы өткен өмірдің жәдігерлеріне тап болдық. Біреулер фотосуреттерін алмай кетіпті:

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Олардың көбі қағаз папкаларға ұқыпты салынған, ал кейбірі дәл батпақтың ішінде шашылып жатыр.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Тағы аздап қазбалап, құттықтау хаттар мен біреулердің салған суреттерін таптық.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Содан соң бізді шақырған жерге - әзірге бүтін тұрған үйге бет алдық. Мұнда Ирина Соловьева отбасымен тұрады.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ол мұнда 1993 жылы тұрмысқа шыққанда көшіп келген.

Ирина Соловьева, Заречный тұрғыны. Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

"Бұл бүкіл қаланы асыраған керемет ауыл еді. Мұндағы өнімдермен ауруханалар да, мектептер де, мемлекеттік мекемелер мен балабақшалар да қамтамасыз етілетін. Барлығы осы ауылдың теңгерімінде болатын. Мұнда бәрін сақтайтын үлкен қоймалар бар еді. Заречныйда бұрын тұрған және жұмыс істеген адамдардың бәрі мұны растай алады. Триумфалды арка тұрған жерде көкөніс өсіретін алқаптар болатын", - деп еске алады Ирина.

Заречный 50-ші жылдардың екінші жартысында құрылған. Сол жылдары Ақмоланың, кейіннен Целиноградтың (Астананың бұрынғы атауы) айналасында совхоздар құрылды. Өсіп келе жатқан қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету керек болды.

Уақыт өте келе Заречный совхозы "миллионер" атанды - жоғары табысқа ие болып, сол кездің өлшемімен алдыңғы қатарлы шаруашылық саналды.

Мұнда жылыжайлар мен егістік алқаптары болды, мал өсіріліп, сүт өнімдері дайындалды - қалаға күн сайын жаңа піскен көкөніс, ет пен сүт осы жерден жеткізіліп тұрды.

Заречный совхозы. Фото: Нұрмұхамат Имамов / imamov.kz

2000-шы жылдардағы ғарыштан түсірілген суреттерді зерделесек, Заречныйдың айналасында әлі де көптеген егістік алқаптарын көруге болады. Қазір олардың орнында біз білетін заманауи елорданың сол жағалауы - кең көшелер мен зәулім тұрғын үй кешендері бой көтерген.

Ғарыштан түсірілген 2004 және 2024 жылғы суреттер. Дереккөз: Google Earth

Бірақ бүгінгі Заречныйға оралайық.

Ирина Соловьева күйеуімен бірге ерекше бала тәрбиелеп отыр. Оларға осы жерде тұру ыңғайлы. Ұлы он жыл бойы жақын маңдағы оңалту орталығына барып жүр және жергілікті емханада есепте тұр. Маңайда серуендейтін орындар бар. Әйел пәтерге көшкеннен кейін баланың төрт қабырғаға қамалып қалатынынан қорқады.

"Балам қозғалыссыз қалады-ау деп уайымдаймын, онымен сыртқа шығып серуендей алмаймын. Біздің жанымызда саябақ пен жағалау бар, әр жазда жақсылап серуендейміз, балық аулаймыз. Оған бәрі ұнайды, ортаға бейімделіп келеді. Ал көшсек, үйден шыға алмай отыратын болады", - дейді кейіпкеріміз.

Мәселенің тағы бір жағы бар: баланың үш арбасы бар, олар жөргектер қорымен бірге жер үйдің қосалқы бөлмесінде сақталады.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Пәтерде мұның бәрін сыйғызу мүмкін емес.

Бірақ басқа үйге көшу де үлкен мәселе. Иринаның айтуынша, басында отбасына өте аз өтемақы ұсынылған, алайда тәуелсіз бағалау олардың мүлкін 180 миллионнан астам теңгеге бағалаған. Олар қазірдің өзінде екі сотта жеңіліп қалды.

Мақала жарияланар тұста үшінші сот процесі басталуы керек еді, бірақ Ирина бұл жолы да жеңілетін шығармыз деп болжайды. Қазір олардың үйі 94 миллион теңгеге бағаланып отыр, бұл сома екі иесіне бөлінуі тиіс.

"Менің ауданымнан бұл ақшаға не сатып алуға болады? Мұнда 47 миллионға тіпті бір бөлмелі пәтер де табылмайды. Көрші үйлердегі бір бөлмелі пәтерлер қымбат тұрады. Ал менің жер телімі бар өз үйім бар. Айырмашылығы бар емес пе?" - деді Ирина.

Ал мынау басқа Иринаның - Ирина Илиадистің үйі. Ол мұнда отбасымен және ата-анасымен тұрған.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Жақын арада ғана бұл жерде бақша, жазғы ас үй мен үлкен гараж болатын.

Фотоны Ирина Илиадис ұсынды

Енді бұл жердің сиқы мынадай:

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Терезелері мен есіктері жоқ, шатыры да толықтай дерлік бұзылған.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Аман қалған қабырғалардың бірінде жалғыз қалған "тұрғын" - үй иесінің мүсіншесі әлі де ілулі тұр.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Иринаның ата-анасы ағасының үйіне көшкен, ал өзі пәтерде тұрады. Ол да бірнеше рет соттасқанын, бірақ бәрінде де жеңіліс тапқанын айтады. Отырыстардың бірінде отбасы басқа ауданнан жер телімі бар дәл сондай үй беруді сұраған, бірақ соңында оларға 89 миллион теңге өтемақы қалдырылған.

"Ата-анам үшін үй іздеп жатырмыз, өйткені олар зейнеткер. Олар пәтерде тұра алмайды, өмір бойы жер үйде тұрған. Сонымен қатар бұл ақшаға Тельманнан (маңайдағы тұрғын үй алабы - ред. ескертпесі) ештеңе сатып ала алмаймыз. Қосшыдан, Үркерден, бәлкім, Ильинкадан (бұлар қала маңындағы елді мекендер - ред. ескертпесі) бірдеңе алармыз. Бірақ қала ішінен бұл ақшаға ештеңе келмейді. Арғы бетті жеке компания бұзып жатыр. Онда өте кішкентай жер телімдері үшін бізден екі есе көп ақша берілді. 5–7 сотық жер үшін 138–150 миллион теңгеден төледі. Бірақ ол - құрылыс салушылар. Ал бізде әкімдік бұзып жатыр", - дейді Ирина.

Ирина Илиадис, Заречный тұрғыны. Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ирина Илиадис те басқа тұрғындар сияқты болашақта бұрынғы жер телімдерінің орнына тұрғын үй кешендері салынуы мүмкін деген болжам айтады:

"Ауданның ана шетінде де жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алған болатын. Соңында мемлекет мұқтажына деп салынғаны тек мектеп болды. Сонымен бітті. Ал қалған жердің бәрінде көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтерді. Оның үстіне, ол жерден әлі жол өтеді".

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Олардың бұрынғы көршісі Темірхан Әлімтаевтың да жағдайы ұқсас. Ол сотта жеңіліп, 91 миллион теңге төлем алған. Дегенмен, оның айтуынша, тәуелсіз бағалау құны екі есе жоғары - 180 миллион болған. Басқа жергілікті тұрғындар да осы соманы атады.

Ер адамның айтуынша, олардың да бау-бақшасы мен қосалқы құрылыстары бар жақсы үйі болған.

"Бізді ОМОН-мен көшіруге келді. Сталиндік замандағыдай. Келді де: "Қазір бәрін шығарамыз, тиеп алып, әкімдіктің қоймасына апарамыз, сосын өзің іздеп тауып ал", - деді. Газель көлігін берді", - деп еске алады Темірхан Әлімтаев.

Темірхан Әлімтаев, Заречный тұрғыны. Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ер адам көшер алдында заттарының бір бөлігін, жиһаздары мен ыдыс-аяғын үйде қалдырғанын айтады - кейінірек сатып, аз да болса ақша қылғысы келген. Бірақ қайтып келгенде, есігі бұзылып, мародерлер бәрін тонап кеткен екен.

