Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл ақмолалық диқандар егістік алқабының көлемін 5,6 млн гектарға жеткізбек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 35,5 мың гектарға көп.

Кейінгі екі жылда өңірде тиімді ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге бағыт алу белсенді жүргізіліп келеді. Былтыр мол өнім алған ақмо­лалық диқандар Жол картасы аясында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыла еңбек етіп жатыр. Бір айта кетерлігі, диқандар майлы дақылдар алқабын ұлғайтуға ниетті. Биыл бұл көлем біршама арта түспек. Өңірде майлы дақылдар алқабы 600 мың гектарға ұлғаяды деп күтілуде.

Өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға ең алдымен мал азығы қажет. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары мал азығына қажетті дақылдарды 377,9 гектарға өсірмекші. Бұл орайда тиянақты жұмысымен көш бастап отырғандар да бар. Астрахан ауданы бұрын 11,6 мың гектарға мал азығын егетін болса, биыл бұл көлемді 42,5 мың гектарға ұлғайтуды жоспарлауда. Дәл осындай ілгерілеу Есіл, Бурабай, Шортанды аудандарында да бар. Керісінше, маңызды мәселеге жете көңіл аудара алмағандар да бар екенін айта кетуге тиістіміз. Мал азығы өсірілетін алқаптарды Ерейментау, Целиноград, Жарқайың аудандары азайтып алып отыр. Демек бұл аудандарда алтын дән өсірумен қатар ақтылы мал басын көбейтуге ыждаһатты көңіл бөлінбейді. Осыған байланысты өңір басшылары мал азығы дақылдарының өсіру көлемін 260 мың гектарға жеткізу қажет деген міндет қойып отыр.

Екінші нан санатындағы картоп өсіру жоспары бірқатар аудандарда қысқарып қалған. Қай уақытта болмасын, картоп дақылына сұраныс мол. Ақмолалықтардың дастарқанындағы ырыздық кемімеуі үшін егістік көлемін қайта қараған жөн болар еді.

Диқандар көктемгі егісте ыжда­һатты дайындалып, ырыздық жолын­дағы ынтымақты үдете түсуде. 1,2 млн гектар алқапта сүдігер жыртылды. Ылғал жабу жұмыстары жалғасуда. Осы істің барлығы – күзгі мол өнімнің кепілі.

Диқандардың үмітін ақтайтын ұмтылысты жан-жақты қарастырып, маңдай термен өсірілген дақылдарды көлденең қырсықтан сақтау мақса­тында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары да жүргізілуде. Нақтырақ айтатын болсақ, 91,1 мың га алқап шегірткеге қарсы өңделсе, италяндық прусқа қарсы 42,1 мың га алқап дәріленді.

– «Көктемнің бір күні жылға азық» деген бірауыз сөздің астарында үлкен мән бар, – дейді Зеренді ауданындағы «Құлан» ауыл шаруашылығы құры­лымының жетекшісі Құлан Болатов. – Кей жылдары дәнді алқапқа ерте сіңіргендер ұтады, енді бірде сәл кештеу еккендердің егіні бітік шығады. Қазір біз топырақтың жылуын тосамыз. Ауа райы құбыл­малы болғандықтан, ерте пісетін бидай сұрыптарын еккеніміз жөн. Сондықтан шағын шаруа қожалықтары белгілі мамандардың, ғалымдардың ұсынысын тосып отыр. Қажетті ақпаратты табу қиын. Егер тілін тапсаң ғана жер жомарт. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істегенімізбен, ас­тық шаруашылығын дамыту үшін ғылыми демеу де қажет. Қазір тәуекелге сүйенгеннен гөрі нақты нәтиже беретін бағыт қажет. Көңіл қуантарлығы, мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болып отырмыз. Онсыз, әрине, шаруашылықты дамыту қиын болар еді. Біздің салада қолбайлаудың бар екені рас. Ол – әлденеше рет айтылып-жазылып, әбден жауыр болған тақырып. Ең бастысы техника тізгіндейтін білікті мамандар жетіспейді. Біз бұл мәселемен көктемгі-күзгі науқандарда жиі жүздесеміз. Алдағы уақытта кәсіби-техникалық білім беретін колледж түлектерін ауылға шақырып, ел ырыз­дығын еселейтін жұмысқа жұмылдырудың төте жолын тапқан дұрыс болар еді.

Бір айта кетерлігі, ауыл шаруа­шылығы құрылымдары мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Қаржы да қомақты. 2026 жылы қолдау көлемі 1 трлн теңгеге жетпекші. 85,5 млрд теңге субсидия қарастырылса, күні бүгінге дейін 63,9%-ы төленді.

Өңірде кәдеге асырылмай жатқан егістік алқаптары да бар. Бос жатқан жер көлемі – 74,4 мың га. Кейбір аудандарда игерілмей жатқан жер көлемі тіптен көп. Мәселен, Ерей­ментау ауданында 77,5 мың га, Біржан сал ауданында 36,5 мың га жер бар. Мұндай көрініс Зеренді, Целиноград аудандарында да орын алып отыр. Осы бір ғана мысалдан жер ресурс­тарын тиімді пайдалану қажеттігі байқалады.

– Біздің Зеренді ауданының топырағы құнарлы екені баршаға белгілі, – дейді «Қошқарбай» жауап­кершілігі шектеулі серіктесті­гінің басшысы Қайыркен Хасенов. – Егістік алқаптарын кеңейтуге ынталы бол­ғанымызбен, жерге байланысты шешілмеген мәселелер ұзақ жылдан бері қордаланып қалған. Осы түйінді мәселе әділ, оңынан шешілетін болса, біз тәрізді шаруашылықтар егістік көлемін мейлінше арттырып, ел ырыздығын еселей түсер едік. Бір кезде ретсіз бөлінген егістік алқаптарын халық қайтара алмай отыр. Біз үшін ең басты мәселе – осы.

Егіншілік мәдениеті дамыған, ұзақ жылдар бойы мол тәжірибе жинақтаған өңір диқандары жоғары өнім кепілі сапалы тұқым екенін жақсы біледі. Көктемгі қарбалас шақта құнарлы жер қойнауына сіңіретін сапалы тұқым мәселесін даңғайыр диқандар қоңыр күзден бастап ойластырған. Өңірде биылғы көктемгі егіске қажетті 539,8 мың тонна тұқым дайындалды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын сапалы тұқыммен қамтамасыз ету бағытында 39 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл тарапта алаңда­тарлық мәселе жоқ. Тұқым жеткілікті.

Топырақ құнарын азайтпай, күтім тілеген алқаптарды минералды тыңайтқыштармен байыту жоспары да қомақты. Биыл өңірдегі егістік алқаптарға 433,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар сіңіріледі. Қазіргі күні келісімшарттар жасалып жатыр.

Көктемгі қауырт маусым бас­тал­ған кезде жанар-жағар май мәселесі туындайды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл тараптағы жұмыс жүйеленген. 76,7 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май босатылады. Науқанға қажетті техниканың 95%-ы әзірлік сапында тұр. Көңілге медет беретін бір жаңалық, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша ауыл шаруа­шылығы құрылымдары өздеріне қажетті техникаларды сатып алып, машина-трактор паркін жыл санап жаңартып келеді.

Ақмола облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Өнер • Бүгін, 09:13

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Туризм • Бүгін, 09:05

Өрт сөндіру техникасымен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Көрме • Бүгін, 09:00

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Туризм • Бүгін, 08:55

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Оқитын ұлттың ойы озық

Пікір • Бүгін, 08:48

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна тынысы сарапталды

Театр • Бүгін, 08:43

Жаңарған музей – жаңғырған тарих

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 09:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары