Центр плова Loft кафесіндегі жарылыс дерегі бойынша тағы екі адам ұсталды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.
Биыл 20 сәуірде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын, сондай-ақ газ баллондарды жеткізушіні ұстады. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деп күдіктелуде.
Күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 - бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда екіден көп адамның ауыр зардаптары мен өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды. Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Күдіктілердің біріне қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, екіншісіне - үй қамағы таңдалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды, деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Бүгін, 11:30
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 11:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