"Бір түнде бәрін алып кетіпті. Ішінде түк қалмаған. Кеше ғана терезелері де, бәрі де орнында тұр еді. Мен жұмысшыларға: "Шатырын бұзыңдар, бірақ есіктерге тиіспеңдер", - дегенмін. Маған керек заттарды бірден алып кеттім де, қалғанын осында қалдырдым. Хабарландыру арқылы болса да тиын-тебенге сатармын деп ойлағанмын".

Осыны айта отырып, Темірхан бізді моншасына кіргізді - бұл оның жерінде бұзылғаннан кейін бүтін қалған жалғыз құрылыс. Ол тіпті осы моншасының өзі сапалы салынғанын, қалған дүниесі де сондай болғанын көрсеткісі келеді.

Айналаның бәрі қирап жатса да, ол әлі күнге дейін моншаның есігін құлыптап жүреді екен. 

Заречныйдағы Темірхан Әлімтаевтың жер теліміндегі монша. Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Темірхан Әлімтаевтың моншасының ішкі көрінісі. Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Заречныйға барғаннан кейін біз Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына хабарластық. Ондағылар бұл алапта 26 үй бұзылуы тиіс екенін айтты. Бүгінгі таңда оның 14-і сатып алынған, қалғандары бойынша мәселе сот тәртібімен шешіліп жатыр.

Үй иелерінің өтемақы мөлшеріне көңілі толмайтынына қатысты басқарма өкілдері алынатын мүліктің құнын тәуелсіз бағалау ұйымы анықтайды деп жауап берді.

Сондай-ақ бұзылған үйлердің орнына Жоғары аудиторлық палатаның ғимараты салынуы тиіс екенін растады.

Тағы бір назар аударарлық жайт.

Заречныйда болған уақытымыздың бәрінде иттердің қатты үргенін естідік. Бізбен сөйлескендер мұның себебін түсіндірді: бұл көршілердің иттері, олар қираған үйлердің жанында қалып қойған және әлі де мүлікті күзетіп жүрген сияқты.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Бірақ жергілікті тұрғындар оларды ешкім далаға тастамағанын бірден қосып айтты. Иелері келіп, тамақтандырып тұрады. Жануарларды пәтерге алып кете алмайды, бірақ оларды қала сыртындағы жеке секторда тұратын біреулерге өткізуге тырысып жатыр.

Көптеген астаналық мұндай жағдайды бастан өткерген - елорда құрылысы үшін тұтас орамдар бұзылған кездер болды. Бұл үлкен қаланың табиғи даму жолы және тарихтың ағысы іспетті - Заречныйдың өзі де талай өзгерісті көрген. Бірақ әрбір жеке отбасы үшін бұл - бүкіл өмірінің бұзылуы. Олар жаңа баспаналы бола аламыз ба, оған ақша жете ме деп қорқады.

Авторлар: Диана Алшоразова, Маржан Куандыкова, Алимжан Аманжол

Аударған: Нұрила Ермекбаева

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ алаңында Қазақстанның жаңа Конституциясын таныстырды

20 Сәуір 2026 17:33see116

Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi дің 6 млн акциясын иеленді

20 Сәуір 2026 17:42see116

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

20 Сәуір 2026 10:24see115

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

19 Сәуір 2026 18:11see113

Павлодарда медициналық қызметтерге қатысты заңсыздықтар анықталды

20 Сәуір 2026 13:23see113

Жамбыл облысында ата анасыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген

20 Сәуір 2026 13:09see113

Қазақстанда биылдан бастап тағы бір мереке аталып өтеді

20 Сәуір 2026 11:57see112

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

19 Сәуір 2026 17:03see112

18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды

20 Сәуір 2026 17:41see112

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

20 Сәуір 2026 10:42see111

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

20 Сәуір 2026 18:28see111

Еуропада демографиялық дағдарыс: халық саны күрт төмендейді

20 Сәуір 2026 23:41see111

Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

20 Сәуір 2026 12:15see111

Астанада қай көшелер жабық тұр?

19 Сәуір 2026 14:25see111

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

20 Сәуір 2026 08:15see111

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

20 Сәуір 2026 06:54see109

Жапонияда күшті жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланды

20 Сәуір 2026 17:33see109

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

19 Сәуір 2026 17:29see108

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

19 Сәуір 2026 11:41see108

Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

20 Сәуір 2026 13:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары