Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Депутат дәстүрлі қытай медицинасы турасында: тұрғындардан шағымдар түсіп жатыр

Депутат дәстүрлі қытай медицинасы турасында: тұрғындардан шағымдар түсіп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Менің атыма Астана қаласынан және басқа да өңірлерден «Шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты азаматтардың шағымдары келіп түсуде. Шағымдарда лицензиясыз немесе тиісті біліктіліксіз медициналық қызмет көрсету, инвазивті рәсімдердің санитариялық талаптарды сақтамай жүргізілуі, тіркелмеген препараттардың қолданылуы, сондай-ақ ауыр диагноздарды «емдеуге» уәде беріп, халықты жаңылыстыратын жарнама фактілері көрсетіледі. Кейбір орталықтар қысқа мерзімге ашылып, атауын немесе мекенжайын өзгертіп, бақылаудан жалтарып жатады. Әсіресе, тегі-тамыры белгісіз, өзін білікті дәрігер ретінде жарнамалаған Қытай Халық Республикасының азаматтары төрт-бес ай халықты емдеген болып сеніміне кіріп, артынша емдеу орталығын жауып, «аңқау елге арамза емші» дегендей қалтасын қампайтып алып кетіп қалатындар да кездеседі, — деді Аманжол Әлтай Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, бұл жағдайлар пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді. Қазақстанда «дәстүрлі қытай медицинасы» атауымен ұсынылатын қызметтердің бір бөлігі мазмұны жағынан медициналық қызметке жатады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияны, тиісті біліктілікті әрі нақты талаптарды сақтауды қажет етеді. Алайда шағымдар көптеген нысанда бұл талаптардың іс жүзінде орындалмайтынын көрсетуде: қызметтің құқықтық мәртебесі көмескі, мамандардың құзыреті мен жауапкершілігі айқын емес, ал кей жағдайларда клиникалық практикаға жіберілу тәртібі толық расталмаған шетел азаматтарының «ем жүргізуі» туралы деректер бар.

— Негізгі қауіп — пациент қауіпсіздігі: антисанитария, стерильділік стандарттарының бұзылуы, медициналық қалдықтарды дұрыс жоймау және инвазивті рәсімдерді қауіпсіздік хаттамаларынсыз жүргізу туралы сигналдар жиілеген. Сонымен бірге «препарат/дәрумен/қоспа» ретінде ұсынылатын өнімдердің тіркелуі мен таңбалануы күмән тудырады, ал онлайн-жарнамада ауыр диагноздарды «емдеуге» уәде беру фактілері пациентті жаңылыстыру тәуекелін күшейтеді. Кей нысандардың «тез ашылып — қысқа мерзімде жұмыс істеп — жабылып, көшіп кетуі» жоспарлы тексерудің шектеулерін көрсетіп, тәуекелге негізделген бақылауды және ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажеттігін айқындайды, — деді депутат.

Осыған байланысты ол мына нақты ұсыныстарға назар аударуды сұрады:

1. Бұл қызмет түрлерін құқықтық тұрғыдан нақты жіктеп, ресми түсіндірме жариялауды;

2. Инвазивті рәсімдер жүргізетін орталықтарға бақылауды күшейтуге;

3. Шетел азаматтарының медициналық қызметін цифрлық реестр арқылы міндетті түрде ашық көрсетуге;

4. Тіркелмеген препараттар мен онлайн-жарнаманы ведомствоаралық бақылауды күшейтуге;

5. Азаматтарға лицензияны және дәрілік заттардың заңдылығын тексеру бойынша нысаналы ақпараттық жұмыс жүргізуді жолға қоюға.

Айта кетейік, бұған дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік заттар қосылған құн салығынан босатылатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 11:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары