Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Президент тапсырмасымен әзірленген заң мақұлданды

Президент тапсырмасымен әзірленген заң мақұлданды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқықбұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақ­стан Республикасының Қылмыс­тық кодексіне, Қазақстан Республи­ка­сының Қылмыстық-процес­тік кодексіне және «Қазақстан Респуб­ликасының Әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы» кодексіне өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады.

«Мақұлданған заңдар топтамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конститу­цияның қабылдануына байланыс­ты қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатымен әзірленді. Заңдар аясында тоқтатылатын және жазадан босатылатын істердің санаттары айқындалды. Бірқатар санат бойынша жаза мерзімдері қысқартылады. Әкімшілік рақымшылық ел тарихында алғаш рет жүзеге асырылатынын да ерекше атап өткен жөн. Сенат мақұлдаған заңдар қоғам­да Ата заңның гуманистік әрі про­грессивті құндылықтарын орны­қ­тыру жолындағы маңызды қадам екені анық», деді палата спикері.

Отырыста депутаттар бір­қатар халықара­лық келісімді де рати­фи­кация­ла­ды. Олардың қатарын­да «Мамандан­дырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы кон­венцияға Қазақстан Респуб­ли­касының ескертпесін және мәлім­демесін алып тастау туралы» және «Қазақстан Республика­сының Үкіметі мен Өзбекстан Респуб­ликасының Үкіметі арасын­дағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режімі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар бар. Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңдарды қарап, мақұлдады.

Бұл құжаттар Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның қажетті­ліктеріне бағдарланған орнықты даму, климаттық тұрақтылық, инклю­зивті экономикалық өсу, әлеу­меттік саясат және гумани­тар­лық ынтымақтастық салаларын­дағы бірлескен бағ­дарламаларды іске асыру үшін құқық­тық негіз қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарымен ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтып келеді. Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының бастамасымен осы бағыттағы ұзақмерзімді халықаралық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы. Бұл жұмысқа Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссия да елеулі үлес қосып келеді. Алматы қаласын­да құрылған арнайы орталық аймақ­тағы елдердің орнықты дамуы үшін маңызды. Қабылданған шешімдер өңірлік ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер газбен жабдықтау және электр энергетикасы, цифрландыру және дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу, жануарлар дүниесі, орман, аңшылық және бал арасы шаруашылығы салаларына қатысты заңдар болды.

Соның ішінде «Қазақстан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жаб­дықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көп­пәтерлі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау үшін пайдаланылатын сұйы­тылған мұнай газының бағасын мемлекеттік реттеу, пайдаланылмаған фракцияларды өндірушілерге қайтару арқылы сұйытылған мұнай газын тарату тетіктерін жетілдіру және гидроаккумуляциялық электр стансаларын салу үшін инвестициялар тарту мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар депутаттар қара­ған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға арналған түзетулерді қамтиды.

Отырыс барысында сенаторлар бастамашы болған, машина жасау саласын қолдауға бағытталған заңға баса мән берілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң автомобиль өнеркәсі­бін дамыту, салалық кластерлер құру, арнайы экономикалық мен индустриялық аймақтарды дамыту, сондай-ақ дуальды білім жүйесін жетілдіру жөніндегі маңызды шараларды көздейді.

«Машина жасау және көлік салаларын дамытуға арналған заң отандық машина жасау өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай ықпал етуді көздейді. Енгізілген түзетулер жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасында қалыптасатын «өнеркәсіптік кластерлердің» мәртебесін айқындап, оларды мемлекеттік қолдау шараларын нақтылайды. Құжат отандық өндірушілер үшін тиімді ынталандыру тетіктерін енгізіп, арнайы экономикалық аймақ субъектілеріне қойылатын талаптарды оңтайландырады. Бұл нормалардың барлығы машина жасау саласының дамуына тың серпін береді деп сенеміз», деп, Сенат төрағасы заңға бастамашы болған депутаттарға алғыс білдірді.

Сенат отырысында басқа да заңдар қаралып, мақұлданды. Олардың қатарын­да көлік саласына озық технология­ларды белсенді енгізуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға, жүргізуші­лерді даярлау сапасын арттыруға және ұлттық киберқауіпсіздікті нығайтуға арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифр­ландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бар.

Сенаторлар «Қазақстан Рес­пуб­ликасы­ның кейбір заңна­малық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы», «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды да мақұл­дады. Олар тиісті салалардың қызметін жетілдіруге бағытталған.

Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аңшылық қағидаларын бұзғаны үшін жауап­кершілікті күшейту мақсаты­мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Қылмыс­тық кодексіне және «Қазақстан Рес­публикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қаралып, мақұлданды.

Бұған қоса «Әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы» кодекс қоршаған ортаға эмиссия­лар мониторингінің автомат­тандырылған жүйелерін орнату және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздейтін жаңа баппен толықтырылды. Бұл шара өнеркәсіптік шығарындыларға ашық және үздіксіз бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 08:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары