Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Демалыс кезінде ауырып қалдыңыз ба күндерді қалай ауыстыруға және ақшадан ұтылмауға болады

Демалыс кезінде ауырып қалдыңыз ба күндерді қалай ауыстыруға және ақшадан ұтылмауға болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Демалыс кезінде ауырып қалу - жиі кездесетін жағдай. Бірақ мұндайда не істеу керегін көбі біле бермейді. Демалысты ұзартуға бола ма, пайдаланылмаған күндерді кейінге шегеріп, ақшаны жоғалтпаудың жолы қандай? Толығырақ Tengri Life материалынан оқыңыз.

Ауырған жағдайда демалыс күндерін қалай сақтауға болады?

Егер демалыс кезінде ауырып қалсаңыз, сол күндерді демалыс есебінен өткізу немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашу - өз таңдауыңыз. Бірақ демалыс күндерін сақтап қалғыңыз келсе, міндетті түрде ресми еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу қажет. Бұл туралы адвокат Абзал Қасымжанов айтты.

Неге жай анықтама жеткіліксіз? Кәдімгі медициналық анықтама немесе басшыға мессенджер арқылы жіберілген хабарлама демалыс күндерін кейінге шегеруге негіз бола алмайды. Ол үшін міндетті түрде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қажет.

"Уақытша еңбекке жарамсыздықты ресми түрде растайтын құжат - осы парақ. Егер ол тиісті тәртіппен рәсімделмесе, ауырған күндеріңіз кәдімгі демалыс күндері ретінде есептеліп, кейін қайтарылмауы мүмкін", - деп түсіндірді Қасымжанов.

Еңбек кодексінің 94-бабына сәйкес, ауруға сәйкес келген демалыс күндері тек қызметкердің өтініші бойынша кейінге ауыстырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен өтініш болмаса, бұл күндер кәдімгі демалыс ретінде есепке алынады.

"Бір күндер үшін бір мезетте әрі демалыс ақысын, әрі уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға болмайды. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен тұспа-тұс келген ауру күндеріне жәрдемақы төленбейді. Бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған демалыс күндері жоғалып кетпейді. Оларды кейін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға болады", - деді адвокат.

Жұмыс берушіге ауырып қалғаныңыз туралы қашан хабарлау керек?

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған бойда басшыңызға немесе кадр бөліміне хабарлаған дұрыс. Кодексте "24 сағат ішінде хабарлау керек" деген нақты талап жоқ. Алайда демалысты кейінге шегеру туралы өтінішті еңбек демалысында жүрген кезде беру қажет.

Хабарламаны электрон пошта немесе компанияның ішкі жүйесі арқылы жіберген жөн. Осылайша өтініш берген күн тіркеліп қалады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жабылғаннан кейін оның түпнұсқасын немесе электрон нұсқасындағы мәліметтерді кадр бөліміне тапсыру керек.

Ауырғаннан кейін демалыс күндерін қалай кейінге шегеруге болады?

Егер еңбекке жарамсыздық парағы дұрыс ресімделсе және сіз өтінішті уақытылы берсеңіз, жұмыс берушінің бұл күндерді жоюға құқығы жоқ.

Жұмыс беруші неден бас тарта алады? Демалыстың нақты қай күндерге ауыстырылатынын бекітуден бас тарта алады. Жаңа мерзім жұмыс беруші мен қызметкердің келісімімен белгіленеді.

Мынаны да ескерген жөн:

Демалыс күндерін қалай пайдалануға болады. Оларды осы жұмыс жылы ішінде бөлек алып демалуға немесе келесі жылғы еңбек демалысына қосуға болады. Қандай құжаттар қажет? Демалыс күндерін кейінге шегеру үшін екі құжат керек: еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және жазбаша өтініш. Өтініште ауырған мерзім, демалыспен сәйкес келген күн саны және демалысты қай күндерге ауыстырғыңыз келетіні көрсетіледі. Осы құжаттардың негізінде бұйрық шығарылады. Ақша мәселесі. Бір кезеңге екі рет төлем жасалмайды - бұған Еңбек кодексінің 133-бабы жол бермейді. Демалыс ақысын алып қойғандықтан, сол күндерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленбейді. Бірақ ауру демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, еңбек демалысынан тыс қалған күндерге жәрдемақы әдеттегі тәртіппен есептеледі.

"Еңбек кодексі демалысты автомат түрде ұзарту емес, оны ауыстыру механизмін қолданады. Қызметкер қалған күндерді ағымдағы жұмыс жылында бөлек беруді сұрай алады. Жұмыс берушімен келісім бойынша оларды келесі жұмыс жылының демалысына қосуға да болады", - деп түсіндірді Абзал Қасымжанов.

Нақты нұсқаны уақытылы келісіп, жазбаша түрде рәсімдеу қажет.

Төленген демалыс ақысы не болады? Ақшаны кассаға қолма-қол қайтарудың қажеті жоқ. Бухгалтерия есепті түзетеді: ауыстырылған күндердің сомасы алдағы төлемдер кезінде ескеріледі немесе сіз сол демалысты пайдалануға шыққанда (сол кездегі өзекті орташа жалақыны ескере отырып) қайта есептеледі.

Демалыста жүріп жұмыстан шығуға бола ма?

Заң жұмыс берушінің бастамасымен демалыстағы қызметкерді жұмыстан шығаруға тыйым салады, бірақ қызметкердің өзі кез келген уақытта жұмыстан шығу туралы өтініш беруге толық құқылы.

Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес, бір ай бұрын ескерту мерзімі "міндетті түрде жұмыс істеу" дегенді білдірмейді. Бұл мерзім өтініш берілген күннен бастап есептеледі және еңбек демалысы кезінде де жүре береді.

Мысалы: егер бір айлық демалыстың алғашқы күні жұмыстан шығу туралы өтініш берсеңіз, демалыс аяқталған соң еңбек шартыңыз тоқтатылады. Демалыстан кейін тағы бір ай жұмыс істеудің қажеті жоқ. Ал демалыс бір айдан қысқа болса, 30 күндік ескерту мерзімі аяқталғанша қалған күндерін жұмыс істеу қажет болады.

Жұмыстан қалай тезірек шығуға болады:

Тараптардың келісімі бойынша. Жұмыс берушімен шартты бұзудың кез келген күні туралы келісу. Компания тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда. Егер жұмыс беруші еңбек шартын бұзса, жазбаша хабарлама жіберіңіз. Егер бұзушылықтар 7 жұмыс күні ішінде жойылмаса, сіз 3 жұмыс күнінен кейін жұмыстан шығуға құқылысыз.

Маңызды: жұмыстан босатылған кезде жұмыс беруші пайдаланылмаған барлық демалыс күні үшін өтемақы төлеуге және 3 жұмыс күнінен кешіктірмей толық есеп айырысуды жүргізуге шарт тоқтатылғаннан кейін міндетті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 17:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары