Доллар бағамы күрт өзгерді: валюта қайтадан арзандай бастады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы да төмендеді. 7 қазанда Қазақстан қор биржасында (KASE) қандай бағам қалыптасқаны - Tengrinews.kz материалында.
KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы 447,14 теңге болып, 5,6 теңгеге арзандады. Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы - 453,65 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы сатып алу – 446,61 теңге; сату – 448,53 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы сатып алу – орташа есеппен 445,00 теңге; сату – 452,00 теңге. Доллар бағамы қалай өзгерді?Қазанның басында KASE-де доллар бағамы күрт өсті. 2 қазанда орташа сараланған курс 447,73 теңге болса, сауда сессиясы кезінде ол 5,47 теңгеге қымбаттады. Ал 5 қазанда доллар тағы 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңгеге жетті.
Бұған дейін сарапшылар доллардың қымбаттауын ең алдымен әлемдік нарықтағы америкалық валютаның нығаюымен түсіндірді. Қаржыгер Андрей Чеботарев АҚШ ФРЖ саясаты мен америкалық облигациялар кірістілігінің артуы әсер еткенін атап өтті.
Экономист Жанат Нұрғалиев валюта ұсынысының азайып, Қазақстан ішінде сұраныстың артқанына назар аударды. Бұл ретте бағамға нарықтың ірі қатысушылары - импорттаушылар, экспорттаушылар және үлкен көлемдегі валютамен жұмыс істейтін компаниялар барынша ықпал етеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















