Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтті. Онда сенаторлар 9 заңды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту, ұлттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдап, оған Премьер-министрдің орынбасары жауап берді.

Жер қойнауын игеруге инвесторлар тартылады

Алдымен депутаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарады. Отырыста атап өтілгендей, заң жер қойнауын игеруге инвес­тициялар тарту бөлігінде жер қойнауын пайдалану жүйесін одан әрі жетілдіруге, жер қойнауын пайдалану үдерістерінің ашықтығы мен цифрландырылуын арттыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген бұл заңның міндеті – еліміздің минералдық-шикізаттық базасының тұрақ­ты дамуын қамтамасыз ету. Осы мақ­сатпен жер қойнауын пайда­ланудың ақпараттық жүйесі ретінде қолданылатын Бірыңғай платформаның қызметі реттеліп отыр. Геология саласындағы мем­ле­кеттік басқаруды және инвес­тициялық артықшылық тетіктерін жетілдіруге арналған нормалар да бар. Экологиялық тәуекелдерді жою мәселесі де назардан тыс қалмады. Жалпы, заң жер қойнауын пайдаланудың ашықтығы мен саланы цифрландыруды арттыруға оң ықпа­лын тигізеді деп сенеміз», деп М.Әшімбаев мақұлданған заң жөнінде пікір білдірді.

Заңдағы жаңа нормаға сәйкес ірі өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын стратегиялық инвесторларға пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіруге құқық беріледі.

Отырыста қаралып, мақұлдан­ған «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық акті­лері­не Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ше­шім­дерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл, мемлекет­тік қызмет, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару, жер пайдалану құқықтарын мұраға қалдыру, сондай-ақ алименттік міндеттемелерді орындау мәсе­лелерін қамтиды.

«Қаралған заң Конституциялық Соттың шешімдерін іске асырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды көздейді. Осы мақсатпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мемлекеттік қызметті және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтаруды реттейтін заңдардың ережелері қайта қаралып, жетілдірілді. Енгізілген түзетулер заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қосымша қорғалуына оң әсерін тигізбек», деді Сенат төрағасы.

Ал депутаттар бастамашы бол­ған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Онда тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру мен сауықтыру қызметтерін көрсететін қосымша білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру жөніндегі бірқатар маңызды норма қарастырылған.

«Парламент депутаттары бастамашы болған заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау­ды және білім беру, сауықтыру қызмет­тері саласындағы заңна­маны одан әрі жетілдіруді көздей­ді. Түзетулер аясында Ұлттық археологиялық қызметтің міндет­терін айқындайтын ережелер қарас­тырылды. Осы салада­ғы арнайы ақпараттық жүйені қол­дану ерекшеліктері де белгілен­ді. Сонымен қатар кәмелетке тол­мағандарды бейiмдеу орталық­тары­ның қызметін жетілдіруге арнал­ған нормалар бар. Заң тари­хи-мәдени мұра объектілерін қосым­ша қорғауға, оларды тиімді пайда­лануға, балалардың заңды мүд­де­лерін қамтамасыз етуге сеп­тігін тигізеді», деді палата спикері.

ЛГБТ насихатына тыйым салынады

Сенаторлар қарап, мақұл­даған заңның бірі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң. Бұл құжат­тағы маңызды міндеттердің бірі балалардың психикалық, мораль­дық дамуын қорғау екенін атап өткен жөн. Өскелең ұрпақтың психикасын күмәнді ақпараттан қорғау үшін заңда бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларда педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпарат орналастыруға тыйым салынады.

Заң құжаттарды цифрлық мұра­ғатқа сақтауға беріп, оның жүргізу тәртібін де регламенттейді. Енді елі­міздің тарихи-мәдени мұрасы­ның сақталуын қамтамасыз ету үшін жеке және заңды тұлғалар­дың бірлесіп қаржыландыру­ды қоса алғанда, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасалатын, тарихи-мәдени, ғылыми құн­ды­лығы бар аудиовизуалды құжат­тардың міндетті даналары мемлекеттік архивтерге беріледі.

Отырыс барысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заңы да екі оқылымда қарал­ды. Аталған құжат энергети­калық қуатты қолдауға, халық пен кәсіпорындардың экономи­калық мүд­делерін қорғауға арналған. Сенаторлар атап өткендей, заң қаражатты аса маңызды қажет­тіліктерге қайта бөлуге, өндірістік қызметті қолдап, жақсартуға, әлеу­меттік міндеттемелерді орын­дауға қаражатты қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар депутаттар «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңды, оған ілеспе «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық акті­леріне құқық бұзушылық профи­лак­тикасы және Қазақстан Рес­пуб­­ликасы заңнамасының жекеле­ген салаларын жетілдіру мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақстан Респуб­ликасының Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады. М.Әшімбаев атап өткендей, бұл заңдар азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін арттыруға, заңға бағынатын тәртіп, зор­лық-зомбылық пен құқық бұзушы­лықтарға төзбеушілікті қалыптас­тыруға, қоғамның құқықтық тәртіп институттарына деген сенімін нығайтуға жол ашады.

«Президент биылғы Жолдауын­да «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекетіміздің мызғымас тұғыры екенін айрықша атап өтті. Қаралған заң – қоғамда осы қағиданы орнық­тырудың маңызды құқықтық тетігі. Заңның басты міндеті – құқық бұзушылықтың алдын алуда адам құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Осыған байланысты жаңа жеке заң аясында құқық бұзушылық профилактикасына жауапты мемлекеттік органдар айқындалып отыр. Олардың құзыреттері жан-жақты реттелген. Ілеспе заңдардың аясында негізгі заңды жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ өзге де маңызды нормалар топтамасы қамтылды. Заң құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіруге, қоғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді», деді М.Әшімбаев.

Ал «Көлік құралдары иелері­­нің азаматтық-құқықтық жауапкер­шілігін міндетті сақтан­дыру туралы» және «Жол жүрісі туралы» заң­дарға енгізіл­ген түзету­лерге сәйкес жол қозға­лысына қатысушыларды жалға берілетін электрсамокаттар жүргізушісінің заңсыз әрекет­терінен қорғауға баса мән бері­ліп отыр. Осы мақсатпен электрса­мо­каттар азаматтық-құқық­тық жауап­кершілікті міндетті сақтан­дыруы қажет көлік құралдарының қатарына қосылады. Бұған қоса самокаттарды жалға берушілерге бірқатар міндет жүктелді. Атап айтқанда, электрсамокаттарға тіркеу нөмірін беру, орналастыру арқылы есепке алуды жүргізу, пайдаланушыларды сәйкестендіруді, олардың жарамды жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеруді қамтамасыз ету, 18 жасқа толмаған және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған адам­дардың электрсамокаттарын жол­дың жүру бөлігінде жалға алуына, басқаруына жол бермеу, сондай-ақ басқа да міндеттер қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң арқылы енгізілген тағы бір жаңашылдық ретінде қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім кию туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алғашында ескертумен шектелсе, қайталап жасағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ. Сондай-ақ заңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, рецидивтік қылмыстың, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың, экономикалық құқық бұзушылықтардың, сон­дай-ақ кәмелетке толмаған­дар арасындағы құқық бұзушы­лық­тардың, балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу ерекшеліктері назарға алынған.

Ауылға арналған бағдарламалар бар

Сонымен қатар палата отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев сенаторлардың депутаттық сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қаражаттың пайдаланылуын бақылауға, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты сауалдарын жолдаған еді.

«Еңбек нарығының қажеттілігі жылына бірнеше рет айқындалып, түзетіліп отырады. Мемлекеттік білім гранттарын «Дипломмен –ауыл­ға!» бағдарламасымен байла­ныс­­тыру бүгінде артық деп ой­лаймын. Өйткені бала университетке түсіп, 4 жыл оқиды. Ал сол уақытта ауылда аталған қожалық жұмыс істей ме, істемей ме, маман қажет бола ма? Өйткені 4 жыл ішінде қажетті маман келетін шығар. Ауыл­дағы бизнеске «Дипломмен – ауылға!» жобасы арқылы емес, басқа бағдарламалар арқылы жеңіл­діктер әзірлеуге болады. Бұл бағытта жұмыс істейміз», деді Қ.Бозымбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, ауылдарды дамыту экономи­ка­лық, әлеуметтік, мәдени маңызы­мен қатар еліміздің өркендеуі жолында стратегиялық мәнге ие. Мемлекет басшысы Жолдауында бұл саланы ілгерілетудің басым бағыт екенін үнемі айтып келеді. Сондықтан М.Әшімбаев сенаторлар көтерген мәселені шешу үшін кешенді тәсіл мен жіті назар қажет екенін айтты.

«Президент ауылдық жерлер­дің әлеуетін арттыруға үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет бас­шы­сының сайланғаннан кейінгі ал­ғаш­қы Жарлықтарының бірі ауыл­дық аумақтарды дамыту тұжы­­рым­дамасын бекітуге арналғаны да белгілі. Сенаторлар ауылда сапа­лы инженерлік инфрақұрылым­ның жеткіліксіз екенін, әлеумет­тік нысан­дардың жағдайын, жол мәселелерін көтерді. Тиісті бағдарламаларға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану, төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыру, шекара маңындағы ауылдардың болашағы мен кадр тапшылығы да назардан тыс қалған жоқ. Бәріміз бірлесіп, Президенттің осы салада берген тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеміз деп сенемін», деп М.Әшімбаев Премьер-министрдің орынбасарына алғыс білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Оқиға • Бүгін, 09:21

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Саясат • Бүгін, 09:00

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 09:00

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Президент • Бүгін, 08:55

Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады

Саясат • Бүгін, 08:50

Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?

Экономика • Бүгін, 08:45

Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі

Инфляция • Бүгін, 08:43

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Атқарылған жұмыс аз емес

Саясат • Бүгін, 08:37

Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді

Сұхбат • Бүгін, 08:35

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі

Қоғам • Бүгін, 08:28

«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы

Ғылым • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 09:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары