Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Джелал Чекен: Қазақстанда ғылымға ұмтылыс ерекше

Джелал Чекен: Қазақстанда ғылымға ұмтылыс ерекше

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еліміздегі көптеген жоғары оқу орындары шетелдік таңдаулы университеттермен бірлесіп, ауқымды оқу жобаларын жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. Аталған білім ордасы АҚШ-тың Аризона университетімен ынтымақтастық орнатып, қос дипломдық жобаны бірлесе жүргізуге келісім жасаған. Бізді қызықтырғаны – шетелдік университеттердегі білікті мамандардың елімізге келіп, дәріс оқуы. Олар нені байқады, қандай жобалармен жұмыс істеп жүр деген сауалдар туатыны рас. Сол себепті біз М.Қозыбаев университетінің халықаралық профессоры Джелал Чекенді әңгімеге тарттық.

– Ғылыми зерттеу жұмысыңызды Қазақстанда жалғастыруға не түрткі болды?

– Шынымды айтсам, Қазақстанға алғашқы сапарым кездейсоқ болды. Сол кезде жұмыс орнымдағы біраз қиындыққа қатысты шаршап жүр едім. Осы кезде Қозыбаев университетімен ынтымақтастық туралы ресми хабарландыруды көріп қалдым. Университеттегі әріптестермен байланысып, бір айлық бағдарламаға қосылдым. Осы аралықта уақытым өте мағыналы өтті. Қала да, жұмыс ортасы да тыныш. Шабыттанып еңбек еттім. Оқу орны ректоры мен қызметкерлер қолдау көрсетіп, жылы қабылдады. Әсіресе Қозыбаев университетінің Аризона университетімен бірге жүзеге асырып жатқан қос дипломдық бағдарламасы – жаңашылдық пен халықаралық ынтымақтастыққа бағытталғаны қуантты. Бұл оқу орны тарапынан ғылыми зерттеу­лер мен жобаларды дамытуға ерекше ынталандыру бар екенін де байқадым. Сондай-ақ Қозыбаев университетінің оқу-білім туралы жос­парымен ғылыми және кәсіби мақсатым өте жақын екенін түсіндім. Сөйтіп, проректорлардың бірі маған осында қызметке орналасу туралы ұсыныс жасады. Содан бері осындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, құлшына жұмыс істеп жүрмін.

– Біздің еліміздегі цифрлық инновациялар мен «IoT» зерттеулерінің қазіргі деңгейі қалай?

– Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан барлық зерттеу мен бастамалардан толық хабардармын деп айта алмаймын. Бірақ университет деңгейінде байқағанымды айтамын. Жоғары оқу орнында осы бағытта жұмыс істейтін бірнеше ғылыми топпен бірлескен жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі болды. Қазір мен «IoT» инфрақұрылымын әзірлеу және енгізуге бағытталған жобамен жұмыс істеп жатырмын. Бұл маған зерттеу мен қолданбалы тәжірибенің қатар дамып жатқанын өз көзіммен көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «AlSane» бағдарламасы туралы естідім – бұл өте ауқымды ұлттық бастама.

– Шетелден келген маман ретінде мұнда зерттеу жүргізудің қандай ар­тық­­­шылығын байқадыңыз? Соны­­мен бірге қандай қиындыққа кездес­тіңіз?

 – Зерттеу жүр­гізудің ең үл­кен артық­шы­лы­ғы – тыныш әрі шабыттандыратын орта. Қала өте жайлы, ал университетте рек­тордан бастап әріп­тестер мен қыз­мет­керлерге дейін – барлығы қол­дау көрсетіп, жылы қарсы ала­ды. Ғы­­лыми зерт­теулер мен жобаларды да­мы­туға институ­цио­налдық қол­дау­дың мықты болуы өнімділік пен ынтымақ­тастыққа өте жақсы жағдай жасайды. Ал қиындыққа келсек, шет­елдік зерттеуші ретінде жобалар­да менеджер болу мүмкіндігінің жоқтығы белгілі бір шектеу туғызады. Сондай-ақ кейбір әріптестердің жобалық қаржыландыруға өтініш беруге құлықсыз екенін бай­қадым. Себебі оның барысы күрделі көрінеді. Егер осы әкімшілік кедергілер жеңілдетілсе, зерттеу экожүйесі мен халықаралық ынтымақтастық одан әрі күшейе түсер еді.

– Қазақ студенттерінің ғылымға дайындығы туралы не айтасыз?

– Алдымен айтарым, менің студент­терім оқуға өте ынталы. Кейбіреулері біз өтетін тақырыптарға шын қызығушылық танытады – бұл оқыту мен академиялық жетекшілікті айтарлықтай жеңілдетеді. Бақылағаным, студенттердің шамамен 15 пайызы өз саласында терең маман болуға жоғары қабілетке ие. Тағы 50 пайызы да жақсы әлеует көрсетеді, дұрыс бағыт-бағдар мен ынталандыру болса жеткілікті. Жалпы алғанда, студенттер тәрбиелі, кері байланысқа ашық және белсенді түрде оқыса, жоғары академиялық нәтижелерге жете алатыны сөзсіз.

– Сымсыз желілер мен «IoT» технологияларына қызығушы­лығы­ңыз қалай басталды?

– Мектеп кезінен бері электроника мен бағдарламалауға ерекше қызығушылық таныттым. Бакалавриатты аяқтаған соң, университетте ғылыми ассистент болып жұмыс істедім әрі магистрлік тезисім аясында университеттің электронды оқу жүйесін (LMS) әзірледім. Кейіннен ғылыми жетекшім сымсыз желілер саласының маманы бол­ғандықтан, менің PhD зерттеуім осы бағытқа арналды. Диссертациямда теориялық үлгіні практикалық іске асырумен біріктіріп, төмен деңгейлі бағдарламалау тілін қолдандым. Мен әрдайым зерттеулерімді нақты өмірге қолдануға, шынайы мәселелерді шешуге бағыттауды ұнатамын. Сол жылдары «IoT» жаңа пайда болып жатқан еді – бұл теориялық зерттеулерді физи­калық әлеммен ұштастыруға тамаша мүмкіндік берді. Осылайша, «IoT» саласына қызығушылығым басталды. Содан бері академиялық, өндірістік салаларда көптеген «IoT» жобаларына қатысып келемін.

– Ғылыми жолыңыз өзгеріске толы болған сыңайлы. Біздің елдегі қазіргі зерттеулеріңіз қандай бағытта?

– Зерттеуім негізінен компьютерлік желілер мен бағдарламалық жасақтамаға бағытталды. Магистратурада оқып жүр­генде, университеттің электронды оқу жүйе­сін жасағаным веб-жүйелер мен архитектура құру қабілетімді күшейтті. PhD-де жұмыс істегенде, сымсыз желілердің тиімді байланыс ме­ха­низм­­­­де­рін зерт­­тедім. Уақыт өте келе «IoT» дамыған сайын, сенсорлардан түсетін үлкен мәліметтерді өң­деуге арналған ауқымды веб-архи­тек­туралар, стри­минг, деректерді талдау бағыттарына көңіл бөлдім. Қазіргі жобаларымда осы тәжірибелерімді қол­­данып, «IoT» жүйелері арқылы цифр­лық трансформация шешімдермен тұрақты орта қалыптастыруға қолдану­да­мын. Осы эволюция теориялық білімді нақты, дерекке негізделген шешімдермен біріктіруге жол ашады.

– Біздің ғылыми әлеуетіміз қай дең­гейде деп ойлайсыз?

– Бұл елдегі ғылыми әлеуетті арт­ты­­­руға бағытталған барлық бастама мен стратегияларды толық білмеймін. Бірақ бір байқағаным – университеттер де, мемлекеттік мекемелер де ғылыми деңгейін дамытуға өте ынталы. Әрине, мұндай нәтижеге бірден жету мүмкін емес. Бұл мұқият жоспарлау мен тұрақты еңбекті талап етеді. Жақсы стра­тегия да қажет екені шындық. Оны сапалы біліммен, ынталандырумен, жабдықталған зертханалармен, жеткілікті қаржыландырумен және зерттеушілердің әлеуетін арттырумен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар басқа елдердің табысты тәжірибесін өз жағдайына бейімдеп қолдану да ғылыми нәтижелерді жылдам дамытуға көмектеседі.

Әңгімелескен –

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары