Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Депутаттар мектеп бітіру кештеріндегі орынсыз салтанатқа тыйым салуды талап етті

Депутаттар мектеп бітіру кештеріндегі орынсыз салтанатқа тыйым салуды талап етті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мәжілісте премиум санаттағы көлік кортеждері мен 1001 раушан гүлі сыйланған мектеп бітіру кештері сынға алынды. Депутаттар мұны "мақтаншақтық парады" және талғамсыздық деп атады. Халық қалаулылары Қазақстандағы мектеп бітіру кештерінде "орынсыз салтанатқа" жол бермеу механизмін енгізуді талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік кортеждері мен алып гүл шоқтары туралы

Қазақстанда мектеп бітіру кештері барған сайын әмиян жарыстыру мен көзбояушылыққа айналып барады. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай жасады.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары мектеп бітіруді мерекелеу өзінің терең "тәрбиелік мәнін" жоғалтқан. Мектеп бітіру кештері орынсыз мақтаншақтық пен жасанды сән-салтанат алаңына айналды.

Мәжілісмен келесідей мысалдарды келтірді:

"Алматыда мектеп бітірушілердің кортежіне байланысты 21 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Маңғыстау облысында түлектердің қымбат көліктермен жүйткіп, әлеуметтік желілерде сән-салтанат көрсеткен бейнежазбалары тарады".

Амантай мектеп бітіру кештеріндегі алып гүл шоқтарын да атап өтіп, мұны оқушылар арасындағы "бәйгеге" теңеді.

"Өкінішке қарай, мұндай бәсекелестік көптеген отбасыға айтарлықтай психологиялық және қаржылық қысым түсіріп жатыр. Кейбір ата-ана баласы қатарластарынан қалмауы үшін несие алуға немесе гүлдер мен сыйлықтарды бөліп төлеуге сатып алуға мәжбүр екенін ашық айтады. Бұл табысы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін оңай емес екені анық", – деп есептейді мәжілісмен.

Сән-салтанатқа тыйым салына ма?

Депутат вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атына жолдаған сауалында мектеп бітіру кештерін өткізудің бірыңғай стандартын әзірлеуді және ысырапшылыққа тыйым салуды ұсынды.

"Соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде шектен тыс сән-салтанатқа, автокортеж бен қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеудің нақты тетіктерін енгізу керек. Мектеп бітіру мәдениетін қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар әзірленсін", – деді мәжілісмен.

Лимузин мінген бүлдіршіндер

Белгілі болғандай, Қазақстандағы пафосты мектеп бітіру кештерінің толқыны тек жоғары сынып оқушыларын емес, мектеп жасына дейінгі балаларды да шарпыған. Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, бүлдіршіндерге арналған мерекелердің ауқымы мен шығыны өскееі соншалық, "той-думан мен шоуға" айналып кеткен.

"Бұл балалар арасында мақтаншақтық, менмендік идеологиясын, талғамсыз сән-салтанатты насихаттап, әлеуметтік шиеленіс пен теңсіздік тудырады", – деді ол.

Депутат әртүрлі өңірден мысалдар келтірді:

20 мамырда Астанада балабақша түлектері үшін ата-аналар қымбат лимузинді жалға алған. Жамбыл облысында балабақшамен қоштасу кеші нағыз той сияқты өтті – бүлдіршіндер үшін автокортеж, мейрамханада банкет және кәсіби әртістердің өнері ұйымдастырылған.

"Әлеуметтік желілерде мектеп бітіру, бастауыш сыныптарды, тіпті балабақшаны аяқтауға қатысты резонанстық фактілер тарап жатыр. Мәселен, 25 мамырда TikTok желісінде Ақтау мен Жаңаөзендегі бірнеше мектептің 11-сынып түлектері салтанатты шара үшін 10 премиум-класс көлігінен тұратын кортеж ұйымдастырғаны туралы видео жарияланды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу деректері де анықталды", – деп кейіді депутат.

Шымкентте 11-сынып бітірушілерінің біріне жасалған сыйлық желіде қызу талқыланды – қызға салтанатты рәсімде 1001 раушан гүлі салынған алып себетті әкеліп берген.

"Мектеп бітіру шараларынан түсірілген бейнематериалдар мәртебе мен қымбат атрибуттарды көрсету трендінің белең алып жатқанын аңғартады. Мұндай контент әлеуметтік желілерде белсенді тарап, шығындардың орындылығы мен шара форматының балалардың жасына сәйкестігі төңірегінде қоғамдық пікірталасқа арқау болып отыр", – деп есептейді мәжілісмен.

Оның пікірінше, бұл мектептердегі тәрбие жұмысы сапасының төмендегенін көрсетеді, өйткені мектепте балаларға үнемшілдік, теңдік, қарапайымдылық және ысырапшылық пен көзбояушылықтан бас тарту құндылықтары егілуі тиіс.

Депутат министр Аида Балаеваның атына жолдаған сауалында ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және "лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуді" ұсынды.

Мән-жайы

Өткен аптада Қазақстанда соңғы қоңырау соғылды. Әлеуметтік желілерде бұл күнді "понт жәрмеңкесі" деп атап кетті. Құны 100–200 мың теңгеге дейін жететін алып раушан гүлдері басты трендке айналды. Тіпті гүл дүкендері мұндай гүл шоқтарын бөліп төлеуге ұсына бастаған.

Видеодан кадрлар

Мерекеден кейін желіде мектеп бітірушілердің қымбат гүл шоқтарын хабарландыру арқылы қайта сатпақ болғаны да талқыланып, көпшіліктің сыны мен келемежіне ұшырады.

Фото: әлеуметтік желілерден

Ал Жаңаөзенде сыныптардың бірі премиум-жолталғамайтын және спорттық көліктерден тұратын кортеж жалдаған. Сондай-ақ әлеуметтік желіде бұл колоннаға тікұшақ ілесіп жүргені туралы видео пайда болды, бірақ бұл нейрожелі көмегімен жасалуы әбден мүмкін.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Мобилограф | Контент продюсер Бекболат | Ақтау Жаңаөзен (@real_beksss) жарияланымы

Видео желіде тез тарап, түлектер мен олардың ата-аналарына қатысты қызу талқылау мен сын толқынын тудырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 13:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары